Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік қызметтің бос лауазымдары туралы мәліметтер

Бос қызмет орны

Информация о наличии вакантных должностей Департаменте по ЧС г. Астана КЧС МВД РК по состоянию на 18 ноября 2015 года

PDF Баспаға жіберу
18.11.2015 05:26

п/п

С какого времени образовалась вакансия

Категория

Должность

Требование по профилю образования

1.

14.08.2015 г.

С-О-5

Главный специалист отдела технической службы и оповещения– 1 ед.

Высшее: в сфере военное дело и безопасность, технических наук и технологии, естественные науки (информатика, механика, физика), образование (информатика). Допускается после среднее образование по вышеуказанным сферам, при наличии не менее одного года стажа государственной службы или не менее двух лет стажа работы в областях, соответствующих функциональным направлениям должности данной категории.

2

12.05.2015 г.

С-О-5

Главный специалист юридической группы – 1 ед. (на время нахождения основного работника в отпуске по уходу за ребенком до 20.12.2015 г.).

Высшее: в сфере право (юриспруденция, правоохранительная деятельность, международное право). Допускается после среднее образование по вышеуказанным сферам, при наличии не менее одного года стажа государственной службы или не менее двух лет стажа работы в областях, соответствующих функциональным направлениям должности данной категории.

3

06.10. 2015 г.

С-О-5

Главного специалиста отдела финансового обеспечения -1 ед.

Высшее: в сфере социальных наук, экономики и бизнеса (экономика, учет и аудит, финансы). Необходимые знание для исполнения функциональных обязанностей по должностям данной категории знание Закона Республики Казахстан «О гражданской защите», Стратегии «Казахстан - 2050»: новый политический курс состоявшегося государства.

4

01.11.2015 г.

С-О-5

Главного специалиста отдела предупреждения чрезвычайных ситуаций -1 ед.

Высшее: в сфере военного дела и безопасности, технических наук и технологии, естественных наук, социальных наук, экономики и бизнеса, услуги (землеустройства). Необходимые знание для исполнения функциональных обязанностей по должностям данной категории знание Закона Республики Казахстан «О гражданской защите», Стратегии «Казахстан - 2050»: новый политический курс состоявшегося государства.



 

Төтенше жағдайлар департаментінің «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына алдын-ала іріктеуден өткен үміткерлер тізімі:

PDF Баспаға жіберу
29.10.2015 10:13

  1. Мукушева Динара Аблкасымовна
  2. Токтыбаева Арайлым Мейрамовна
  3. Нурсеева Куралай Ерсайнкызы
  4. Кульбаев Галымжан Аскарович
  5. Какимжанов Бактыгали Кенжегалиевич
  6. Айдарбеков Нартай Шыбынтаевич
  7. Оспанова Айнаш Тулеубаевна
  8. Есенов Берик Усеинович
  9. Байгожина Гаухар Сабыргожиновна
  10. Нуркина Айгерим Жандосовна


 

Тендерлік комиссияның қорытынды отырысының хаттамасы

PDF Баспаға жіберу
24.07.2015 10:25



 

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлердің тізімі

PDF Баспаға жіберу
17.07.2015 08:42

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің конкурс комиссиясы алдын ала құжаттарды қарау қорытындысы бойынша «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес деп конкурсқа қатысушыларды 2015 жылғы 20 шілдеде сағ. 15.00 –де болатын әңгімелесуге келесі қатысушыларды жiберу туралы шешiм қабылдады.

1. Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлiмiнің бас маманы лауазымына (С-0-5 санаты, 2 бірлік).

1.1. Джанадилов Бегалдин Сергалиевич

1.2 Рахимжанова Гульшат Нурболатовна


 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары

PDF Баспаға жіберу
09.07.2015 13:12

C-O-5 санаты үшін: жоғары білім немесе ортадан кейінгі;

C-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-O-5

64063

86485

C-R-4

56375

76235

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетi, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі, индексі 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй, анықтама үшін байланыс телефондары: (7172) 32-01-88, 32-74-93, факс: 32-01-88, электронды поштаның мекенжайы: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлiмiнің – бас маманы (С-0-5 санаты, 2 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою іс - шараларын ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесін ақпараттандыру жүйесін құру, дамыту және тұрақты дайындықта ұстауды ұйымдастыруға қатысу. Құзіретіне жататын мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ақпараттық мәселелер бойынша жетекшілік ету және үйлестіру. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою іс - шараларын өткізу кезінде ақпараттандыру жүйесін техникалық сүйемелдеуді ұйымдастыру. Бөлім басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатынасушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әскери іс және қауіпсіздік, техникалық  ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымы (информатика, механика, физика), білім (информатика) мамандығы. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.

2. Заң тобының бас маманы (С-О-5 санаты, 2 бірлік), (1-бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне: 20.12.2015 ж. дейін).

