Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік қызметтің бос лауазымдары туралы мәліметтер «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуғаосы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуғаосы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

PDF Баспаға жіберу
23.01.2020 11:20

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

 Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

 мынадай құзыреттердің бар болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


C-O-5 санатыбойынша:Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Min max

C-O-5                     108305.6                     146177.2


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй, пошта мекен-жайы:Сарыарқа ауданы,Бейбітшілік көшесі, 22, анықтама үшін байланыс телефондары: 32-01-88, факс: 32-74-93, e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:


1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)


Функционалдық міндеттері:Сақтау орындары және жауапты тұлғалар бойынша инвентарлық объектілер шеңберінде негізгі құралдарды және материалдық емес  активтерді есепке алуын жүргізу, активтер келіп түсу регистрларында дұрыс документтік рәсімдеуді және уақытында көрсетуді қамтамасыз ету тиіс, олардың ТЖД ішінде қозғалуы және кетуі, әр обектінің дұрыс сақталуын және дұрыс қолдануды бақылау. Қаржыландыру жоспары бойынша қарастырылған, іс- шараларға ТЖД жасайтын құралдары бойынша нақты шығындардың есебін жүргізу. ТЖД қызметкерлеріне еңбекақысын есептейді. Ай сайын ақшалай ұстауды, коммуналдық қызметтер бойынша өтем ақыны төлеу бойынша қалдықтар жинауды талдайды. Еңбекақысын төлеу қоры және бюджетке, салық комитетімен статистикалық басқармасына міндетті төлемдер (табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарналары) бойынша есепті жасайды. Нұр-Сұлтан қ. Қазынашылығы мен тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша келісім шартты, ағымдағы, депозиттік және валюталық шоттар бойынша және басқа құжаттар бойынша төлеуге ұсыну және алу бойынша жұмысты жүргізеді. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, есеп және аудит, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, экономика, әлемдік экономика, математика


2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті заң тобының бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)


Функционалдық міндеттері:Нұр-Сұлтан қ. Төтенше жағдайлар департаментінің наразылық –талап қою жұмысының жай-күйі бойынша мәліметтерді, анықтамалар-есептерді әзірлеу; Құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде сотта, сондай-ақ басқа органдарда уәкілетті өкіл ретінде Нұр-Сұлтан қ. ТЖД мүддесін ұсыну. Жеке құрамды қызметтік дайындық жүйесінде құқықтық мәселелер бойынша сабақтарды өткізу, ТЖД бұйрықтарына, келісім шарттарына құқықтық сараптама жасау. Нұр-Сұлтан қ. Бойынша Сот актілерін орындау жөніндегі департаменті мен күнделікті қызметті үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: халықаралық құқық, кеденісі, құқықтану, құқық қорғау қызмет, юрисконсульт


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.

Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңбер де мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңбер де мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылармен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдар да өтеді.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;


Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi:Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетi Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй) мемлекеттік мекемесінде қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түп нұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түп нұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылармен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтеді.


Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 «Б» корпусыныңмемлекеттік

әкімшіліклауазымына

орналасуғаконкурсөткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттікорган)


Өтініш


Мені_______________________________________________________________

________________________________________________________________________

_______________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

Конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________


Мекен-жайы және байланыс телефоны_______________________________________

________________________________________________________________________


________     ____________________________________

(қолы)                      (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))



«___»_______________ 20 __ ж.


 
Система Orphus