Астана қ. Төтенше жағдайлар департаментінің аттестаттау комиссиясы отырысын өткізу туралы хабарландыру

Баспаға жіберу
11.12.2018 09:47

«Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі (010000, Астана қаласы, Бейбітшілик көшесі, 22 3 қабат, 315 каб., анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 32-73-48, факс 8 (7172) 32-01-88), Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ) аттестаттау комиссиясының отырысы 2018 жылғы 13 желтоқсанға сағат 10:00-ге ауыстырылғанын, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Шағын дағдарыс орталығының залында  өтетінін хабарлайды.

Аттестаттау комиссиясы жұмысының айқындығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде аттестаттау комиссиясы отырысына Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатыса алады.

Қызметкер аттестаттау комиссиясының шешіміне бір ай мерзімінде құқық қорғау органының, құқық қорғау органы білім беру ұйымының және құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесінің басшысына немесе уәкілетті  басшысына сот тәртібімен шағымдана алады.

Әңгімелесуге жіберілген, аттестатталған қызметкерлер тізімі.


  1. Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімшесінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі  Евгений Викторович Нстеренко;
  2. Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау  майоры Гүлзада Жұмағалиқызы Жұдырықова;
  3. Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері  капитан Азат Мұратұлы Ағатаев;
  4. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасы жедел кезекшісінің көмекшісі азаматтық қорғау  аға сержанты Фархат Қайдарұлы Сайлаубек.