Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтері және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар

Баспаға жіберу
13.02.2019 15:59

«Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі (индексі 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй, 3 қабат, 315 кабинет анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 32-74-48, факс: 8 (7172) 32-01-88, электронды поштаның мекенжайы: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ) бос басшылық лауазымдары туралы хабарлайды.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің

аумақтық бөліністері

Бос лауазым

Бос орындар саны

Кандидаттарға қойылатын талаптар


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы техникалық нормалау бөлімінің бастығы

1

Біліміне қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім:

100100 Өрт қауіпсіздігі;

072900 Құрылыс;

073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру;

071800 Электр энергетикасы;

071700 Жылу энергетикасы;

071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;

073100 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;

060300 Механика;

070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;

070800 Мұнай-газ ісі;

070200 Автоматтандыру және басқару;

073200 Стандартизация, сертификаттау және метрология;

103100 Төтенше жағдайларда қорғау;

071300 Көлік, көлік техникасы және технологиялар.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес.

Біліміне қойылатын талаптар: Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылары.

Қосымша талаптар: Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.