Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет ТЖД күштердің оқу-жаттығуы Елордалық өрт сөндірушілер өрт сөндіру оқу-жаттығуын өткізді

Елордалық өрт сөндірушілер өрт сөндіру оқу-жаттығуын өткізді

PDF Баспаға жіберу

IMG-20190613-WA0045

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Есіл» ауданының ТЖ басқармасы Өрт сөндіру қызметімен бірлесіп «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы аумағында өрт сөндіру оқу-жаттығуын өткізді.
Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес 2 қабаттағы қабырғалық медициналық консолдің қысқа тұйықталуынан түтін өрт хабарлағышының іске қосылуы орын алды. Қызмет көрсетуші персонал автоматты өрт дабылы іске қосылған кезде жануды байқап, өртке қарсы қызметке хабарлайды және адамдарды ғимараттан эвакуациялауға кіріседі.

Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелері мен қаланың шұғыл қызметтері жіберіледі. Өрт сәтті ауыздықталды.
ТЖ департаменті мен орталық басшылығының бірлескен іс-әрекеттері барысында шартты өртті жоюға және ғимараттан адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге тиісті қызметтердің дайындығын тексеру, сондай-ақ «UMC» КҚ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының техникалық жарақтандырылуы мен хабарландыру жүйесіне тестілеу жүргізілді.


 IMG-20190613-WA0042 IMG-20190613-WA0044  IMG-20190613-WA0046 IMG-20190613-WA0059 IMG-20190613-WA0047 IMG-20190613-WA0048 IMG-20190613-WA0049 IMG-20190613-WA0050 IMG-20190613-WA0051 IMG-20190613-WA0052 IMG-20190613-WA0054 IMG-20190613-WA0056 IMG-20190613-WA0057 IMG-20190613-WA0058

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Есіл» ауданы ТЖБ