Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Төтеншежағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия Қызмет туралы ақпарат Астана қ. әкімдігінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізілді

Астана қ. әкімдігінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізілді

PDF Баспаға жіберу

Астана қ. әкімдігінің аппаратында 2016 жылдың 20 мамырында әкімнің орынбасары Қ. Қ. Айтмұхаметовтың  төрағалығымен Астана қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізілді.

Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің қатарын «Су тасқыны мерзімін қорытындылау», «Өрт  қауіпсіздігі қызметінің бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың және орман шаруашылығы мекемелерінің өрт шығуы қауіпті мерзімге дайындығы туралы», «2016 жылы жаз мезгілінде  қаланың су айдындарында ТЖ алдын алу және адам өмірін қорғау бойынша жұмыстарға  қызметтердің дайындығы туралы», «Потенциалды қауіпті объектілердегі және  адамдар көп жиналатын объектілердегі локальді хабарландыру жүйесінің жағдайы және қала, қала сыртындағы  жергілікті атқарушы органның басқару  пункіті мен қорғаныс ғимараттарының жағдайы, сонымен қатар оларды дайындыққа келтіру шаралары туралы» талқылаулар толықтырды.

Отырыс қорытындысы бойынша «Есіл», «Сарыарқа» және «Алматы» аудандары әкімдеріне, әкім аппараты басқармасына және Астана қ. ТЖ департаментіне 2017 ж. су тасқыны мерзіміне дайындық, алдағы суға шомылу мерзіміне дайындық, қорғаныс ғимараттарын және локальді хабарландыру жүйесін дайындыққа келтіру туралы тапсырмалар берілді.



 
Система Orphus