Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Өртке қарсы қызмет Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 2017-2018 ж.ж. 1 тоқсан бойынша өткізілген авариялық-құтқару жұмыстары туралы ТАЛДАУ

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 2017-2018 ж.ж. 1 тоқсан бойынша өткізілген авариялық-құтқару жұмыстары туралы ТАЛДАУ

PDF Баспаға жіберу

Астана қаласының аумағында 2018 жылдың І-тоқсанда – 643 шығу, оның ішінде 24 шығу авариялық құтқару жұмыстарына тиесілі (бұдан әрі - АҚЖ), шығудың жалпы санынан 3,7% құрайды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен (бұдан әрі – ӨЖҰК) салыстырғанда АҚЖ шығу 41 пайызға артқан (кестеге сәйкес) :


Атауы

2017

1 т.

2018

1 т.

Айырмашылығы

1.

Жанармай және басқа да қауіпті химиялық заттардың төгілуі

1

3

+3р.

2.

Азаматтарға көмек көрсету (есік ашу, терезеден құлау қаупі, жануарларға көмек көрсету және т.б.)

5

3

- 1,6

3.

Жол-көлік авариялары (ЖКО)

1

2

+2р

4.

Ұшақты авариялық отырғызу


1

+1р.

5.

Жабынның бұзылуы, балконның, витраждардың құлауы және т.б.

-

1

+ 1р

6.

Құдыққа құлап түсу

1


-1р

7.

Су тасқыны бойынша (жеке үйлерді су басуы)

-

2

+2р

8.

Басқалар (полиция көмегі, ОӨАЖҚЖ)

2

5

+2,5 р

9.

Өзіне қол жұмсау әрекеті (суицид)

4

4

=

10.

Қарлы борандарда қалу бойынша ақпарат

3

3

=

11.

ТЖ жолдарында авария

-

-

-

Барлығы:

17

24

+41

Шығулар санының ұлғаюы келесі ұстанымдар бойынша келеді:

- басқалар (полиция көмегі, ОӨАЖҚЖ) – 5 жағдай немесе АҚЖ шығуның жалпы санынан 20,8%; - өзіне қол жұмсау әрекеті- 4 немесе 16,6 %;

- азаматтарға көмек көрсету (есік ашу және т.б.); -4 (23,5%) жанармай және басқа да қауіпті химиялық заттардың төгілуі; қарлы борандарда қалуы бойынша ақпарат - әр ұстанымдарға 3 шығудан келеді, бұл 12,5% құрайды;


су тасқыны бойынша (жеке үйлердің су басуы); жол көлік авариялары (ЖКО) – әр ұстанымдарға 2 шығудан келеді, бұл 8,3% құрайды.

АҚЖ ең көп саны 2018 жылдың ақпан айына келеді – 11 шығу болды, ӨЖҰК салыстырғанда 1,8 есе көп.

Диаграммада көрсетілгендей 2018 жылдың 1 тоқсанында авариялық-құтқару жұмыстарына келесі бөлімшелер көп шықты: ӨСБ-1, МӨСБ-3 - 16%, МӨСБ-16 - 12%; МӨСБ-5, ӨСБ-8, ӨСБ-11, МӨСБ-17 - 8% (%әр бөлімшелердің жалпы шығу саны).

Өткен жылдардағы сияқты түнгі және таңертеңгі АҚЖ шығу сағаттары біркелкі бөлінеді. АҚЖ анағұрлым ұлғаюы кешкі уақытта келеді, ол 2018 жылдың 1 тоқсанда жалпы шығу санының 41 % құрайды.

Астана қаласында көрсетілген кезеңде 4 авариялық-құтқару жұмысы тіркелді, Астана қаласы «ӨСжАҚЖҚ» ММ бөліністерінің күшімен 104 адам, оның ішінде 11 бала құтқарылды (3/2018 ж - 34.6р.).

