2018 жылдың 1 тоқсанында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге талдау

Баспаға жіберу

2018 жылдың есептік кезеңінде инженерлік құраммен 350 нысанға өрт-техникалық тексеру жүргізілді, алдыңғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,5 есе көп (2017 жылы-241).



Тексерілген нысандар саны



 

Аталған жылдың 1 тоқсаны бойынша барлық аудандық ТЖБ, тексеріс санының артуы байқалады. Осылайша, Алматы ауданы ТЖБ 2017 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда тексерістер саны 2 есеге артып 156 құрады (78). Сарыарқа ауданы ТЖБ 127 тексеріс жүргізілді, өз кезегінде алдыңғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 42,7 % артық (89). Тексеріс санынның аздаған артуы Есіл аудандық ТЖБ байқалады - 8,1 %, ағымдағы жылы 67 тексеріс жүргізілді (62).



Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша

жүргізілген тексерістер саны



2017 жылғы өрт қауіпсіздігі саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізу кестесіне 870 нысан енгізілді. Оның ішінде 287 нысанға өрт-техникалық тексерісі жүргізілд.

1 жарты жылдық тексеріс кестесінің орындалу көрсеткіші 33% құрады.


Басқармалар бөлінісіндегі ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексерулер саны

 


Есептік кезеңде ӨҚСБжПҚБ тексерістер бойынша 1 тұлға, Сарыарқа ауданы ТЖБ 61 тұлға (28 өрт бойынша және 33 тексеріс бойынша), Алматы ауданы ТЖБ 96 тұлға (16 өрт бойынша және 80 тексеріс бойынша), Есіл ауданы ТЖБ 23 тұлға (9 өрт бойынша және 14 тексеріс бойынша) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.



Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны

(тексеріс жүргізу және өрттербойынша)

 


Ағымдағы жылдың басынан Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа ҚР ӘҚБтК 462 бабы 3 тармағы бойынша 12 іс жолданды. МАӘС шешімімен 5 тұлға жалпы соммасы 1 млн. 899 мың 950 теңге көлемінде айыппұл есебінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өрттердің алдыналу мақсатында Астана қаласының ТЖД қызметкерлерімен БАҚ арқылы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпараттандыру және халықты оқыту бойынша жұмыстар атқарылуда. Өртке қарсы тақырыпта хабарламалар, ақпараттар мен бейнематериалдар жарияланылуда. Ағымдағы кезеңде 693 материал орналастырылды, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіш 1,3 есе артық (554 сөз сөйлеу). Жарияланған материалдардың жалпы санынан баспасөзге 59 мақала жарияланды, алдыңғы жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш өзгертілмей қалды (2017 жылы – 59 мақала). Телеарналарда  өртке қарсы тақырыпта 12 бейне материал көрсетілді,алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2-ге артқан (10 материал). Радиодан 622 сөз сөйленді, алдыңғы жылмен салыстырғанда 28,2 % артқан (алдыңғы жылы 485 сөз сөйленген).


Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйленді


 


Инспекторлармен аулаларды аралау жұмыстары жүргізілуде, аулаларды аралау барысында 11521 тұрғын үй қамтылды, өз кезеңінде 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (10227 үй) 24,2% артық. Аралау жүргізу кезінде 14300 адам қамтылды, алдыңғы жылмен салыстырғанда 39,8% артық. (2017 ж.-10227).