Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Төтеншежағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия Қызмет туралы ақпарат Астана қаласының төтенше жағдайлар алдын алу комиссия отырысының хаттамасы № 1

Астана қаласының төтенше жағдайлар алдын алу комиссия отырысының хаттамасы № 1

PDF Баспаға жіберу



Бекітемін

Астана қаласы әкімінің

орынбасары

Айтмухамбетов Қ.Қ.

Астана қаласының төтенше жағдайлар алдын алу комиссия

отырысының хаттамасы

Астана қ. 15:00  23 ақпан

Төраға-Айтмухаметов Қ.С.

Қатысушылар-Тізім бойынша


Астана қаласы аумағында көктемгі су тасқыны мерзімін өткізуге қызметтердің дайындығы және су алып кету қаупі болуы мүмкін проблемалық аумақтарды анықтау туралы.

1.«Алматы»,«Есіл»,«Сарыарқа»,(БулекбаевЕ.К.,МустафинаС.С.,

Кулагин П.С.) аудан әкімдеріне, Коммуналдық шаруашылық басқармасы (Закирьянов Т.К.) Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (Дұзақбаев Б.О.) (келісім бойынша) Астана қаласын 2016ж. көктемгі су тасқыны мерзімі өткізуге дайындық Кешенді жоспарының шараларының орындалуын бақылауға алу.


Орындау уақыты-тұрақты

2.Қаржы басқармасы (Досаев Р.М.) Коммуналдық шаруашылық

басқармасы (Закарьянов Т.К.) төтенше жағдайлардың алдын алуға қаржы бөліну механизімін қарастырылсын.


Орындау уақыты-2016ж1 наурызына

3.Коммуналдық шаруашылық басқармасы (Закарьянов Т.К.) Астана қаласы аумағында сутасқыны қауіпін болдырмау үшін, тиісті жұмыстар атқарылсын(Газмашаппаратура ауданы).


Орындау уақыты-2016ж.су тасқыны

мерзімінің басталуына дейін


4.«Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» (Булекбаев Е.К.,Мустафин С.С.,Кулагин П.С.) аудан әкімдеріне:

қала сыртындағы,сайлау участкелері,су тасқыны болу мүмкін аумақтарды, үлкен алаңдарды,сауда үйлерін,супермаркеттер,сауда ойын-сауық орталықтары,спорт орталықтары тағы да басқа адам көп жиналатын ғимараттардың шатырларының қардан тазарту жұмыстары қадағалансын;

қызыл судың еркін ағуы үшін жауын-шашын кәріздерін,  арықтарды тазарту  жұмыстары қадағалансын.


Орындау уақыты-тұрақты


5. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудан әкімдері  (БулекбаевЕ.К.,  Мустафин С.С.,Кулагин П.С.), Тұрғын үй басқармасы (Ахметов Р.Л.) су тасқынынан зардап шеккен халықты қабылдайтын  орынды анықтап, оларды уақытша орналастыру пункттері туралы ақпарат Төтенше жағдайлар департаментіне жіберілсін.


Орындау уақыты-2016ж 1 наурызына дейін


6.Табиғи ресурстар басқармасына (Сарсембаев А.З.) Жер қатынастары басқармасы (Нуркенов Т.К.)Қазақстан Республикасы су кодексіне сәйкес, саябақ участкілерін заңды түрде орналасқандарын,су қорғау аймағында шаруашылық жүргізуге шектеу қойылғандығы қарастырылсын.


Орындау уақыты-2016 ж. аяғына дейін


7.  «Қазселденқорғау» ММ (Сураншиев Е.С.) (келісу бойынша)

«Астана қаласын Есіл өзенінің су тасқынынан қорғау» гидроғимараты объектісінің 2016 ж су тасқыны мерзіміне дайындық кешенді шараларын сапалы орындау үшін  кемшіліктерді жоюға тиісті шара  қабылдансын;

Орындау уақыты-2016 ж 10 наурызына


су тасқын мезгілінде Астана контрегуляторына судың келуі тәулік бойлы қадағалануы ұйымдастырылсын.


