Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Өртке қарсы қызмет Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ газ түтіннен қорғау қызметінің жабдықталуы.

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ газ түтіннен қорғау қызметінің жабдықталуы.

PDF Баспаға жіберу

Астана қ. ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ газтүтіннен қорғау қызметі «ҚР ІІМ ТЖК  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының газтүтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру бойынша нұсқаулар»

2017 жылғы 1 жартыжылдық бойынша газтүтіннен қорғаушылар 101 өртті сөндіруге қатысқан. Бұл ретте, ГТҚҚ 1 буыны жалпы 21 сағат 32 минут (1292 минут) мерзімімен 77 рет, 2 және одан аса ГТҚҚ буыны жалпы 22 сағат   2 минут (1322 минут) мерзіммен 24 рет жұмылдырылды. Осылайша, ГТҚҚ буындары 438 адамды эвакуацияласа, оның ішінде 107 бала. 57 адам құтқарылды, оның ішінде 20 бала.

2016 жылғы осыған ұқсас мерзіммен салыстырғанда:

-         ГТҚҚ буындарының қатысумен өрттердің жалпы саны 4%-ға  төмендеді.

-        ГТҚҚ 1 буынның қатысуымен болған өрт сөндірулер өткен жылмен салыстырғанда 6,5 %-ға артқан, тыныс алуға жарамсыз ортадағы жұмыстар уақыты 4%-ға төмендеген.

-  ГТҚҚ 2 және одан көп буындардың қатысуымен өрт сөндіру 27% төмендеген, тыныс алуға жарамсыз ортадағы жұмыстар уақыты 30%-ға артқан.

Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ газтүтіннен қорғау қызметі Германия өндіріп шығарған «Драгер» фирмасының қысымды ауадағы аппараттармен жабдықталған, саны бойынша:

-         Көтеруші құрылмалар- 260 бірлік;

-         Понарамды маскалар- 859 бірлік;

-         Үйлесімді және болат баллондар -654 бірлік

Келесі түрлері бойынша:

-       PA-94+Basic - 231 бірлік;

-       PSS 5000 - 25 бірлік;

-       PSS 3000 - 4 бірлік.

Сондай-ақ, 2016 жылғы желтоқсан айында жараққа саны 25 дана «MSA AirElite 4h» маркалы төрт сағатық қорғаныс әсері бар аппараттар келіп түсті. Оған қоса жинақтың ішіне 25 жаттығу картрижддері мен  қақпақтар, сондай-ақ 50 жауынгерлік канистр бар.

Сонымен қатар, күнделікті кезекшілікке түсетін газтүтіннен қорғаушылардың (80 адамға жуық) жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саны 153 бірлік қозғалмайтын жағдайдағы дабыл қаққыштар бар.

Өрт сөндіру қызметінің жарағында 1-ӨСБ, 5-МӨСБ аумағында орналасқан 2 (екі) ГТҚҚ бар және 2-МӨСБ, 16-МӨСБ, 9-ӨСБ орналасқан  3 (үш) бақылау бекеттері  бар.

1-ӨСБ ГТҚҚ базасы  тыныс алу аппараттарын тексеру және диагностикалау үшін тесторлармен, ҚАА (негізгі және қор үшін) баллондарын  толтыру үшін MV-7.5H маркалы стационарлық компрессорлармен, баллондарды тексеру және сынау үшін HTG-500 зерттеу стендімен, 30 бірлік қордағы баллондармен бірге ГТҚҚ (газель) автокқөлігімен жасақталған.

5-МӨСБ ГТҚҚ базасы тыныс алу аппараттарын тексеру және диагностикалау үшін тесторлармен, «BAUER kompressoren» ( негізгі –verticus 5-KAP 450S, қордағы-KAP 500) фирмасының ҚАА баллондарын толтыру үшін стационарлық әуе компрессорларымен, өрт орнына 40 қор баллондарын, қысымды ауадағы 6 бірлік тыныс алу аппараттарын, жалпы 74 минут қорғағыш әсері бар PSS5000 екі баллонын шығарылуын, сондай-ақ саны 10 бірлік «MSA AirElite 4h» маркасының жауынгерлік картриждарымен қуаттандырылған төрт сағаттық қорғағыш әсері бар аппараттар жасақталған.

№2, №3 тексерісін, сондай-ақ баллондарды ауыстыру өткізу үшін, өрт сөндіру қызметінде мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілерді қорғау бойынша жасағының 9-ӨСБ –де ГТҚҚ бақылау бекеті қарастырылған. ГТҚҚ бақылау бекеті 1 тестор, 16 резевтік баллондарымен жасақталған.

16-МӨСБ-дегі бақылау бекеті Астана қаласының сол жағалауында орналасқан өрт сөндіру бөлімшелеріне қызмет көрсетеді (16-МӨСБ, 3-МӨСБ,              7-ӨСБ).  ГТҚҚ бақылау бекеті  тексеру үшін 2 тестер жасақталған, 70 қордағы баллондармен, сондай-ақ  саны 10 бірлік «MSA AirElite 4h» жауынгерлік картридждармен қуатталған төрт сағаттық қорғау әсері бар аппараттармен жасақталған.

2-МӨСБ-дегі бақылау бекеті  Астана қаласының келесі өрт сөндіру бөлімшелеріне қызмет көрсетеді (6-ӨСБ, 8-ӨСБ, 2-МӨСБ).  ГТҚҚ бақылау бекеті 1 тестер және 42 қор баллондарымен жасақталған.

Бүгінгі күнде гарнизонда ҚАА жұмыс істеуге шамамен 702 қызметкердің қолжетімділігі бар.


 
Система Orphus