Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Өртке қарсы қызмет Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Астана қаласының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел-қызметтік іс-қимылының негізгі нәтижелері

Астана қаласының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел-қызметтік іс-қимылының негізгі нәтижелері

PDF Баспаға жіберу

2017 жылғы І жартыжылдықта Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері  2017 жылғы І жартыжылдықта  1696 (1474+15%) рет жедел шығу жасалды, ол 2016 жылмен салыстырғанда 15%-ға артқан. Гарнизонның аумағында өрттер -387 рет (345+12,5%), гарнизонның сыртында 44 рет (16+2,7%) орын алды, авариялық-құтқару жұмыстарына 65 шығу жасалды (70,7,1%), өрт ретінде есепке жатпайтын жану жағдайлары -1051 рет (929,+13%), жану фактісі расталмағандар-143( 108, +34,4%), жалған шақыртулар-6. Кезекші қарауылдар жеке құрамының өрт сөндіруі кезінде 47 адам құтқарылды (56-16р), эвакуацияланғандар саны- 559 (654-14,5%),қаза болғандар -0 (9,0), жарақат алғандар -0 (21,0%).

Қураған шөптер: шығулар саны -178, жану аумағы-540155ш.м, техника саны- 222, ж/қ -1133.

Қамыс: шығулар саны-27, жану аумағы – 83751 ш.м, техника саны -43, ж/қ-221.

Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»ММ  газтүтіннен қорғау қызметі Германия өндіріп шығарған «Драгер» фирмасының қысымды ауадағы аппараттармен жабдықталған, саны бойынша:

-         Көтеруші құрылмалар- 260 бірлік;

-         Понарамды маскалар- 859 бірлік;

-         Үйлесімді және болат баллондар -654 бірлік

Келесі түрлері бойынша:

-       PA-94+Basic - 231 бірлік;

-       PSS 5000 - 25 бірлік;

-       PSS 3000 - 4 бірлік.

Сондай-ақ, 2016 жылғы желтоқсан айында жараққа саны 25 дана «MSA AirElite 4h» маркалы төрт сағатық қорғаныс әсері бар аппараттар келіп түсті. Оған қоса жинақтың ішіне 25 жаттық картрижддері мен  қақпақтар, сондай-ақ 50 жауынгерлік канистр бар. Аппараттар: 1-КДМ, 10 данасы-16-МӨСБ (жауынгерлік картридждерімен бірге), 14 данасы -5-МӨСБ-ге берілді. 25 адам оқытылды және тиісті сертификаттарын алды.

Бүгінгі күні гарнизонда  ҚАА жұмыс істеуге шамамен 702 қызметкерге рұқсат берілген.

Есептік кезеңде күрделі өрттер болған жоқ.

КДМ:

2017 жылғы өткен мерзімге жасақтау жоспар-кестесіне сәйкес 223 қызметкер оқытудан өтті (2016 ж-132), оның ішінде алғашқы дайындық санаты бойынша 92 қызметкер (2016 ж-61), қайта даярлау-45 қызметкер (2016 ж-45), біліктілікті арттыру- 86 (2016 ж-26).

КҚЖБО Есептік кезеңде қалалық және Республикалық маңызы бар іс-шараларды һөткізу орындарында өрт сөндіру техникаларының көрсетілімен 315 кезекшілік ұйымдастырылды.

2017 жылғы І жартыжылдық «112» телефон желісіне 326260 хабарлама (2016 ж-202503 61,1% артқан) және «101» телефон желісіне  32696 (2016ж. -37534, 12,8 % төмендеген) қабылданды.

Жыл басынан дабылдың іске қосылу журналында 124 қауіп хабарламалары тіркелген, соның ішінде 7 іске қосылу өртке қарыс қызметтің шығуымен жүзеге асырылды.

Гарнизонда өрт сөндіру бөлімшелерінің шығу аудандары бойынша БББ-де тұрған 812 өрт сөндірудің жедел карточкалары бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артқан, оның ішінде, «Алматы» ауданы-397, 48% құрайды, Сарыарқа ауданы бойынша – 253, 31%-ды құрайды, «Есіл» ауданы бойынша -162, ол 19%-ды құрайды.

Бүгінгі күнде Астана қаласында 383 қабаттылығы жоғары ғимараттар бар, оның ішінде : «Алматы» ауданы бойынша- 175 объект, «Сарыарқа» ауданы бойынша 113 объект, «Есіл» ауданы бойынша -95 объект.

ТЕХНИКА БОЙЫНША:

Бүгінгі күнде Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жарағында 134 бірлік техника, оның ішінде 60 бірлік негізгі, 24 арнайы және 50 бірлік көмекші негіздегі автокөлік бар. Жабдықталу пайызы 40% құрайды (326 тиісті бірліктен).

КЖБ:

Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ штаттық саны-1530, оның ішінде орта және аға басшылық құрам- 348, қатардағы және кіші басшылық құрам 1151 бірлік, ерікті жалданушылар-31 бірлік.

ӘЖЖБ:

Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта ММ қызметкерлері ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті өткізетін террорға қарсы іс-шаралар бойынша біріккен жаттығуларға 4 рет қатысты, сондай-ақ 112 рет Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметі «Балхаш» штабына кезекшілікке түскен.

ҚҚБ:

2017 жылғы І жартыжылдық бойынша Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жалпы құжатайналымы – 8658 құжатты құрады.

Кіріс- 1941, оның шініде ТЖД келген-1268, басқа ұйымдардан -673. Барлық кіріс құжаттамадан «ҚБПҮ» белгісін -61, «ҚБПҮ» белгісі бар ішкі құжаттар саны-110, жеке және заңды тұлғалардың өтініш – 50.

Шығыс -1911, оның ішінде Астана қ. ТЖД жолданған құжаттар саны- 1100, басқа да ұйымдарға жолданған құжаттар саны-811, Барлық шығыс құжаттардың ішінде 35 құжатта «ҚБПҮ» белігісі бар.

Баянаттар -2811, ішкі қызметтік хат алмасу-800, телефонхат-354.

СПОРТ:

2017 жылғы 23-24 ақпанда Астана қаласының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ  «Құтқарушы» спорт кешенінің базасында ХХV ерлер, ІІІ әйелдер, ІІ жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы қысқы Чемпионаты өтті. Жарысқа 5 әйелдер, 19 ерлер және 12 жасөспірімдер құрама командасы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында І орынды Шығыс Қазақстан облысы, ІІ орынды Астана қаласы, ІІІ орынды Алматы облысы алса, әйелдер арасында І орынды Астана қаласы жеңіп алды, жасөспірімдер арасында Астана қаласының командасы жалпы командалық есепте төртінші орынға ие болды.

ерлер арасында жаттығу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысы бойынша шығу  жеке біріншілігінде бірінші орынға ие болып және 13,42 сек. нәтижесімен Қазақстан Республикасы рекордын жаңартқан Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ ӨС және АҚЖҰБ КДБ инструкторы азаматтық қорғау капитаны Жасұлан Намазбайұлы Қайсарбеков.  Сондай-ақ осы Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 16-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Николай Буторин жарыста екінші орынға ие болып және қоссайыс бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.


 
Система Orphus