Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік қызметтің бос лауазымдары туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар

PDF Баспаға жіберу
13.06.2019 10:05


«Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі (индексі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй, 3 қабат, 315 кабинет анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 32-74-48, факс: 8 (7172) 32-01-88, электронды поштаның мекенжайы: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ) бос басшылық лауазымдары туралы хабарлайды.



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің

аумақтық бөліністері

Бос лауазым

Бос орындар саны

Кандидаттарға қойылатын талаптар


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары

1

Біліміне қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы:

100100 Өрт қауіпсіздігі;

072900 Құрылыс;

073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру;

071800 Электр энергетикасы;

071700 Жылу энергетикасы;

071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;

073100 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;

060300 Механика;

070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;

070800 Мұнай-газ ісі;

070200 Автоматтандыру және басқару;

103100 Төтенше жағдайларда қорғау;

071300 Көлік, көлік техникасы және технологиялар;

090900 Логистика (салалар бойынша);

Әскери мамандықтар.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес.

Кәсіби мінездемелеріне қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы»,  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарды, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.  Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларының болуы.

Қосымша талаптардың бар-жоғы: Мамандығы және біліктілігін арттыру бойынша әртүрлі курстарды бітіргені туралы сыныптық біліктіліктің, дипломдардың, сертификаттардың болуы.

Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.




 
Система Orphus