Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет ТЖД күштердің оқу-жаттығуы Елордалық өрт сөндірушілер Барыс-Аренада өрт сөндіру оқу-жаттығулар өткізді

Елордалық өрт сөндірушілер Барыс-Аренада өрт сөндіру оқу-жаттығулар өткізді

PDF Баспаға жіберу

IMG_3183

2019 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанның хоккейден ұлттық құрамасының матчтарын  өткізу қарсаңында Нұр-Сұлтан қ. ТЖ департаменті өрт қауіпсіздікті сақтау мақсатында  Барыс-Аренада өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.

Сценарий бойынша сахналық бөлікте электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тоңазытқыш қондырғылары өртенді Қызмет көрсету персоналы өрт шығуын көрген соң, өртке қарсы қызметіне хабар беріп, ғимартан адамдарды эвакуациялау жұмыстарын бастайды. Шақыру орнына өрт сөндіру бөлімшелері және қалалның жедел қызметтері жіберіледі. Өрт сөндірілді.

Жаттығу барысында Департамент қызметкерлері мен Барыс-Арена басшылығы төтенше жағйдай туындаған жағдайда өрт сөндіру жүйелерінің жұмысын, жалпы кешеннің және тиісті қызметтердің шартты өртті жою, ғимараттан адамдардың қауіпсіз эвакуациясын қамтамасыз ету дайындығын тексерді. Сонымен қатар Барыс-Арена хабарландыру жүйесі мен техникалық жабдықтауы сыналды.

Барыс-Арена көпфункционалды мұз кешенінің жалпы алаңы 88,277 ш.м. құрайды, эавауация кезінде 1-қабатта 22 шығыс, 2-қабатта 4 шығыс жолдары бар.

 IMG_3122 IMG_3127 IMG_3133 IMG_3136 IMG_3144  IMG_3166 IMG_3170 IMG_3178  IMG_3184 IMG-20190423-WA0010 IMG-20190423-WA0013 IMG-20190423-WA0056

IMG_3153

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД