Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Өртке қарсы қызмет

Өртке қарсы қызмет

2018 жылдың 1 тоқсанындағы Астана қаласының өрт қауіпсіздігі жай-күйіне талдауы

PDF Баспаға жіберу

Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде Астана қаласы аумағында 181 өрт оқиғасы орын алды, алдыңғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (203) 10,8% азайған. Өрт салдарынан 3 адам қаза болды  (2017 ж. 1 адам), қаза болғандардың саны  2 есеге артты. Өрт салдарынан келген материалдық шығын көлемі 5 млн. теңгені құрады (72,5% азайды) (2017 ж.- 18 млн. 185 мың теңге).


Алматы және Есіл аудандарында өрттер санының азайғаны байқалса, Сарыарқа ауданында өрт саны артқан (7,2% артып отыр).

 


Өрттерді нысандар бойынша бөлгенде өндірістік нысандарда (-12,5%), құрылыс нысандарында (-20 %), қойма ғимараттарында (-100%), тұрғын секторда (-29,3 %) азайғандығы байқалады. Балалар нысандарында, монша-тазалау кешендерінде өрт бойынша тұрақтылық байқалады.

Сонымен қатар бірқатар нысандарда өрттер саны артқан. Емдеу мекемелерінде (1 өртке артып отыр) көлік құралдарында (17,3%).


р/н

Өрттердің нысандары

2018ж.

2017ж.

% ӨГ

Жалпы санынан %

Өндірістік ғимараттар

5

5

-

тұрақты

Сауда кәсіпорындары

14

16

-2

-12,5%

Қойма орындары

2

-

+2

+ 2 есе

Білім беру обектілері

-

-

-

-

Балалар мекемелері

1

1

-

тұрақты

Мәдени-көрініс мекемелері

-

-

-

-

Спорт-көрініс мекемелері

-

-

-

-

Емдеу-профилактикалық мекемесі

1

-

+1

+100%

Монша-тазалау кешендері

3

3

-

тұрақты

Әкімшілік-қоғамдық ғимараттар

7

6

+1

+16,6%

Салынып жатқан обектілер

8

10

-2

-20%

Көлік құралдар

54

46

+8

+17,3%

Тұрғын үй секторлары

82

116

-34

-29,3%

Басқа да ашық аумақтар (ашық жерлер, жолжиегтері, көшелер мен т.б.)

4


+4

+100%


Барлығы

181

203

-30

+17,3%


Бақылауға алынған нысандарда орын алған өрттер саны

 

Барлық аудандарда өрт санының 48,4% артуы тіркелген.



р/н

Өрттердің шығу себептері

2017 ж.

2016 ж.

% ӨГ

жалпысанынан %

1.

Қасақана өрт қою

2

3

-1

-33,3%

2.

Технологиялық процесстердің бұзылуы, өндірістік құралдардың істен шығуы

-

-

-

-

3.

Электр құралдарын жөндеу және техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуы

98

101

-3

-2,9%

4.

Тұрмыстық электр аспаптарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы

6

1

+5

5 есе

5.

Пештерді пайдаланғанда ӨҚЕ бұзылуы

55

50

+5

+10%

6.

Өндірістегі дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстарда ӨҚЕ бұзылуы

2

5

-3

-60%

7.

Тұрмыстағы газ қондырғыларын пайдалануда ӨҚЕ бұзылуы

3

3

-

тұрақты

8.

Отты абайсыз пайдалану (темекі тартқанда, ашық жалында)

13

39

-26

-66,6%

9.

Балалардың отпен ойнауы

1

-

+1

+1

10.

Заттар мен материалдардың өздігінен тұтануы

-

1

-1

- 100%

11.

Жарылыстар

-

-

-

-

12.

Басқа да өрттердің себептері (көлік құралдарындағы жалынды сөндіретін құрылғылардың жоқтығы, жанармай құбырларының бұзылуы, ЖКО салдарынан)

1

-

+1

+100%

13

Барлығы

181

203

-22

-10,8%

Толығырақ...

 

2018 жылдың 1 тоқсанында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге талдау

PDF Баспаға жіберу

2018 жылдың есептік кезеңінде инженерлік құраммен 350 нысанға өрт-техникалық тексеру жүргізілді, алдыңғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,5 есе көп (2017 жылы-241).