2018 жылдың 1 тоқсанында Астана қаласы «ӨСжАҚЖҚ» ММ мұрағатындағы құтқару және эвакуациялау бойынша шығулар:

- 11 қаңтарда Астана-Павлодар тас жолы, Қоянды кенті ауданы мекенжайы бойынша қарлы бораннан авариялық-құтқару жұмысы барысында 92 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды, 5 жеңіл көлік эвакуацияланды. Барлық құтқарылған адамдар, эвакуацияланған көліктер Астана қаласына жеткізілді. 9 сағат 20 минут аралығында жүргізілген авариялық-құтқару жұмысына өрт сөндіру қызметінен 6 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары 15-ӨСБ жүргізілді.

11 қаңтарда Сарыарқа ауданы Астана –Көкшетау айналмалы тас жолы ауданында қарлы бораннан авариялық-құтқару жұмысы барысында 10 адам құтқарылды, 21 жеңіл көлік эвакуацияланды. Барлық құтқарылған адамдар, эвакуацияланған көліктер Астана қаласына жеткізілді. 12 сағат аралығында жүргізілген авариялық-құтқару жұмысына өрт сөндіру қызметінен 8 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары 11-ӨСБ жүргізілді.

2018 жылғы 26 ақпанда Астана қаласының  Алматы ауданында жабық пәтерде бесінші қабаттың терезесінде тұрған, қараусыз қалған жас баланы құтқару АЦЛ-32  құралымен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Авариялық-құтқару жұмысын жүргізу кезінде  өрт сөндіру қызметінен 3 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары 3-МӨСБ жүргізілді.

20 наурызда Алматы ауданында жабық пәтерде қараусыз қалған жас баланы құтқару АЦЛ-32  құралымен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Авариялық-құтқару жұмысын жүргізу кезінде  өрт сөндіру қызметінен 3 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары 10-ӨСБ жүргізілді.


Астана қаласында көрсетілген кезеңде  авариялық-құтқару жұмысына жеке құрамнан 147 адам, қосымша техника – 0, 23 негізгі техника, 19 арнайы техника жұмылдырылды, жер асты суларынан барлығы 1578 текше су сорылды.


Тұжырымдар:

Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің 2018 жылдың 1 тоқсанында жүргізген АҚЖ талдауы көрсеткендей, шығулар 41%-ға артқан, АҚЖ басым көпшілігі табиғи жағдайларға байланысты (қарлы боран, көктайғақ, су деңгейінің көтерілуі және т.с.с.). Ағымдағы жылы бөлімше негізінен қарлы боранда қалған автотехникалардың қарға батуы, азаматтарға көмек көрсету, ЖКО кезінде полицияға, суды сору бойынша АҚЖ-на шықты.

2018 жылдың 1 тоқсанында авариялық-құтқару жұмыстарына шығудың басым бөлігі 1-ӨСБ -***, 3-МӨСБ – 165, 16-МӨСБ – 12% (әр бөлімшеге шығудың жалпы санынан) үлесіне кіреді.

Ұсыныстар:

  1. Қысқы кезеңде автожолдарда қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты профилактикалық іс-шараларын күшейту, қызметтің бағыты бойынша қаланың және елді мекендердің жарнама тақтасы арқылы насихаттайтын ақпараттарды тарату;
  2. Халыққа ақпаратты уақытында жеткізу мақсатында Астана қаласы ІІД және автомобиль жолдары иелерінен («Қазақавтожол» РМК, «ДЭУ») жолдың жабылуы бойынша ақпараттың уақтылы жеткізілуін ерекше бақылауға алу;
  3. «Балалардың тентектігі», «балалардың терезеден құлау қаупі» бойынша шығулар санын азайту мәселесін шешу үшін БАҚ және қала мен елді мекендердегі жарнамалық тақталарда балаларды қараусыз қалдырғаны үшін ата-аналардың жауапкершілігі туралы насихаттайтын ақпараттарды үнемі ұсыну.

 
Система Orphus