Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік қызметтің бос лауазымдары туралы мәліметтер «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

PDF Баспаға жіберу
11.10.2019 16:40

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұс-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:


«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

C-O-5 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс.

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты


min

max


C-O-5

108305.6

146177.2


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, Сарыарка ауданы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй, пошта мекенжайы:Сарыарка ауданы,Бейбітшілік көшесі, 22, анықтама үшін байланыс телефондары: 32-01-88, факс: 32-74-93, e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:


1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Материалдық құндылықтардың дұрыс сақталуына қадғалау және есеп жүргізуді, қажеттілік нормасына сәйкес формалық киім-кешектер беру, қызметкерлердің киім-кешек алғандығы туралы кәртішкелеріне белгі жазу, материалдық құндылықтарды есепке алу кітабын жүргізу, құжаттарды тіркеу, арматуралық кәртішкелер реестрін, инвентарлық мүліктерді есепке алу, материалдық шығынның толықтай қайтарылуын қамтамасыз етеді, әр апта сайын жұмыстан шыққан тұлғалар бойынша салыстыру жүргізу, ҚР Қаржы министрлігінің  қазынашылық органдарында мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттарды тіркеу; белгіленген тәртіпте бюджеттік бағдарламалар  бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысу. Келісім шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мониторингін қамтамасыз ету; белгіленген мерзімдерде келіп түскен бақылау құжаттарды орындау; өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша талдау, ақпарат, анықтамалар; тауарларды жеткізу (көрсетілген қызметтердің орындалған жұмыстары) актілерін тексеру; мемлекеттік сатып алу туралы есептерді дайындау және мемлекеттік сатып алу бойныша уәкілеттіорганға ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, халықаралық құқық, есеп және аудит, экономика, құқықтану, құқық қорғау қызмет

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Сақтау орындары және жауапты тұлғалар бойынша инвентарлық объектілер шеңберінде негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді есепке алуын жүргізу, активтер келіп түсу регистрларында дұрыс документтік рәсімдеуді және уақытында көрсетуді қамтамасыз ету тиіс, олардың ТЖД ішінде қозғалуы және кетуі, әр обектінің дұрыс сақталуын және дұрыс қолдануды бақылау. Қаржыландыру жоспары бойынша қарастырылған, іс- шараларға ТЖД жасайтын құралдары бойынша нақты шығындардың есебін жүргізу. ТЖД қызметкерлеріне еңбек ақысын есептейді. Ай сайын ақшалай ұстауды, коммуналдық қызметтер бойынша өтемақыны төлеу бойынша қалдықтар жинауды талдайды. Еңбек ақысын төлеу қоры және бюджетке, салық комитеті мен статистикалық басқармасына міндетті төлемдер (табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарналары) бойынша есепті жасайды. Нұр-Сұлтан қ. Қазынашылығымен тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша келісім шартты, ағымдағы, депозиттік және валюталық шоттар бойынша және басқа құжаттар бойынша төлеуге ұсыну және алу бойынша жұмысты жүргізеді. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, есеп және аудит, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, экономика, әлемдік экономика, математика

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті зілзалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды есепке алу және талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс кешенін әзірлеу және жүзеге асыру, халықтың және ұйымдардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, авариялық ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану сенімділігін қаматамасыз ету іс-шараларын бақылау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссиямен тексеруге қатысу. Бөлім басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: биотехнология, механика, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, химия, авиациялық техника мен технологиялар, автоматоматтандыру және басқару, құқықтану, құрылыс, радиотехника, электорника және телекоммуникациялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, химия, экология, гидрология, мұнайгаз ісі, геодозия және картография, көлік, көліктік техника және технологиялар, теңіз техникасы мен технологиялары, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша), ғарыш техникасы және технологиялары, логистика (сала бойынша), өрт қауіпсіздігі, мемлекеттік және жергілікті басқару, жер кадастры


4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпараттық тобының бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдарына күнделікті мониторинг жүргізуді жүзеге асыру. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау және жұмысты үйлестіру (бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз конференцияларын, брифингтер, өзге де іс-шаралар ұйымдастыру). Бұқаралық ақпарат құралдарын төтенше жағдайлар аудандарынан оларды жою жұмыстарының барысы туралы жедел мәліметтермен қамтамасыз ету; баспасөз қызметіне бекітілген Департамент веб-сайтының бөлімдерін ақпараттық сүйемелдеу. Департамент қызметінің мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ақпараттық-талдау жұмысы. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз релиздерін, анонстарды, хабарлар және өзге де ақпараттық материалдар дайындау.

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша мониторинг, талдау және жобалау; өз құзіреті шегінде Департамент бастығына мемлекеттік тілді енгізужәне дамыту жөнінде ұсыныс енгізу; Департаментте және Департаментке қарасты құрылымдық бөлімшелерде мемлекеттік тілді тексеру және бақылауға алу; тіл бойынша конкурстардыұйымдастыру және өткізу; мемлекеттік тілді дамыту бойынша оқу–әдістемелік құжаттарды жасау; Департамент басшылығының баяндамаларын мемлекеттік тілде реттейді; мемлекеттік тіл бойынша құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсетеді; тіл бойынша Департаментте оқуды ұйымдастырады; лауазымдық міндеттерді барынша сапалы орындау үшін ақпараттық қажеттіліктерді анықтау және мәселелердің тізімін жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: журналистика, филология, қазақ тілі мен әдебиеті, аударма іс, халықаралық журналистика


5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ақпараттандыру және байланыс бөлімшесінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою іс - шараларын ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесін ақпараттандыру жүйесін құру, дамыту және тұрақты дайындықта ұстауды ұйымдастыруға қатысу. Құзіретіне жататын мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ақпараттық мәселелер бойынша жетекшілік ету және үйлестіру. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою іс - шараларын өткізу кезінде ақпараттандыру жүйесін техникалық сүйемелдеуді ұйымдастыру. Бөлім басшысы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: автоматоматтандыру және басқару, информатика, радиотехника, электорника және телекоммуникациялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, есептеу техникасы мен желілерін бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, әскери мамандықтар бойынша


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.

Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.


Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;


Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетi Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй) мемлекеттік мекемесінде қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)


Өтініш

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.


 
Система Orphus