Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Төтеншежағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия Қызмет туралы ақпарат Елордада Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Елордада Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті

PDF Баспаға жіберу

IMG_1994

Ағымдағы жылғы 18 ақпанда Астана қаласы әкімінің орынбасары А.А.Тұрлыбектің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының жоспарлы отырысы өтті.

Кеңес өткізу барысында «қызметтердің көктемгі су тасқынын өткізуге дайындығы және Астана қаласы аумағында су тасқыны кезеңінде су басу қаупі бар проблемалық учаскелерді қарау туралы»; "жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдарының Астана қаласы аумағында 2019 жылғы шомылу маусымын өткізуге дайындығы туралы"; "жылыту кезеңінде азаматтардың улы газдан қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу" сияқты бірқатар мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау кезінде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық және алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінді.

Күн тәртібін қарау қорытындысы бойынша қалалық қызметтерге төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған нақты тапсырмалар берілді.


IMG_1989 IMG_1991 IMG_2015

Астана қаласы ТЖД ТЖААБ


 
Система Orphus