Жедел телефондар
Жаңалықтарға жазылу
Авторлану
Пайдаланушыларды есепке алу
![]() | Бүгін | 1945 |
![]() | Кеше | 7726 |
![]() | Барлығы | 10774717 |
Астана қаласының төтенше жағдайлар алдын алу комиссия отырысының хаттамасы |
![]() |
![]() |
I. Тұрғын секторы мен автокөліктегі өрттерге ескерту және алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы. 1. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа», «Байқоңыр» аудандары әкімдеріне (А.З. Сәрсенбаев, Т.К. Закарьянов, А.А. Тұрлыбек, Е.Е. Каналимов), 2018 ж 20 қазанына дейінгі мерзімде тізімді қалыптастыру мақсатында мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне мониторинг жүргізу; Қоғамдық даму істері басқармасымен бірлесе (Д.Н. Есин) өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу шеңберінде, халықтың әлеуметтік осал топтарына пештердің түтін жолдарын тазалау бойынша көмек көрсету мүмкіндігі турасында сұрақты қарастыру; Астана қ. (Б)ПИК ассоциациясы, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы (Т.Б. Құлұшев) бірлесе Астана қ. ТЖД (Б.О. Дұзақбаев) «Астана ӨЭК» АҚ (А.В. Павлов) өкілдерін тарту арқылы ағымдағы жылдың 25 қазанына дейінгі мерзімде өрт қауіпсіздігі және электр жүйелері жағдайлары объективті себептер бойынша тексерілмеген жоғары қабатты көппәтерлі тұрғын үйлерге комиссиялық зерттеу ұйымдастыру; Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті (Б.О. Дұзақбаев) «Атамекен» ӨКП (А.А. Түлкібаев) бірлесе ағымдағы жылдың 07 желтоқсанға дейінгі мерзімде газбаллонды құрылғысы бар көліктерді автотұрақта (паркинг) орналастыру қауіптілігі туралы цокольды және жер асты қабаттарында, жабық үлгідегі жер үсті автотұрақтарында өзге мақсаттағы ғимараттарда орналастырылатын және т.б. автотұрақтарда (паркинг) қызмет көрсетуді басқаратын компаниялар өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
II. Астана қаласының нөсерлі кәріз жүйесін дамыту
1. Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына (Е.У. Төлеуов) «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа», «Байқоңыр» аудандары әкімдерімен (А.З. Сәрсенбаев, Т.К. Закарьянов, А.А. Тұрлыбек, Е.Е. Каналимов), бірлесе науалық – арықтық жүйелеріне (арықтар) және нөсерлі кәріздерді тазарту бойынша жұмысты ұйымдастыру, атқарылған жұмыстар бойынша ақпараттарды әр апта Астана қ. Төтенше жағдайлар департаментіне ұсыну.
III. 2018 – 2019 жылғы жылыту маусымына іршілікті қамтамасыз ету объектілерінің дайындығы
1. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа», «Байқоңыр» аудандары әкімдеріне (А.З. Сәрсенбаев, Т.К. Закарьянов, А.А. Тұрлыбек, Е.Е. Каналимов), Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасымен (Е.У. Төлеуов) бірлесе: 2018 – 2019 жылғы жылыту маусымы кезеңінде автономды жылыту жүйелері бар объектілерін бақылауда ұстау. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен (Т.Б. Құлұшев) бірлесе ағымдағы жылдың 10 қазанына дейінгі мерзімде жылыту маусымына дайын емес үйлердің (автономды, орталық және т.б.) тізімін ұсыну.
2. Хаттамалық тапсырмаларды орындау жөніндегі ақпаратты белгіленген мерзімге сәйкес Астана қ. Төтенше жағдайлар департаментіне жолдау қажет.
Астана қаласы әкімшілігі аппаратының бас инспекторы А. Мұстафин |