Тексерілген нысандар саны



 

Аталған жылдың 1 тоқсаны бойынша барлық аудандық ТЖБ, тексеріс санының артуы байқалады. Осылайша, Алматы ауданы ТЖБ 2017 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда тексерістер саны 2 есеге артып 156 құрады (78). Сарыарқа ауданы ТЖБ 127 тексеріс жүргізілді, өз кезегінде алдыңғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 42,7 % артық (89). Тексеріс санынның аздаған артуы Есіл аудандық ТЖБ байқалады - 8,1 %, ағымдағы жылы 67 тексеріс жүргізілді (62).



Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша

жүргізілген тексерістер саны



2017 жылғы өрт қауіпсіздігі саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізу кестесіне 870 нысан енгізілді. Оның ішінде 287 нысанға өрт-техникалық тексерісі жүргізілд.

1 жарты жылдық тексеріс кестесінің орындалу көрсеткіші 33% құрады.


Басқармалар бөлінісіндегі ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексерулер саны

 


Есептік кезеңде ӨҚСБжПҚБ тексерістер бойынша 1 тұлға, Сарыарқа ауданы ТЖБ 61 тұлға (28 өрт бойынша және 33 тексеріс бойынша), Алматы ауданы ТЖБ 96 тұлға (16 өрт бойынша және 80 тексеріс бойынша), Есіл ауданы ТЖБ 23 тұлға (9 өрт бойынша және 14 тексеріс бойынша) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.



Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны

(тексеріс жүргізу және өрттербойынша)

 


Ағымдағы жылдың басынан Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа ҚР ӘҚБтК 462 бабы 3 тармағы бойынша 12 іс жолданды. МАӘС шешімімен 5 тұлға жалпы соммасы 1 млн. 899 мың 950 теңге көлемінде айыппұл есебінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өрттердің алдыналу мақсатында Астана қаласының ТЖД қызметкерлерімен БАҚ арқылы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпараттандыру және халықты оқыту бойынша жұмыстар атқарылуда. Өртке қарсы тақырыпта хабарламалар, ақпараттар мен бейнематериалдар жарияланылуда. Ағымдағы кезеңде 693 материал орналастырылды, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіш 1,3 есе артық (554 сөз сөйлеу). Жарияланған материалдардың жалпы санынан баспасөзге 59 мақала жарияланды, алдыңғы жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш өзгертілмей қалды (2017 жылы – 59 мақала). Телеарналарда  өртке қарсы тақырыпта 12 бейне материал көрсетілді,алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2-ге артқан (10 материал). Радиодан 622 сөз сөйленді, алдыңғы жылмен салыстырғанда 28,2 % артқан (алдыңғы жылы 485 сөз сөйленген).


Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйленді


 


Инспекторлармен аулаларды аралау жұмыстары жүргізілуде, аулаларды аралау барысында 11521 тұрғын үй қамтылды, өз кезеңінде 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (10227 үй) 24,2% артық. Аралау жүргізу кезінде 14300 адам қамтылды, алдыңғы жылмен салыстырғанда 39,8% артық. (2017 ж.-10227).

Толығырақ...

 

2016 жылдың 4 тоқсанындағы Астана қаласының өрт қауіпсіздігі жай-күйіне талдауы

PDF Баспаға жіберу

2017 жылы Астана қаласы аумағында 699 өрт оқиғасы орын алды, алдыңғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (811) 13,8% азайған. Өрт салдарынан 11 адам қаза болды  (2016ж. 19 адам), қаза болғандардың саны 42,1% азайған. Өрт салдарынан келген материалдық шығын көлемі 64 млн. 387 мың теңгені құрады (3,7 есеге артқан) (2016 ж.- 17 млн. 50 мың теңге).

Барлық аудандарда өрттер санының азайғаны байқалады.

Толығырақ...

 

2017жылдың 4 тоқсанында өртқауіпсіздігі Саласындағы мемлекеттікбақылаудыжүзегеасыруды қамтамасыз етуге талдау

PDF Баспаға жіберу

2017 жылдыңесептік кезеңіндеинженерлікқұраммен 1330 нысанға өрт-техникалық тексеру жүргізілді, алдыңғы жылдың осы уақытыменсалыстырғанда 9,1%аз (2016 жылы-1463).

