Елорданың Жасыл белдеуі аумағындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы

Баспаға жіберу

IMG-20190522-WA0004

Жаздың басталуы қарсаңында жүздеген демалушылар табиғат аясына шығады. Алайда адамдардың ұқыпсыздығы мен абайсыздығы өрттің орын алуына әкеліп соғады.

Құрғақ шөптің жануын дер кезінде тоқтатпайтын болсақ, ол өз кезегінде үлкен шығындарға алып келуі мүмкін. Көп жағдайда жану орындарында тұрғын үйлер, құрылыстар болады. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы аумағында құрғақ шөп жануы бойынша 74 шығу тіркелген.  Жанудың жалпы аумағы 17265 га құрады.

22 мамырда елордалық Өрт сөндіру қызметі «Жасыл белдеу» аумағында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін шақырып, орман-дала өрттерін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығуға қала әкімінің орынбасары А.Тұрлыбек, «Есіл» ауданы әкімдігі, ТЖ комитетінің, ТЖД-ның басшылығы қатысты. Спикер болып ҚР ІІМ ТЖК төрағасы генерал-майор В.Беккер және ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник М. Аманбаев сөз сөйледі.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша сөндірілмеген темекі тұқылы салдарынан құрғақ шөптің жануы орын алған, өрт өршіп, орман алқабына қарай бет алады.  Оқиға орнына №2 жоғары шақыру нөмірі бойынша Өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі, 102 қызметі, АМО, «Астана орманы» ЖШС және қаланың коммуналдық қызметі жіберілді. Өрт орнына МИ-171 тікұшағы келеді, оның тік өрт сөндіру жүйесінің көмегімен суды шашу арқылы өртті барлау жүргізіледі.

Өрт шыққан орынға Өрт сөндіру қызметі келіп жетті, штаб ұйымдастырылды. Өрт сөндіру қызметі өрт барлауын жүргізеді және өртті сөндіру үшін лафеттік өрт оқпандарын береді, ал коммуналдық қызмет жұмысшылары «Нұсқаулыққа»  сәйкес суару-жуу машинасы және аспалы өрт сөндіргіш көмегімен өрт аумағын (периметрі бойынша) сөндіру жұмыстарына кіріседі. Өрттің ары қарай таралмауы үшін жерді жырту жұмыстары жүргізіледі. ТЖ орнына өзара әрекеттестіктегі қызметтер келіп жетеді: «Жасыл-Аймақ» РМК, «Зеленстрой» АҚ, «Астана Су Арнасы» МКК. Өрт орнына суару-жуу машинасы арқылы үздіксіз су беру ұйымдастырылады. Өрт сәтті жойылды.

Оқу-жаттығуға  МИ-171 тікұшағы, 18 бірлік техника мен жеке құрамнан   63 адам жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - шартты өртті жою бойынша "Астана-Орманы" ЖШС және Өрт сөндіру қызметінің күштерімен және құралдарымен өзара іс-қимылды пысықтау; өрт сөндіру басшысының және өрт сөндіру жедел штабының іс-қимылдарын пысықтау; өрттерді және басқа да төтенше жағдайларды жою бойынша қала қызметтерімен өзара іс-қимыл нұсқаулықтарын пысықтау.

Тәжірибе көрсеткендей, табиғи өрттің туындау себептері әртүрлі болуы мүмкін:

- отты абайсыз қолдану;

- балалардың отпен ойнауы;

- тұрғын үйлер маңында қоқыс жағу;

- майланған сүрту материалдарының  жануы;

- шыны арқылы күн сәулесінің шағылысу әсері және т.б.

Құрметті елорда тұрғындары және қонақтары!

Табиғат аясына шыққан кезде, сөндірілмеген темекі қалдықтарын, сіріңкелерді лақтырмаңыздар, аң аулауда жанатын материалдардан жасалған оқ тығынын пайдаланбаңыз. Алауды тек топырақ қабатына дейін тазартылған алаңға жағыңыз. Дем алатын жерден кетерде отты сумен сөндіріңіз немесе ошақтың жануы толық тоқтағанға дейін топырақ лақтырыңыз. Шыны ыдысты және сынған шыныны қалдырмаңыз. Басталған өртті сумен және ұзындығы 2 метрге дейінгі жапырақты ағаштардың бұтақтарымен сөндіріңіз немесе топырақ лақтырыңыз.

IMG_4698 IMG_4716 IMG_4734 IMG_4759 IMG_4774 IMG_4802 IMG_4813  IMG-20190522-WA0005

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі