2017 жылдың 2 тоқсанында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге талдау

Баспаға жіберу

2017 жылдың есептік кезеңінде инженерлік құраммен 626 нысанға өрт-техникалық тексеру жүргізілді, алдыңғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,9% аз (2016 жылы - 638).

Тексерілген нысандар саны

Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша

жүргізілген тексерулердің саны


2017 жылдың 1 жарты жылдығына арналған өрт қауіпсіздігі саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеріс кестесіне 466 нысан енгізілді. Оның ішінде 379 нысанға өрт-техникалық тексеріс жүргізілді, 87 нысан тексерілмей қалды.

Тексеріс кестесімен жоспарланған 20 нысанға өрт аудиті жүргізілген. 1 жарты жылдық тексеріс кестесінің орындалу көрсеткіші 85,6% құрады(аудит көрсеткішімен бәрге еспетегенде).

Ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексерулердің саны басқармалар бөлінісінде


Есептік кезеңде ӨҚСБжПҚБ тексерістер бойынша 20 тұлға, Сарыарқа ауданы ТЖБ 116 тұлға (31 өрт бойынша және 85 тексеріс бойынша), Алматы ауданы ТЖБ 141 тұлға (44 өрт бойынша және 97 тексеріс бойынша), Есіл ауданы ТЖБ  69 тұлға (22 өрт бойынша және 47 тексеріс бойынша) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны

(тексеріс жүргізу және өрттер бойынша)


Өрттердің алдын алу мақсатында Астана қаласының ТЖД қызметкерлерімен БАҚ арқылы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпараттандыру және халықты оқыту бойынша жұмыстар атқарылуда. Өртке қарсы тақырыпта хабарламалар, ақпараттар мен бейне материалдар жарияланылуда. Ағымдағы кезеңде 1167 материал орналастырылды, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіштен 0,3% артық(1163 сөз сөйлеу). Жарияланған материалдардың жалпы санынан баспасөзге 123 мақала жарияланды, алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2016 жылы – 122 мақала) көрсеткіш 1 бірлікке артқан. Телеарналарда  өртке қарсы тақырыпта 19 бейне материал көрсетілді, алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 бірлікке артқан (18 материал). Радиодан 1025 сөз сөйленді, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 бірлікке артқан (алдыңғы жылы 1023 сөз сөйленген).

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау


Инспекторлармен аулаларды аралау жұмыстары жүргізілуде, аулаларды аралау барысында 14563 тұрғын үй қамтылды, өз кезеңінде 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (10305 үй) 41,4% артық. Аралау жүргізу кезінде 14869 адам қамтылды, алдыңғы жылмен салыстырғанда 20% артық. (2016 ж.-12345).