Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік қызметтің бос лауазымдары туралы мәліметтер ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

PDF Баспаға жіберу
29.05.2017 00:00

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіи (Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесі, индекс 010000, Астана қ. Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, 4, анықтама телефондары: 8 (7172) 94-99-07, 94-99-08 азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос орындарды толтыруға конкурс жариялайды:

1. С-SV-13 (С-SV-12) санаты бойынша өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі (мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі)  лауазымына – 39 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 40359 теңгеден 55017 теңгеге дейін.

Қызметтік міндеттері: өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: 25 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес.

2. С-SV-13 санаты бойынша өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері лауазымына – 56 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 40359 теңгеден 55017 теңгеге дейін.

Қызметтік міндеттері: өрт орнына жеке құрамды және өрт сөндіру заттарын уақытылы және қауіпсіз жеткізу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, бекітілген автомашинаның техникалық-жөндеу жағдайын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: жасы 25 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес. «В, С, С1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы.


 
Система Orphus