Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Өртке қарсы қызмет Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ 2018 жылғы 1-жартыжылдықтағы Астана қаласы аумағындағы ірі өртті

2018 жылғы 1-жартыжылдықтағы Астана қаласы аумағындағы ірі өртті

PDF Баспаға жіберу

Ірі және резонанстық өрттер пайда болғанда ҚР ІІМ ТЖК басшылығын хабардар ету жүзеге асырылады, есептегі жылы 4 ірі өрт орын алған.

2018 жылғы 24 қаңтарда «In Oil LTD KZ» ЖШС-ның мұнай базасы төбе жабынының ағаш конструкциялары жанды, өрттің жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрады.

2018 жылғы 13 наурызда Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының оң жағы, Сырымбет көшесі 30 үйдегі  үш қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы ТҚС-да мемлекеттік нөмірінсіз «Nissan Patrol» және «ВАЗ 2114» маркалы екі автокөлік, екінші қабаттағы бөлмелер, үшінші қабаттағы тұрғын үй бөлмелері, ағаш төбе жабыны, ғимарат шатырының ағаш конструкциялары жанды, өрттің жалпы аумағы 300 шаршы метрді құрады. Үйіндіні аршу барысында 1986 жылы дүниеге келген Е.Ю.Фельдшерованың және сағат 13:55-те 2010 жылы дүниеге келген Р.А.Фельдшеровтің күйген мәйіті табылды.

2018 жылғы 20 маусымда Айнакөл көшесі 58 он бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан он төртінші қабатына дейін аумағы 55 шаршы метрді құраған кабель шахтасындағы электр кабелі жанды. Өртті сөндіру барысында 80 адам эвакуацияланды, оның 25-і бала және де 12 адам құтқарылды, оның 6-ы бала.

2018 жылғы 23 маусымда Ғ.Мүсірепов көшесі 6/4 үйдің №3 кіреберісінің 5-қабатындағы 30-пәтердің жатын бөлмесі мен балконы жанды, өрт аумағы 25 шаршы метр және жалпы аумағы 600 шаршы метрді құраған бес қабатты тұрғын үй шатырының ағаш конструкциялары жанды.


 
Система Orphus