Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Мемлекеттік қызмет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар ТЖ Департаментінде 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы

ТЖ Департаментінде 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы

PDF Баспаға жіберу

ҚР ІІМ ТЖК Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен (бұдан әрі - Департамент) азаматтық қорғау органдары жүйесінде өз құзыреті шеңберінде тәртіптілік, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нығайту бойынша қажетті ұйымдастырушылық және практикалық шаралар барынша қолдануда.

Ішкі істер министрінің 2016 жылдың 25 қаңтарындағы № 64 бұйрығымен бекітілген 2016-2017 жылдарға арналған ІІО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Департаментпен тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, азаматтық қорғау бөлімшелерінің қызметі жарияланады, халыққа заңгерлік көмек көрсетіледі.

Кәсіби даярлық шеңберінде қызметкерлердің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тақырыптық сабақтарға ерекше назар аударылады, кейіннен сынақтар қабылданады.

Мысалға, Департаменттің және құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды білуі бойынша сынақ қабылданды, бұдан басқа аталған стандарттарды сақтау жөніндегі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мақсатында әр қызметкермен осы талаптарды сақтау бойынша міндеттерге қол қойылып, олардың жеке істеріне тігілді.

2016 жылдың мамыр айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар» тақырыбы бойынша жиналыс өтті. Жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және қоғаммен өзара ықпалдастық бөлімінің кеңесшісі Д.И. Раимбаев, Астана қаласы Прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саласының заңдылығына қадағалау жөніндегі басқармасы прокурорының 1-сыныпты заңгері Е.Н. Сәрсенов және «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы бөлімінің инспекторы С.Н. Күлбаев шақыртылды. Жиналысқа Департамент пен «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлері қатысты.

25 маусымда Департамент пен Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері «Развитие» бизнес-білім орталығымен өткізілген семинарға қатысып, «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша курс тыңдалымынан өтті. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары жіті қарастырылды, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік стратегиясының негізгі бағыттары талқыланды.

2016 жылдың маусымында Департамент пен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлеріне «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы заңгерінің көмекшісі Н.Ж. Балабековпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша партияның ұсыныстары талқыланды. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлық заңнамасындағы өзгерістерге есепке ала отырып, сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Баяндамашылар ретінде «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр жұмысы бөлімінің бастығы  азаматтық қорғау подполковнигі Б.Ж.Қожакеев, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ағарту бөлімінің кеңесшісі Д.И.Раимбаев, Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер бойынша аға ужедел уәкілі полиция подполковнигі Р.И. Тоқболатов, Астана қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету және бөлімінің бас маманы З.Х. Жакиянова сөз сөйледі.

Жыл басынан бері құқықтық жаппай оқыту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу бойынша 100-ге жуық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде: сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша дәрістер мен семинарлар - 10, жемқорлық профилактикасына бағытталған құқықтық жаппай оқыту бойынша жиын-кеңес – 12, БАҚ-да жарияланымдар – 35, радиода сөз сөйлеу – 27, бейнеролик көрсету -2, «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен кездесу – 2.  Барлық материалдарда тәуліктік кезекшілік жүргізілетін БКДҚБ-да орналасқан Астана қаласы ТЖД сенім телефоны 70-17-22 және Астана қаласы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының телефоны 71-61-92 көрсетілген.

Кәсіби даярлық сабақтарында ішкі істер органдары қызметкерлерімен жіберілген қызметтік тәртіп пен заңдылықты бұзу салдарлары жеткізілді

Жеке құрамға құқық қорғау органдары қызметкерлері жол берген сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы ақпарат, жеке құраммен байланысты төтенше жағдайлар туралы апталық ақпарат жеткізілді.

Бос орындарға орналасу бойынша конкурстарды өткізу кезінде барлық үміткерлермен мемлекеттік қызметпен қатар педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметтерден басқа ақылы төленетін басқа жұмыс істеуге тыйым салынатыны туралы әңгіме жүргізілді. Әр қызметкерге Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді.  Өткен кезең бойынша  жұмысқа қабылданған 211 қызметкер қамтылды.

Департаменттің интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған арнайы  бөлімдерде азаматтық қорғау органдары саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қабылданып жатқан іс-шаралар туралы есептер орналастырылады.

Бір уақытта, ведомствоның ресми сайты арқылы Департамен қызметкердерінің құзыреті мен міндеттері туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұдан басқа, Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің байланыс телефондары көрсетілген.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.


 
Система Orphus