Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет ТЖД күштердің оқу-жаттығуы Елордада «Қыс-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Елордада «Қыс-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

PDF Баспаға жіберу

IMG_9405

Нұр-Сұлтан қаласында қысқы кезеңге дайындық шеңберінде 5 және 6 қарашада 2019-2020 ж.ж. қысқы кезеңде халықты және аумақты төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыру бойынша дайындық аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.А.Қизатовтың басшылығымен «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде.

Бүгінгі «Қыс – 2019» оқу-жаттығу 5 оқу орнында өткізілді:

1-оқу кезеңі - авариялық-құтқару құрамаларының сап түзеуі;

2-оқу кезеңі - жылу құбырларындағы аварияны, сондай-ақ электрэнергетикалық желілердегі электр беру желілерінің үзілуін жою. Қатты аяз салдарынан жылу желілерінің апатты өшірілуі орын алды. Туындаған жағдайды жою үшін оқиға орнына «Астана-теплотранзит» авариялық бригадалары жіберілді.

3-оқу кезеңі – зардап шеккендерге арналған жылыту және тамақтану пункттері. Қабылдау пункті құтқарушыларға демалуға, жылынуға және тамақтануға, сондай-ақ «Апаттар медицинасы орталығы» дәрігерлерінің зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жылыту, медициналық көмек көрсету және тамақтану  пункттерінде көмек көрсетудің тұрақты қатысушысы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қызыл Жарты Ай қоғамының филиалы болып табылады.

4-оқу кезеңі - биік ғимараттан өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын жүргізу. Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша ТК-нің 7-қабатында электр сымдары мен кабельдердің тұйықталуы орын алды. Шұғыл түрде шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелері, құтқару бөлімшелері келіп жетеді, олар альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен, автосатыны көтеру, сондай-ақ «Өмір текшесіне» секіру құрылғысын қолдану арқылы  адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізді. Апаттар медицинасы орталығы, 103 қызметі зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті.

5-кезең: Нұр-Сұлтан-Қарағанды автожолында қар басқан автобустан жолаушыларды эвакуациялау және балықшыларды іздеу. Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша 112 құтқару қызметіне Нұр-Сұлтан-Қарағанды рейстік автобусының жолаушыларынан жауын-шашын мен 25 м/сек екпінді желдің салдарынан жолаушылар тобы бар автобус қар құрсауына түскендігі туралы  қоңырау келіп түсті. Төтенше жағдайлар туындаған жерге шұғыл көмек көрсету үшін Департаменттің күштері мен құралдары, құтқару жасағы, 5573 әскери бөлімінің 25 әскери қызметшісі, Трэкол жоғары өтімді автокөліктерімен медициналық бригадасы жіберілді.

Осы күні балықшылардың туысқандарынан мұз астынан балық аулауға шыққан балықшылардың қатты боран салдарынан ауа райының қолайсыздығына тап болғаны туралы қоңырау келіп түсті. Іздестіру үшін құтқарушылар мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері құрамында жедел топ құрылды. Секторлар бойынша бөліне, сондай-ақ кинологиялық есепті және құтқару техникасын қолдана отырып, медициналық бригадаға жеткізілген зардап шеккендер табылды. Оқу-жаттығудың тағы бір кезеңі өрт сөндіру және биік ғимараттан құтқару жұмыстарын жүргізу болды.

«Бүгін біз елорданың жедел әрекет ету қызметтерінің қаншалықты дайын екеніндігіне куә болдық, сондай-ақ оқу-жаттығуда жолаушыларды эвакуациялау, зардап шеккендерге құтқару және медициналық көмек көрсету бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығулары пысықталды. Мен бүгінгі оқу-жаттығу сәтті өтті деп есептеймін, өйткені барлық алға қойған мақсаттарға қол жеткіздік»,-деп Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник М.Т.Аманбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында
атап өтті.

Оқу-жаттығуға барлығы 31 бірлік техника мен жеке құрамнан 126 адам жұмылдырылды.

 IMG_9427 IMG_9440 IMG_9454 IMG-20191105-WA0075 IMG_9456 IMG_9465 IMG_9478 IMG_9480 IMG_9487 IMG_9495 IMG_9509 IMG_9513 IMG-20191105-WA0064 IMG-20191105-WA0071

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД


 
Система Orphus