Тексерілген нысандар саны

 

Тәуекелдәрежесінбағалаунегізіндеерекшетәртіпбойынша

жүргізілгентексерулердің саны

 


2017 жылғы өрт қауіпсіздігі саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізу кестесіне875 нысан енгізілді. Оның ішінде 709 нысанға өрт-техникалық тексеріс жүргізілді, 166 нысан тексерілмей қалды.

Ерекшетәртіпбойыншажүргізілгентексерулердің саны басқармаларбөлінісінде

 


Есептік кезеңде ӨҚСБжПҚБ тексерістер бойынша 47 тұлға, Сарыарқа ауданы ТЖБ 256 тұлға (71 өрт бойынша және 185 тексеріс бойынша), Алматы ауданы ТЖБ 256 тұлға (70 өрт бойынша және 186 тексеріс бойынша), Есіл ауданы ТЖБ 157тұлға (40 өрт бойынша және 117 тексеріс бойынша) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Әкімшілікжауапкершіліккетартылғантұлғалардың саны

 

Өрттердіңалдыналумақсатында Астана қаласының ТЖД қызметкерлерімен БАҚ арқылыөртқауіпсіздігішараларытуралыақпараттандыружәнехалықтыоқытубойыншажұмыстаратқарылуда. Өрткеқарсытақырыптахабарламалар, ақпараттар мен бейнематериалдаржарияланылуда. Ағымдағы кезеңде 3441 материал орналастырылды, 2016жылдың осы кезеңіменсалыстырғандағы көрсеткіштен 29,3%артық(2661 сөз сөйлеу). Жарияланғанматериалдардыңжалпысанынанбаспасөзге272мақалажарияланды(2016жылы – 260 мақала). Телеарналарда  өрткеқарсытақырыпта50бейне материал көрсетілді,алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда22%артқан (41 материал). Радиодан3119сөзсөйленді, алдыңғы жылмен салыстырғанда32,2%артқан (алдыңғыжылы2360сөзсөйленген).

Бұқаралықақпаратқұралдарындажариялау

 



Инспекторларменаулалардыаралаужұмыстарыжүргізілуде, аулалардыаралау барысында 57953 тұрғынүйқамтылды, өзкезеңінде 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда(49081 үй)18,1% артық.Аралау жүргізу кезінде 63298 адам қамтылды, алдыңғы жылмен салыстырғанда 27,4% артық.(2016 ж.-49681).

Толығырақ...

 

«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

PDF Баспаға жіберу

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 62-63, 577-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамдарды, мүлікті, қоғам мен мемлекетті өрттен қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.»;

47-тармақ алып тасталсын;

50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Жеке тұрғын үйлерде осы Қағидалардың 143-147-тармақтарының талаптарына сәйкес құрғақ ыстық монша (сауна) үй-жайларын орнатуға жол берiледi.»;

Толығырақ...

 

2017 жылдың 2 тоқсанында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге талдау

PDF Баспаға жіберу

2017 жылдың есептік кезеңінде инженерлік құраммен 626 нысанға өрт-техникалық тексеру жүргізілді, алдыңғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,9% аз (2016 жылы - 638).

Тексерілген нысандар саны

Толығырақ...

 

Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы

PDF Баспаға жіберу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 240 бұйрығы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 мамырда № 15099 болып тіркелді

"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Толығырақ...

 

2017 жылғы 1-жартыжылдық Астана қаласының өрт қауіпсіздігі жай-күйіне талдауы

PDF Баспаға жіберу

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде Астана қаласы аумағында 203 өрт болды, алдыңғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда (173) 17,3% аз. Өртте 1 адам қаза болды  (2016ж. 6 адам), қаза болғандардың саны 83,3% азайған. Өрт салдарынан келген материалдық шығын 18 млн. 185 мың теңгені (64,5% артық) (2016 ж.- 11 млн. 50 мың теңге) құрады.

Толығырақ...

 

2017 жылдың 1 тоқсанында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге талдау

PDF Баспаға жіберу

2017 жылдың есептік кезеңінде инженерлік құраммен 241 нысанға өрт-техникалық тексеру жүргізілді, алдыңғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 16,9% көп (2016 жылы - 206).

Толығырақ...

 

2016 жылғы 1-жартыжылдық өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету талдауы

PDF Баспаға жіберу

2016 жылдың есепті кезеңінде инженерлік құраммен 638 обектіде өрт-техникалық тексеру жүргізді, былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,2 есе көп (2015 жылы-293)

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus