Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Өртке қарсы қызмет 2017 жылдың 1 тоқсанында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге талдау

2017 жылдың 1 тоқсанында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге талдау

PDF Баспаға жіберу

2017 жылдың есептік кезеңінде инженерлік құраммен 241 нысанға өрт-техникалық тексеру жүргізілді, алдыңғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 16,9% көп (2016 жылы - 206).

Алғашқы үш айда ерекше тәртіп бойынша 245 тексеріс жүргізу жоспарланды. Оның ішінде 160 нысанға өрт-техникалық тексеріс жүргізілді, 85 нысан тексерілмей қалды. Тексеріс кестесімен жоспарланған 7 нысанға өрт аудиті жүргізілген.

1 тоқсанда тексеріс кестесінің орындалу көрсеткіші 68,2% құрады.

Есептік кезеңде ӨҚСБжПҚБ тексерістер бойынша 3 тұлға, Сарыарқа ауданы ТЖБ 64 тұлға (19 өрт бойынша және 45 тексеріс бойынша), Алматы ауданы ТЖБ 63 тұлға (20 өрт бойынша және 43 тексеріс бойынша), Есіл ауданы ТЖБ 33 тұлға (15 өрт бойынша және 18 тексеріс бойынша) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Өрттердің алдын алу мақсатында Астана қаласының ТЖД қызметкерлерімен БАҚ арқылы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпараттандыру және халықты оқыту бойынша жұмыстар атқарылуда. Өртке қарсы тақырыпта хабарламалар, ақпараттар мен бейне материалдар жарияланылуда. Ағымдағы кезеңде 554 материал орналастырылды, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіштен 1,5 есеге артық. Жарияланған материалдардың жалпы санынан баспасөзге 59 мақала жарияланды, алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2016 жылы – 58 мақала) көрсеткіш 1 бірлікке артқан. Телеарнадан  өртке қарсы тақырыпта 18 бейне материал көрсетілді (алдыңғы жылы 10 материал). Радиодан 485 сөз сөйленді, алдыңғы жылмен салыстырғанда (алдыңғы жылы 300 сөз сөйленген) көрсеткіш 61,7% артқан.

Инспекторлармен аулаларды аралау жұмыстары жүргізілуде, аулаларды аралау барысында 9273 тұрғын үй қамтылды, өз кезеңінде 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (7391 үй) 25,5% артық. 10227 адам қамтылған (2016 ж.-9898), 3,3% артық.


 
Система Orphus