«Ақмола электр желілерін тарату компаниясы» АҚ өткен оқу-жаттығу

Баспаға жіберу

IMG_3463

Профилактикалық іс-шаралар аясында ағымдағы жылдың 21 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Байқоңыр» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы «А-ЭТК» АҚ әкімшілігімен бірлесіп және «Байқоңыр» ауданы әкімінің қатысуымен тәжірибе жүзінде эвакуациялауды жүргізумен шартты өртті сөндіру бойынша өрт тактикалық сабақ өткізді.

Тактикалық ой бойынша электр өткізгіштерінің қысқа тұйықталуы салдарынан қойма үй-жайынан өрт шығып, жақын тұрған көлік құралына таралады.

Сабақ барысынла шартты түрдегі өрт шыққан кездегі қызметкерлердің іс-қимылы мен эвакуациялауды ұйымдастыруы бағаланды, өрт автоматикасы, ішкі және сыртқы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігіне тексерістер жүргізілді. Құтқару жабдықтарын қолданумен адамдарды құтқару элементтері пысықталды.

Оқу-жаттығу  барысында аудан әкімі Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД гарнизонының озық өрт-техникалық жабдықтарымен танысты.

 IMG_3472 IMG_3482 IMG_3488 IMG_3492 IMG_3498 IMG_3519 IMG_3521

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Байқоңыр» ауданының ТЖБ