Азаматтық қорғаныс саласы бойынша 2017 жылдың1-жартыжылдығы мен 2016 жылдың 2-жарты жылдығында жүргізілген тексеріс қорытындылары туралы ақпарат

Баспаға жіберу

29.10.2015 жылғы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Өрт қауіпсіздігі және  азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтары туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1060 және  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 бірлескен бұйрығына сәйкес, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен базасында азаматтық қорғау қызметтері құрылған 7 ұйымда ішінара тексеру жүргізілді («Астана қаласының комуналдық шаруашалық басқармасы» ММ, «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ, «Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясы» ММ, «Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі Агро өнеркәсіптік кешенінің мемлекеттік инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясы» ММ, «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» ММ, «Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы» ММ,«Астана қаласының автомобиль жолдар басқармасы»).

Жоғарыда аталған ұйымдарда тексеру жүргізу барысында 4 мекемеде бұзушылықтар анықталды («Астана қаласының комуналдық шаруашалық басқармасы» ММ,«Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі Агро өнеркәсіптік кешенінің мемлекеттік инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясы»ММ, «Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы» ММ,«Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясы» ММ),онда әкімшілік хаттамалар жасалды және әкімшілік істер бойынша матеиралдар ҚР ІІМ ТЖК-ға қарастыру және әкімшілік жаза қолданылу үшін жолданды. Нәтижесінде 3 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды («Астана қаласының комуналдық шаруашалық басқармасы» ММ, «Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі Агро өнеркәсіптік кешенінің мемлекеттік инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясы»ММ, «Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы» ММ),1 лауазымды тұлға («Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясы» ММ басшысы ТайжановАйтбайКалжанұлы).Бүгінгі күніәкімшілік айыппұлдар өндіріп алынды(424 мың 200 теңгесомасына).

2017 жылдың бірінші жарты жылдығына 16 тексеру жоспарланды(Астана қаласының аудандық әкімшіліктері «Алматы», «Есіл»,«Сарыарқа»мемлекеттік мекемелері, АҚ елордалық аумақтық жуйесінің азаматтық қорғау қызметтері саласында құрылған 13 мемлекеттік мекемелері). Жүргізілген тексерулерге бұзушылықтар анықталмады.