СОО тексеру нәтижесі

Баспаға жіберу

Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның тапсырмасына және Бүкіләлемдік экономикалық форумының Әлемдік индикатор жақсарту жоспарына сәйкес Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің инженерлік-инспекторлық құрамы сауда объектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулерді жүргізу бойынша жұмыстары жандандырылды. Бүгінгі таңда 95 сауда объектісі тексеріліп, нәтижесінде 921 бұзушылық анықталды. Жіберілген бұзушылықтар үшін

Жоғарыда аталған бұзушылықтарға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 25 заңды тұлға тартылды, айыппұлдың жалпы соммасы 1 238 575,5 тенге құрайды.

Тексеріс жүргізу кезінде анықталған негізгі бұзушылықтарға ғимаратта  өртке қарсы қорғау жүйелерінің жарамсыз болуы («Мастер хаус» дүкені, «Встреча» СҮ, «Ажар» СҮ, «Жаннұр» СҮ, «Жастар» СҮ, «Хан шатыр» ОСО, « MEGA SilkWay» ОСО, «Шарын» базары), эвакуациялық жолдарының бөгелуі («Алем» СО, «12 месяцев» СҮ, «Магнум» СО, «Astana Motors» автоорталығы, «Азия парк» ОСО, « MEGA SilkWay» ОСО, «Рамстор» СО, «Мечта» СҮ, «Шапағат» базары), электр тоқтарын орнату мен жөндеу кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзылуы («Көк» базары, «Big Шанхай», "Нурдаулет", «Анвар» СҮ, «Азия Сити» СҮ, «Жаннұр» СҮ, «Ырысты» СҮ,"KERUEN CITI"ОСО,«Азия парк» ОСО,«Хан шатыр» ОСО,«Рамстор» СО), бөлмелерді бекітілген және құрастырылған проекті-сметалық құжатсыз қайта жобалануы («Автогранд» СҮ, «Аружан»  ОСО, «Алем» СО, «АйМакТау» СҮ, «Автодело» дүкені, «Магнум» СО, ТРЦ "KERUEN CITI"), ғимараттың эвакуациялық жолдарында сауда дүкеншелерін орналасуы («Көк» базары»,«Big Шанхай», "Нурдаулет", «Рахмет» СО) жатады.

УКиПДОПБ ДЧС города Астана