Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік қызметтің бос лауазымдары туралы мәліметтер Хабарландыру

Хабарландыру

PDF Баспаға жіберу
17.05.2016 05:54

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіи (Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесі, индекс 010000, Астана қ. Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, 4, анықтама телефондары: 8 (7172) 94-99-07, 94-99-08 азаматтық қорғау қызметкерлерінің бос орындарды толтыруға конкурс жариялайды:

  1. 1. С-SGU-12 санаты бойынша мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің дәрігері лауазымына – 9 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  – 49969 теңгеден 91934 теңгеге дейін.

Қызметтік міндеттері: өрттерде және төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт сөндіру автомобильдері салонының тазалығын бақылауды және ағымдағы тазалық жүргізуді жүзеге асырады. Дәрі-дәрмектермен және табелді төсемелерді таңу материалдарымен уақытылы толықтырылуын қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: 35 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Педиатрия, гинекология және стоматологиядан басқа денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында жоғары білімі бар.

Қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті білімнің, икемділіктің және дағдының міндетті түрде болуы.

 

2. С-SV-13 (С-SV-12)  санаты бойынша өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі (мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі)  лауазымына – 26 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты – 40359 теңгеден 55017 теңгеге дейін.

Қызметтік міндеттері: өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: 25 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес.

 

3. С-SV-13 санаты бойынша өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері лауазымына – 25 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты – 40359 теңгеден 55017 теңгеге дейін.

Қызметтік міндеттері: өрт орнына жеке құрамды және өрт сөндіру заттарын уақытылы және қауіпсіз жеткізу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, бекітілген автомашинаның техникалық-жөндеу жағдайын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: жасы 25 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес. «В, С, С1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы.


 
Система Orphus