Хабарландыру!

Баспаға жіберу
19.04.2016 11:38

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, индекс 010000, Астана қ. Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, 4, анықтама телефондары: 8(7172) 94-99-07, азаматтық қорғау  органдары қызметкерлерінің бос жұмыс орнына конкурс жариялайды.

1. С-SGU-12 категориясы, 9 санаты бойынша: №3, №5, №16, № 17 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің дәрігер лауазымына.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  –49969 теңгеден 91934 теңге.

Функционалдық міндеті:өрттерде және төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, автомобиль салонының тазалығын бақылауды және ағымдағы тазалық жүргізуді жүзеге асырады. Дәрі-дәрмектермен және табелді төсемелерді таңу материалдарымен уақытылы   толықтырылуын қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға талап: жасы 35 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Педиатрия, гинекология және стоматологиядан басқа денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз (медицина) ету саласында жоғары білімі бар.

Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті білімнің, икемділіктің және дағдының міндетті түрде болуы.