Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік қызметтің бос лауазымдары туралы мәліметтер Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

PDF Баспаға жіберу
11.05.2016 11:55

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112430

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетi Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі, индексі 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй, анықтама үшін байланыс телефондары: (7172) 32-01-88, 32-74-93, факс: 32-01-88, электронды поштаның мекенжайы: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

  1. Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің - бас маманы лауазымы үшін, (санаты С-О-5, 1 бірл.)

Функционалдық міндеттері: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды есепке алу және талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс кешенін әзірлеу және жүзеге асыру, халықтың және ұйымдардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін қызметтер мен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, авариялық ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану сенімділігін қаматамасыз ету іс-шараларын бақылау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссиямен тексеруге қатысу. Бөлім басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әскери іс және қауіпсіздік,техникалық  ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымы, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, қызмет көрсету (жерге орналастыру). «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.

  1. Төтенше жағдайларды жою бөлімінің - бас маманы лауазымы үшін, (санаты С-О-5, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметін ұйымдастыру. Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды талдау және осы мәселелер бойынша іс шаралардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру. Жылу беру маусымына уақытылы және сапалы дайындалу бойынша қалалық тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне бақылауды жүзеге асыру. Қаладағы аудандардан тұрғын үй-коммуналдық саладағы, денсаулық сақтау және білім беру объектілерінің қысқы кезеңге дайындығы туралы ақпарат жинау және талдау. Қысқы кезеңде қалалық тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде төтенше жағдайлар туындауының алдын алу мәселелері бойынша құжаттарды, шешімдерді, өкімдер мен қаулыларды дайындау және іске асыру. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әскери іс және қауіпсіздік, техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымдары«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.

  1. Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлiмiнің – бас маманы лауазымы үшін, (санаты С-0-5,  1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою іс - шараларын ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесін ақпараттандыру жүйесін құру, дамыту және тұрақты дайындықта ұстауды ұйымдастыруға қатысу. Құзіретіне жататын мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ақпараттық мәселелер бойынша жетекшілік ету және үйлестіру. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою іс - шараларын өткізу кезінде ақпараттандыру жүйесін техникалық сүйемелдеуді ұйымдастыру. Бөлім басшысы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әскери іс және қауіпсіздік, техникалық  ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымы (информатика, механика, физика), білім (информатика) мамандығы. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.

  1. Қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымы үшін,  (санаты С-О-5, 2 бірлік, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезеңіне 20.12. 2018 ж. дейін).

Функционалдық міндеттері: Сақтау орындары және жауапты тұлғалар бойынша инвентарлық объектілер шеңберінде негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді есепке алуын жүргізу, активтер келіп түсу регистрларында дұрыс документтік рәсімдеуді және уақытында көрсетуді қамтамасыз ету тиіс, олардың ТЖД ішінде қозғалуы және кетуі, әр обектінің дұрыс сақталуын және дұрыс қолдануды бақылау. Қаржыландыру жоспары бойынша қарастырылған, іс- шараларға ТЖД жасайтын құралдары бойынша нақты шығындардың есебін жүргізу. ТЖД қызметкерлеріне еңбек ақысын есептейді. Ай сайын ақшалай ұстауды, коммуналдық қызметтер бойынша өтемақыны төлеу бойынша қалдықтар жинауды талдайды. Еңбек ақысын төлеу қоры және бюджетке, салық комитеті мен статистикалық басқармаға міндетті төлемдер (табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарналары) бойынша есепті жасайды. Астана қ. Қазынашылығымен тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша келісім шартты, ағымдағы, депозиттік және валюталық шоттар бойынша және басқа құжаттар бойынша төлеуге ұсыну және алу бойынша жұмысты жүргізеді. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, немесе қаржы) саласында. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.

  1. Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының - бас маманы  лауазымы үшін, (санаты С-О-5, 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезеңіне 21.02. 2019 ж. дейін).

Функционалдық міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдарына күнделікті мониторинг жүргізуді жүзеге асыру. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау және жұмысты үйлестіру (бұқаралық ақпарат құралдарыүшін баспасөз конференцияларын, брифингтер, өзге де іс-шаралар ұйымдастыру). Бұқаралық ақпарат құралдарын төтенше жағдайлар аудандарынан оларды жою жұмыстарының барысы туралы жедел мәліметтермен қамтамасыз ету; баспасөз қызметіне бекітілген Департамент веб-сайтының бөлімдерін ақпараттық сүйемелдеу. Департамент қызметінің мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ақпараттық-талдау жұмысы. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз релиздерін, анонстарды, хабарлар және өзге де ақпараттық материалдар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық және технологиялар ғылымдары,әлеуметтік ғылымдар және бизнес, білім, гуманитарлық ғылымдар саласында жоғары білім. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы, «Е-қызмет» арқылы, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсыруы тиіс (түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей ұсыну қажет). Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.


 
Система Orphus