«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Баспаға жіберу
19.07.2019 00:00

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-5 санаты бойынша: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

мin

мax

С-О-5

108305.6

146177.2


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы,  Бейбитшілік к., 22 үй, анықтама үшін телефоны: 32-01-88, факс: 32-74-93, e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек .


1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы, C-O-5 (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:Материалдық құндылықтардың дұрыс сақталуына қадғалау және есеп жүргізуді, қажеттілік нормасына сәйкес формалық киім-кешектер беру, қызметкерлердің киім-кешек алғандығы туралы кәртішкелеріне белгі жазу, материалдық құндылықтарды есепке алу кітабын жүргізу, құжаттарды тіркеу, арматуралық кәртішкелер реестрін, инвентарлық мүліктерді есепке алу, материалдық шығынның толықтай қайтарылуын қамтамасыз етеді, әр апта сайын жұмыстан шыққан тұлғалар бойынша салыстыру жүргізу, ҚР Қаржы министрлігінің  қазынашылық органдарында мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттарды тіркеу; белгіленген тәртіпте бюджеттік бағдарламалар  бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысу. Келісім шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мониторингін қамтамасыз ету; белгіленген мерзімдерде келіп түскен бақылау құжаттарды орындау; өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша талдау, ақпарат, анықтамалар; тауарларды жеткізу (көрсетілген қызметтердің орындалған жұмыстары) актілерін тексеру; мемлекеттік сатып алу туралы есептерді дайындау және мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, халықаралық құқық, есеп және аудит, экономика, құқықтану, құқық қорғау қызметі.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Сақтау орындары және жауапты тұлғалар бойынша инвентарлық объектілер шеңберінде негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді есепке алуын жүргізу, активтер келіп түсу регистрларында дұрыс документтік рәсімдеуді және уақытында көрсетуді қамтамасыз ету тиіс, олардың ТЖД ішінде қозғалуы және кетуі, әр объектінің дұрыс сақталуын және дұрыс қолдануды бақылау. Қаржыландыру жоспары бойынша қарастырылған, іс- шараларға ТЖД жасайтын құралдары бойынша нақты шығындардың есебін жүргізу. ТЖД қызметкерлеріне еңбек ақысын есептейді. Ай сайын ақшалай ұстауды, коммуналдық қызметтер бойынша өтемақыны төлеу бойынша қалдықтар жинауды талдайды. Еңбек ақысын төлеу қоры және бюджетке, салық комитеті мен статистикалық басқармасына міндетті төлемдер (табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарналары) бойынша есепті жасайды. Нұр-Сұлтан қ. Қазынашылығымен тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша келісім шартты, ағымдағы, депозиттік және валюталық шоттар бойынша және басқа құжаттар бойынша төлеуге ұсыну және алу бойынша жұмысты жүргізеді. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, есеп және аудит, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, экономика, әлемдік экономика, математика.


Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде  өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, оның ішінде конкурс комиссиясы қалыптастырған сұрақтар тізбесіне кірмейтін сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 "Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

 __________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш


Мені_____________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_______________________    бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңіздісұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны_________________________________________

__________________________________________________________________________


________                                                        ____________________________________       (қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.

 Приложение 2

к Правилам проведения конкурса

на занятие административной

государственной должности корпуса "Б"

Форма

_________________________________

(государственный орган)

Заявление

Прошу допустить меня к участию в конкурсе на занятие вакантной административной

государственной должности _______________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

С основными требованиями Правил проведения конкурса на занятие

административной государственной должности корпуса "Б" ознакомлен (ознакомлена),

согласен (согласна) и обязуюсь их выполнять.

Отвечаю за подлинность представленных документов.

Прилагаемые документы:

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Адрес и контактный телефон _________________________________________________

________________________________________________________________________________


__________                                                                _______________________________________

(подпись)                                                                      (Фамилия, имя, отчество (при его наличии))

  

"____"_______________ 20__ г.