Функционалдық міндеттері: Астана қ. Төтенше жағдайлар департаментінің наразылық-талап қою жұмысының жай-күйі бойынша мәліметтерді, анықтамалар-есептерді әзірлеу; Құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде сотта, сондай-ақ басқа органдарда уәкілетті өкіл ретінде Астана қ. ТЖД мүддесін ұсыну. Жеке құрамды қызметтік дайындық жүйесінде құқықтық мәселелер бойынша сабақтарды өткізу, ТЖД бұйрықтарына, келісімшарттарына құқықтық сараптама жасау. Астана қ. бойынша Сот актілерін орындау жөніндегі департаментімен күнделікті қызметті үйлестіру.

Конкурсқа қатынасушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі). Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.

3. Тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Материалдық құндылықтардың дұрыс сақталуына қадағалау және есеп жүргізуді, қажеттілік нормасына сәйкес формалық киім-кешектер беру, қызметкерлердің киім-кешек алғандығы туралы кәртішкелеріне белгі жазу, материалдық құндылықтарды есепке алу кітабын жүргізу, құжаттарды тіркеу, арматуралық кәртішкелер реестрін, инвентарлық мүліктерді есепке алу, материалдық шығынның толықтай қайтарылуын қамтамасыз етеді, әр апта сайын жұмыстан шыққан тұлғалар бойынша салыстыру жүргізу, ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттарды тіркеу; белгіленген тәртіпте бюджеттік бағдарламалар бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысу.  Келісім шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мониторингін қамтамасыз ету; белгіленген мерзімдерде келіп түскен бақылау құжаттарды орындау; өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша талдау, ақпарат, анықтамалар; тауарларды жеткізу (көрсетілген қызметтердің орындалған жұмыстар) актілерін тексеру; мемлекеттік сатып алу туралы есептерді дайындау және мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға ұсыну.

Конкурсқа қатынасушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әлеуметтік  ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) саласында. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.

4. Сарыарқа ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы Азаматтық қорғаныс тобының бас маманы (С-R-4 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Шаруашылық жүргізу объектілері қызмет ету тұрақтылығын жоғарлату бойынша іс-шараларын орындауға бақылауды  жүзеге асыру. АҚ аумақтық  құралымдарының есебін жүргізу, олардың тағайындауы бойынша іс-әрекетіне тұрақты дайындықта ұстауға дайындау. АҚ құралымдарымен оқуларды, жаттығуларды дайындау және өткізуді ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету және халықты ТЖ жағдайында іс-әрекетке және заманауи зақымдану құралдарынан қорғану тәсілдеріне оқыту.  Қорғаныс ғимараттар қорын толтыруды және дайындықта ұстау, сонымен қатар қорғаныс ғимараттарында халықты жасыру есебін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технология, білім, әскери іс және қауіпсіздік, әлеуметтік  ғылымдар және бизнес, қызмет көрсету (жерге орналастыру). Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш;                            2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы       № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалдық көшiрмесi).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшада көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электронды почта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетi, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі, индексі 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

С-О-5, C-R-4 cанаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.anticorruption.gov.kz.

КЖБ бастығы

өққ полковнигі Қ. Амангелдинов

Результаты согласования

03.6.2015: Амангельдинов К. А. (Амангельдинов К. А.) - - cогласовано без замечаний


 

2015 жылдың 28 мамыр жағдайы бойынша ҚР ІІМ ТЖК Астана қ. Төтенше жағдайлар департаментіндегі әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің бос лауазымдары

PDF Баспаға жіберу
28.05.2015 04:33

р/с

Вакансия пайда болған уақыт

Санаты

Лауазымы

Білімі бойынша талап

1.

03.12.2013 г.

12.01.2015 ж.

С-О-5

Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімінің бас маманы – 2 бір.

Жоғары: әскери іс және қауіпсіздік,техникалық  ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымы (информатика, механика, физика), білім(информатика) Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда жоғарыда көрсетілген білім салалары бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

2

01.02.2015 ж.

С-О-5

Заң тобының бас маманы – 1 бір.

Жоғары: құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда жоғарыда көрсетілген білім салалары бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

3

02.13.2015 ж.

С-R-4

Сарыарқа ауданының төтенше жағдайлар басқармасы Азаматтық қорғаныс тобының бас маманы – 1 бір.

Жоғары: техникалық ғылымдар және технология, білім, әскери іс және қауіпсіздік, әлеуметтік  ғылымдар және бизнес, қызмет көрсету (жерге орналастыру). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда жоғарыда көрсетілген білім салалары бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

4

28.05.2015 ж.

С-О-5

Тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы – 1 бір.


Жоғары: әлеуметтік  ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) саласында. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда жоғарыда көрсетілген білім салалары бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.



 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus