Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Төтеншежағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия Қызмет туралы ақпарат Астана қаласының төтенше жағдайлар алдын алу комиссия отырысының хаттамасы 3.05.2018 г.

Астана қаласының төтенше жағдайлар алдын алу комиссия отырысының хаттамасы 3.05.2018 г.

PDF Баспаға жіберу

«БЕКІТЕМІН»


Астана қаласы әкімінің орынбасары

Қ.Қ. Айтмұхамбетов

 Астана қаласы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

Астана қаласы 11:00 2018 жылғы 03 мамыр


Төрағалық етті: Қ.Қ. Айтмұхаметов

Қатысқандар: тізім бойынша


І. Ақбұлақ және Сарыбұлақ жылғаларын, Есіл өзені арнасын қайта құру бойынша жұмыстарды орындау барысы туралы:

1.1 Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы (Р.А. Ахметов) ағымдағы жылдың 11 мамырына дейінгі мерзімде Астана қаласы әкімі аппаратының аналитикалық-жиынтық бөліміне Есіл өзені арнасының 5 кезектегі қайта құру құрылысы бойынша құрылыс – монтаждау жұмысын жүргізу кестесін ұсынсын;

«2017-2020 жылдарға арналған тасқын қаупінің алдын алу және жою бойынша шаралар кешені» Жол картасына сәйкес Есіл өзені арнасын қайта құру аясында өндірістік объектілер мен тұрғын үйлерді (саяжай учаскелерін бұзу) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасынан уақытылы көшіруді қамтамасыз етсін;

Қалалық ортаны регенерациялау басқармасымен (Г.Н. Искалиев) «Орта» ЖШС-мен (С.И. Рустамбеков) бірлесе ағымдағы жылдың 11 мамырына дейінгі мерзімде Есіл өзені арнасының 5 кезектегі су реттегіш бөгетінің құрылысы бойынша жобаның іске асырылуының орынды екендігі туралы негіздеме дайындасын;

Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, Есіл бассейндік инспекциясы, «Орта» ЖШС (келісім бойынша)  (Г.Н. Искалиев., М.Т. Танабаев., М.Т.Аяшев., С.И. Рустамбеков) бірлесе ағымдағы жылдың 16 мамырына дейінгі мерзімде Есіл өзені, Ақбұлақ және Сарыбұлақ арналарына тексеру жүргізу және оларды қайта құру бойынша жұмыстар жүргізу кезіндегі проблемалық мәселелерді көрсете отырып презентация дайындасын:

1.2 Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы (Г.Н. Искалиев): ағымдағы жылдың 12 мамырына дейінгі мерзімде «Нұрлы жол» темір жол вокзалы ауданында «Есіл өзеніндегі су қорғау белгілерін құру, арнаны қайта құруы жағаны бекіту жұмыстары, абаттандыру (5 км 1 кезек)» жобасын іске асыру туралы мәселе қаланың үйлестіру кеңесінің отырысына шығарылсын;

Құрылыс және тұрғын үй басқармасымен, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазсушар» РМК Ақмола филиалы (Р.А.Ахметов., М.Т.Танабаев., Б.О.Дұзақбаев., Е.А.Бадашев) бірлесе ағымдағы жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде қайта құруды өткізу бойынша шешім қабылдау үшін кеңес ұйымдастырсын:

1)  жобалық құжаттарға сәйкес су көлемін кепілді өткізуді есепке ала отырып, қала шегінде және Ақмола облысы аумағында Есіл өзені арнасының төменгі ағысын қайта құру.

2)  «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын сулары басуынан қорғау» объектісінің апатты су шығару құрылғысы және бұру арнасын қайта құру.

1.3 Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы (М.Т. Танабаев) «Есіл-Астана» МКҚК-мен (К.Т. Алин) бірлесе ағымдағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде Есіл өзенінің түбін шөгінділерден тазалау бойынша жұмыстар жүргізсін.

ІІ. Өрт қауіпті кезеңіндегі орман шаруашылығы мекемелерінің және  жергілікті атқару органдарының, мемлекеттік емес өртке қарсы құралымдардың, азаматтық қорғау қызметі бөлімшелерінің дайындығы туралы

2.1 «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері (А.З.Сәрсенбаев., Е.Е.Каналимов., Т.К.Закарьянов., А.А.Тұрлыбек):

Төтенше жағдайлар департаментімен (Б.О. Дұзақбаев) бірлесе ағымдағы жылдың 14 мамырына дейінгі мерзімде өрт туындаған жағдайда жауапты тұлғалар мен техниканы бекіте отырып өрт қауіпті учаскелер бойынша ситуациялық картаны әзірлесін (әр аудан бойынша);

ағымдағы жылдың  15 мамырына дейінгі мерзімде қамыс пен құрғақ шөпті шабу бойынша жұмыстарды жүргізу кестесін бекітсін:

2.2 Төтенше жағдайлар департаментіне (Б.О. Дұзақбаев):

қаланың мүдделі қызметтерімен бірлесе ағымдағы жылдың 18 мамырына дейінгі мерзімде орман-дала өрттерін сөндіруге қаланың коммуналдық кәсіпорындарының күштері мен құралдарын тарту тәртібін, лауазымды тұлғаларды құлақтандандыру сызбасын жаңартсын;

«Астана Тазалық» ЖШС, «Астана Зеленстрой» ЖШС, «Астана Орманы» ЖШС (Б.Н.Болатбеков., А.З.Әбілдинов., М.Е.Самамбетов) бірлесе ағымдағы жылдың 18 мамырына дейінгі мерзімде жырту жұмыстарын жүргізу және өрт туындаған орындарға су жеткізуді ұйымдастыру үшін коммуналдық қызметтердің арнайы техникасын тарту тәртібін бекітуге енгізсін:

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен (М.Т. Танабаев) және қаланың мүдделі қызметтерімен бірлесе ағымдағы жылдың 15 маусымына дейінгі мерзімде елорданың жасыл белдеу аумағында құлақтандандыру сызбасын және күштер мен құралдарды тарту жоспарын пысықтай отырып, шартты өртті сөндіру бойынша тәжірибелік оқу-жаттығулар өткізсін және ұйымдастырсын.

2.3 Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы (М.Т.Танабаев):

ағымдағы жылдың  1 шілдесіне дейінгі мерзімде "Орман сақшысы" өртті ерте анықтау жүйесімен жабдықталған үшінші типтегі өрт-химиялық  станциясы құрылысына қаржы бөлу бойынша белгіленген тәртіпте бюджеттік өтінім енгізсін;

«Астана Орманы» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі» - «Астана станциясы», «Қазақавтожол» ШЖҚ РМК Ақмола филиалымен  (М.Т.Танабаев., М.Е.Самамбетов., Е.Б.Бесбеков., А.А.Айдос) бірлесе ағымдағы жылдың 11 мамырына дейінгі мерзімде Төтенше жағдайлар департаментіне және Астана қаласы әкімі аппаратының аналитикалық жиынтық бөліміне автомобиль және темір жолдар бойындағы жасыл белдеу аумағындағы құрғақ шөптерді шабу, жер жырту және минералды жолақтарды құру бойынша бекітілген жұмыс өткізу кестесін ұсынсын;

«Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Сарыарқа», аудандарының әкімдерімен (А.З.Сәрсенбаев., Е.Е.Каналимов., Т.К.Закарьянов., А.А.Тұрлыбек), «Астана Орманы» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі» - «Астана станциясы», «Қазақавтожол» ШЖҚ РМК Ақмола филиалымен (М.Т.Танабаев., М.Е.Самамбетов., Е.Б.Бесбеков., А.А.Айдос) бірлесе ағымдағы жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде жасыл белдеу аумағында сапалы қорғау минералды жолақтарды (6 метрден кем емес) жүргізу, автомобиль және темір жолдар бойындағы қамыс пен құрғақ шөптерді шабу, жер жырту жұмыстарын жүргізу, барлық өрт қауіпті кезеңде олардың күтіп ұсталуын тиісінше қамтамасыз етсін.

ІІІ. 2018 жылғы суға шомылу маусымын өткізуге жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдарының дайындығы

3.1 «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері (А.З.Сәрсенбаев., Е.Е.Каналимов., Т.К.Закарьянов., А.А.Тұрлыбек) Департамент, басқарма, ұйымдар мен кәсіпорындар бастықтары мен басшылары 2018 жылғы суға шомылу маусымына құқықтық тәртіп және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспарының орындалуын тұрақты бақылауға алсын;

Төтенше жағдайлар департаментімен (Б.О.Дұзақбаев) бірлесе ағымдағы жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде қауіпті және суға түсу мен демалу үшін жабдықталмаған су айдындары учаскелерінде «Суға түсуге тыйым салынады» тыйым салатын және ескертетін белгілер орнатсын:

