Жедел телефондар
Жаңалықтарға жазылу
Авторлану
Пайдаланушыларды есепке алу
![]() | Бүгін | 11657 |
![]() | Кеше | 12109 |
![]() | Барлығы | 10717429 |
Астана қаласының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ техникамен жабдықтау |
![]() |
![]() |
Астаналық департаментте болуы мүмкін ТЖ орнынан тікелей тиімді және жедел басқару үшін Камаз-43118 базасында байланыс құралдары мен командалық-штабтық ақпартанумен жабдықталған, олар: қуаттау мүмкіндігі бар аккумуляторлы батареямен УКВ мобильді және тасымалды радиостанциялармен, «Турайа» спутникті байланысымен, 4 нөмірге дейін қалалық телефон байланысымен, Интернетке шығатын және электронды пошта жіберу (баяндама,ақпарат, фото материалдар және т.б.) мүмкіндігі бар қосылғанноутбукпен, КАҚ бар (принтер, ксерокс, сканер), автономдық электро қорегінің екі түрімен қамтылған, 1000 Ваттқа дейін және жағар май электро генераторының 5000 Ваттқа дейін қажет кезде аккумуляторлы батареядан түрлендіргіш көмегімен (с 12 Вт на 220 Вт) жабдықталған.
Жаңа техника – астананың қарқынды өсуін ескеретін болсақ, Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімдерін материалдық-техникалық жабдықтау оның дамуына қосқан қомақты үлес болып табылады. Осы мақсатта көп қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіруге, адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, ТЖ орнына жедел түрде жетуге мүмкіндік беретін заманауи автомобильдер сатып алынды.
Негізгі автомобиль АБР-0,5-0,4 Фольксваген (Crafter-50): АБР көп қабатты үйлердегі өрттерді сөндіру кезінде қолданған қолайлы, себебі оның қажетті габариттік көлемі аулалар автокөліктерге толы болған кезде қажетті подъезге тікелей өтуге мүмкіндік береді. Шығарылатын орауыштағы ұзындығы 90 метрді құрайтын тұтас жеңнің болуы жауынгерлік қанат жаю мен бірінші оқпанды беру уақытын қысқартады. Су шығыны 0,4 л/с құрайтын жоғары қысымды оқпанды пайдалану сөндіру тиімділігін арттырып, суды артық төгіп пайдалануды төмендетеді. Бұл өз ретінде ғимараттардың жоғары қабаттарындағы өрттерді сөндіру кезіндегі материалдық шығындардың болуын қысқартады. Тасымалы генераторы бар авариялық-құтқару жабдықтардың және прожектордың болуы өрт орнына авариялық-құтқару автомобилін шақыру қажеттігін тудырмайды; сондай-ақ қысымды ауадағы аппараттар (ҚАА) және «Holmatro» үлгісіндегі гидравликалық авариялық-құтқару жабдықтары кешені орналастырылған; «Витязь УПТ» өрт сөндірудің аспалы жүйесі +5бастап +60 С дейінгіауа температурасында жұмыс істеуге арналған, алайда тыныс алуға жарамсыз ортада қолдануға арналмаған. Негізгі автомобиль АБР 1,0-0,4 «Исузу»: кіші көлемді, икемді, қалалық жағдайда пайдалануға ыңғайлы, ӨТЖ орналастыруға ыңғайлы, медициналық, өрмелеуге арналған жабдықтар мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған «Holmatro»құрал-жабдығы, су шығыны көп емес 1 л/с құрайтын, шашыраңқы, бағытты су қысымын беруге арналған жоғары қысымды «Лименс» сорғысы орнатылған.
Құрылғы: генераторы бар күштік электро қондырғыдан, жүк көтергіш краннан, жүк шығырдан, телескопиялық діңгектен, жылжымалы табандықтағы құтқару және басқа да жабдықтарды орнатуға болатын шанақтан, кранның жұмысын және діңгектің жылжуын (қозғалуын) қамтамасыз ететін сужетекп жабдықталған.
ПИРО 4 -МПЗ негізгі автокөлік- көп мақсатты өрт сөндіру автокөлігі АПМ 3-2/40-1,38/100-100(43118) үлгісі: өрт орнына өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік есебін, жөндеу және авариялық-құтқару жұмыстарының құрал-жабдықтарын, жарақтандыру құралдарын, ӨТЖ және өрт сөндіргіш қорларын жеткізуге арналған. Оңды жақтары- судың аз шығыны, жинақты және бағытты ағыстағы өрттерді сөндіру, қысқы уақытта теріс -500С қысым жағдайларында қысымды-белсенді судың ағысы, жабық көлемдерде жарылысқа қауіпті газ шоғырларының азаюы, уақытша және объектілерді авариялық жылумен қамтамасыз ету, түтінді, буды, аэрозольді, КӘУЕЗ қоршау, өрт сөндіру гидрантын, технологиялық жабдықтарды және техниканы жылыту болып табылады. IvecoМagirus32L-AS өрт сөндіру автосатысы - механикаландырылған стационарлы жылжымалы және бұрылыс сатысы бар автокөлік өрт орнына жауынгерлік есепті және өрт сөндірушілерді, техникалық жарақтарды жеткізуге, арнайы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және өрт сһөндіруші құралдарды биіктікке беруге арналған. Бөлшектелген бөлігі бар автосатының негізгі артықшылығы тығыз қалалық құрылыс жағдайында жұмыс, жолға тікелей қолжетімділігі жоқ мансардасы бар терезелер, құламасы бар төбе, шатыр. |