Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Астана қаласы төтенше жағдайлар Департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің Ережесі

Баспаға жіберу

1. Жалпы ереже

1. Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі(бұдан әрі-Бөлім) Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі төтенше жағдайлар Комитетінің Астана қаласы төтенше жағдайлар Департаментінің (бұдан әрі-Департамент) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты іске асыратын құрамалық бөлімшесі болып саналады.

1.2.Бөлім өзінің қызметін іске асыру барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын,  Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, басқа да  нормативті-құқықтық актілерді, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.

1.3.Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі бекіткен Департаменттің  штаттық тізіміне сәйкес Бөлімнің құрамы және штаттық саны белгіленеді. Бөлімнің  бастығынің және қызметшілерінің қызметтік нұсқамасы Департаменттің бастығымен бекітіледі.

1.4.Бөлімнің құрамында  бастығы және төрт бас маманы бар.


2. Бөлімнің негізгі міндеті және фунциясы

2. Міндеті: табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың мәселесінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметін қамтамасыз ету және ары қарай дамыту.

Функциясы:

1) төтенше жағдайлардың алдың алдын алу мәселесін мемлекеттік

саясаттың негізгі бағытында  дайындау;

2) Төтенше жағдайлардың алдың алдын алу мәселесінде нормативті –құқықтық актілерді дайындауда ұсыныс енгізу(сұранысқа байланысты);

3) Министрліктің Стратегиялық жоспарының мақсатты өлшеміне жету бойынша Департаменттің жұмыс жоспарында қаралған іс-шараларды қалыптастыру және дағдыда қолдануды іске асыру;

4) Төтенше жағдайларды алдың алдын алу мәселесінде азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қызметін қалыптастыру және ары қарай дамыту;

5) Бөлімнің құзырына жататын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою Ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысына материалдар және хаттама шешімінің орындалуы туралы ақпарат дайындау;

6) Астана қаласы әкімдігі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою қалалық комиссиясының  жұмысын қамтамасыз ету;

7) Төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуінің кешенді іс-шараларын дайындау;

8) Министрліктің Алқа отырысына материалдар, сонымен қатар бөлімнің жұмысына қатысты қаулылардың орындалуы туралы ақпаратты дайындау;

9) Жергілікті атқарушы органдармен («Қазселденқорғау»ММ филиалымен) халықты және шаруашылық объектілерін сутасқынынан қорғау бойынша жүргізілген шаралардың сараптамасы;

10) Төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесінде халықты, жауапты тұлғаларды және мекеменің қызметкерлерін оқытуды, насихаттауға қатысу;

11) Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу  бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың бөлімшелерімен біріге әрекет ету және қолданған шараларға  сараптама жасауды ұйымдастыру;

12) Жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың бөлімшелерін, халықты және мекемелерді төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары бойынша ақпараттандвыруды ұйымдастыру;

13)  Қауіпті  табиғаттық құбылыстарға, техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға және олардың болжауына мониторинг жүргізетін мекемелермен өзара әрекет ету;

14) Департаменттің құрылым бөлімшелері мен аудандық бөлімдердің қызметін төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесінде үйлестіру;

15) Төтенше жағдайлар мәселесінде әлемдік тәжірибені оқып үйрену;

16) Бөлімнің атқартын жұмысына қатысты ережелер және стандарттар, нормативтерді келісу;

17) Төтенше  жағдайлардың алдын алу бойынша жүргізілген шаралар

туралы есепті белгіленген уақытта Департамент басшылығына ұсыну және есеп беру;

18) Төтенше жадайларды алдын алу мәселесі бойынша Әкімдіктің

резервінен қаржы бөлуді қарастыруға сұраныс жасау;

19) Қала аумағының Қауіпсіздік құжатын және  табиғи және

техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі Каталогін дайындауды және оларды Комитет, Департамент басшылығына келісімге және бекітуге ұсынуды іске асыру;

20) мемлекеттік органдармен және мүдделі мекемелермен төменгі

мәселелер бойынша өзара әрекет етуді ұйымдастыру:

- табиғи сұрапыл құбылыстар пайда болғанда аймақтарды және

учаскілерді, ошақтарды табу және мониторинг жүргізу;

- су  тасқынына  ұшырайтын  аумақтар  мен   учаскілердің  есебін

жүргізуді;

- қауіпті   сутасқыны, плотина    жарылуы   болу   мүмкін  жағдайда

өсімдіктер мен жануарлардың қауіпті ауруға ұшырауы мүмкін учаскілерді, аймақтарды, ошақтарды табу, есебін алу және мониторинг жүргізу.

3. Құқы және жауапкершілігі

3.Департамент басшылығына төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі бойынша бөлімнің құзырына жататын ұсыныстарды қарауға жіберуге;

3.1.Департаменттің бастығының отырыстарына және де басқа жиналыстарға бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша қатысуға;

4. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

4. Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республиксының басқада құқықтық нормативті актілеріне сәйкес  өзінің негізгі міндетін және функциясын іске асыру үшін Бөлімнің өкілдік құқы бар.

4.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша Департаменттің бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын  Бөлімнің басшысы бөлімді басқарады.

4.2.Бөлім басшысы өзінің функциясын іске асыру және бөлім міндетін орындау үшін тікелей жауапты және бөлімнің қызметін басқарады.

4.3. Бұл үшін бөлімнің бастығы:

1)бөлімнің бас мамандарының қызметі мен міндетін белгілейді;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және заңнамасына  сәйкес басқа да өкілдікті іске асырады.