Орындау уақыты-су тасқыны мерзімінде


8.Гидрометерогиялық орталығы «Казгидромет» (Шмидт М.Э.) (келісу бойынша)

- №367-07 3.02.2016 жылғы Астана қаласы әкімінің қауылымен құрылған жұмыс тобының отырыстарына апта сайын қар көлемін,судың проценттік мөлшерін, көп жылдық су тасқын мерзімін қорытындыларын жасай отырып, қар-қоры, температура басқа да факторлардын жағдайының дамуына байланысты, су тасқыны мерзімінің өтуі туралы ақпарат беріліп отырылсын.


Орындау уақыты-тұрақты


- қала әкімдігінің аппараттық жиналысында әр апта сайын ауа-райы туралы ақпарат хабарланып, күнделікті 2 күндік ауа-райы болжамы қала әкімінің орынбасары Айтмухаметовке баяндалып отырсын.


Орындау уақыты-апта сайын


9. «Казводхоз» (Казыкеев Н.К.)Тәулік бойы кезекшілік тағайындалып Астана су қоймасындағы су ағысы,судың лақтырылуы қадағаланып арнайы журналға жазылып отырылсын.


Орындау мерзімі-күнделікті

су тасқыны өту мерзімінде


10. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (Дузақбаев Б.О.) аумақ қорғаныс  басқармасы (Қаптағиев К.К.) азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесе РКШО-Көктем-2016 жаттығуы өткізілсін.

Оқу жаттығу өткізілу кезінде машықтану іс-әрекеттері атқарылсын және дала лагерне жылыну пункттері орналастырылсын.


Орындау мерзімі-РКШО

өткізілу кезінде


11.Мекеме, басқарма,кәсіпорын басшыларына РКШО-Көктем-2016 оқу жаттығу өткізілу барысында күштер мен құралдардың және авариядан құтқару қызметтерінің, құрылымдарын дайындыққа келтіруге толықтай ат салыссын.

Орындау мерзімі-РКШО өткізілу

кезінде

12.Төтенше жағдайлар департаменті (Дұзақбаев Б.О.) Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан 5573 әскери бөлімі және азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесе отырып жедел басқару және тыл қамтамасыз етуді (азық-түлік, транспорттық, медициналық, коммуналдық жабдықтау және басқа қызмет түрлерін)  тарту механизімін қарастыру мәселесі дайындалсын.

Орындау мерзімі-РКШО өткізілу кезінде


ІІ. Қауіпсіздік төлқұжатын өңдеу  туралы ІІМ 2016 жылғы 07. 01 №577 бұйрығының орындалуы

13.Азаматтық қорғау қызметтеріне қауіпсіздік төлқұжатын қайта өндеуге  керекті ақпараттар Төтенше жағдайлар департаментінің сұрауы бойынша берілсін.

Орындау уақыты-тұрақты


14. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (Дұзақбаев Б.О.) қауіпсіздік төлқұжатын ІІМ ТЖК-мен келісілсін.


Орындау мерзімі-2016 ж.1 наурызына


ІІІ. Нақты бар қорғаныс ғимараттарын дайындыққа келтіру

15. «ЕЦ-166/1» ММ , «Sinoil» АҚ нефтебазасы, «Казахстан»  ЖАҚ РТК филиалы, №10 балбақша МКМ, «Резерв автоматика», «Казпромхолод» ЖШС қорганыс ғимараттарын дайындыққа келтірсін.

Орындау мерзімі-2016 ж 31 желтоқсанға дейін

16. «Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» (Отебаев Е.К.) ШЖҚ РМК «Астана қ. жылжымайтынмүлік орталығы» екеуі бірлесе отырып, иесіз қалған қорганыс ғимараттарының техникалық төлқұжаттарын  жөнделуді аяқтасын.

Орындау мерзімі-2016ж 31 маусымға дейін

17. «Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» (Отебаев Е.К.) «Әділет департаменті» (Мусин К.С.) (келісім бойынша) бірлесе отырып, иесіз танылған қорғаныс ғимараттарын тіркеуге алуға Қазақстан Республикасы «Азаматтық кодекс» 242 бабына сай комуналдық меншікке беру үшін сотқа арыз жіберілсін.

Орындау мерзімі-2016 ж 31 шілдеге дейін

Хатшы Р. Смағулов.


 
Система Orphus