Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет ТЖД құтқару операциялары Құтқару жұмыстарын жүргізуін орындауға – қалалық құтқару қызметі дайын

Құтқару жұмыстарын жүргізуін орындауға – қалалық құтқару қызметі дайын

PDF Баспаға жіберу

Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйлестіру үшін қалалық азаматтық қорғау қызметімен құтқару жұмыстарын жүргізу ажырамайтын міндет болып саналады.

Осы күні қала Әкімнің шешімімен қаланың 130 нысанды құрылымдар 2224 адам жеке құрамымен және 422 дана құтқару және инженерлік техникалары құрылған.

Үнемі түрде төтенше жағдайдын алдын алу және жою комиссиясы, онда азаматтық қорғау шаралары бойынша коллегиалды шешім қабылдап қызметін атқарады.

Сондай-ақ Астана қаласының ұйымдар, өнеркәсіптік және мекемелердің   табигаттық және техногендік сипаттарға қаупі және болуы мүмкін шараларға азаматтық қорғау қызметінің жоспарлары бекітілуде.

Қаланың бейімделген учаскілері дағдарыс карталары құрастырылып, авариялық-құтқару және күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін жедел топтар құрылады, олар 14 күнге арналған азық түлікпен және жанар-жағармай материалдарымен толығымен қамтылған.

2017 жылы 19 және 20 ақпанда елордалық құтқарушылармен Ақмола облысының Қабанбай батыр және Р. Қошқарбаев және Сарыкөл  ауылдарынан 108 адам, оның ішінде 14 бала, 3 жүкті әйел және емізулі бала қалаға қауіпсіз жерге көшірілді және жеткізілді. Қарлы бораннан 6 дана автокөлік шығарылды.

Қала қызметтері, сонымен қатар қаланың жедел әрекет ету жиынтық отряды өздерінің кәсіби дайындығын Республикалық командалық-штабтық жаттығуларда үйренуін пысықтайды.

Қаланың тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында бөлек оқұ-жаттығұлар өткізілуде. Атап айтсақ 7 қарашада ЖЭЦ-1 нысанында «Астана - Теплотранзит», «Астана РЭК» апат бригадаларын жұмылдырып және «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 3 МӨБ бөлімшенің АПМ автокөлігімен бөлек жаттығу өткізілді.  Жаттығу орнында жылу беру трассасында, электр беру желісі және қосалқы трубаларды жібіту іс-қимылдары жүргізілді.

Сонымен қатар қыс мерзімінде зардап шеккендерге қала аумағы бойынша 8 нысанда жылыту пүнктері қарастырылып содан ары 2 қоңақ үйлерге және 1 жатаханаға орналастыру көзделген. Сондай-ақ қосымша керек болған кезде 73 эвакуациялау жинақ пүнктері жазылады.

Жалпы алғанда ТЖ кезінде жедел жұмылдыру үшін азаматтық қорғау қызметі тез арада табиғаттық төтенше жағдайды жоюға және қойылған тапсырмаларды орындауға дайын.

Департаменттің Төтенше жағдайларды жою бөлімі


 
Система Orphus