3.2 «Сарыарқа» ауданының әкімі (А.А.Тұрлыбек) ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде қарттар үйі ауданындағы қауіпті учаскелерге торлы қоршау қондырғыларын орнату мәселесін қарастырсын:

3.3 Қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы Төтенше жағдайлар департаментімен (Б.О.Дұзақбаев) бірлесе аталған тақырыптағы бейнематериалдарды алмастыру арқылы бұқара халықтың арасында суға шомылу маусымын өткізу және дайындау кезінде үгіт-түсіндірме жұмыстарын күшейту, осы мақсатта насихаттық қызметке мемлекеттік тапсырысты жұмылдырсын;

3.4 Мәдениет және спорт басқармасы (Б.Б.Мажағұлов) «Байқоңыр» ауданының әкімімен (Е.Е. Каналимов), «Коммуналдық меншік қоры» МКК (Е.К.Қасенбеков) бірлесе ағымдағы жылдың 10 маусымына дейінгі мерзімде Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидасы талаптарына жауап беретін «Орталық жағажай» мен «Қоянды» су айдыны маңында қала тұрғындарының жаппай демалатын орындарының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

Төтенше жағдайлар департаментімен (Б.О. Дұзақбаев), Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен (К.Т. Надыров) бірлесе триатлон бойынша жарыс өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлесін, медициналық бригадалар мен құтқарушылардың кезекшілігін қамтамасыз етсін;

3.5 Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі (Б.А.Малыбаев) суға шомылу маусымында патрульдеу және құқық бұзушыларды, оның ішінде белгіленбеген орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты ұйымдастырсын:

3.6 Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ағымдағы жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде қала су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысқа тарту үшін тұрғындарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрғандарды бөлу мәселесін қарастырсын;

3.7 Төтенше жағдайлар департаментімен (Б.О. Дұзақбаев), ОӨАШҚЖ ММ (О.С.Даутов) бірлесе ағымдағы жылдың 6 маусымына дейінгі мерзімде жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған тұрғандар қатарынан қоғамдық құтқарушыларды дайындау мәселесін пысықтасын:

3.8 Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (А.Е.Әбдіқадыров) ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде Астана қаласының ІІД ОЖБ және ТЖД БКДҚБ дабылды шығарулар арқылы қаланың барлық 15 су айдындарына бейнебақылауды қосу бойынша жұмыстарды аяқтасын;

«Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдерімен (А.З.Сәрсенбаев., Е.Е.Каналимов., Т.К.Закарьянов., А.А.Тұрлыбек) бірлесе ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде уәкілетті органдардың келісімімен қаланың су шаруашылығы құрылыстары мен су объектілерінде жаппай демалуға арналған орындарды бекітілген тәртіпте орнатсын (белгілесін);

3.9 Қаланың Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы «Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету бойынша орталық» КММ бірлесе (А.А. Түгелбаева., Б.С. Садықов) ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде қаланың қажеттілігі үшін суға батқан адамдарды іздеу үшін су асты камералары, сүңгуірлерге арналған құралдар мен су гидроциклдерін алуға бюджеттік өтінім енгізсін және мәселені қарастырсын.

ІV.Ағымдағы мәселелер:

4.1 Білім басқармасы Төтенше жағдайлар департаментімен (А.К.Жанғозин Б.О.Дұзақбаев) бірлесе ағымдағы жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде «Қауіпсіз демалыс» акциясы аясында кешенді профилактикалық шаралар өткізсін ;

4.2 Астана қаласы әкімі аппаратының аналитикалық-жинақтау бөлімі  Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен (А.С. Мұстафин., Б.О. Дұзақбаев) бірлесе ағымдағы жылдың 31 мамырына дейінгі мерзімде бүгінгі отырыстың қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындауды бақылау бойынша жиналыс ұйымдастырсын:

5. Хаттама тапсырмаларын орындау туралы ақпаратты белгіленген мерзімге сәйкес Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне жолдасын.

5.1 Осы хаттаманың орындалуына бақылау Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне (Б.О. Дұзақбаев) және Астана қаласы әкімі аппаратының аналитикалық-жинақтау бөліміне (А.С. Мұстафин) жүктелсін.


Комиссия хатшысы Р.С. Асаинова

Тел: 32-67-03, 55-96-62

Эл.мекенжай; Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек


 
Система Orphus