Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Халық үшін Азаматтық қорғау саласында халықты оқыту

Азаматтық қорғау саласында халықты оқыту

Балық аулау кезіндегі және мұз үстіндегі қауіпсіздік ережесі және әрқашан нені есте сақтау керек

PDF Баспаға жіберу

Қысқы балық аулау көпшілігі үшін хобби ғана емес, өмірлік ұстаным. Әккі балықшылардың көптеген әрекеті автоматтандырылған, оның ішінде мұз бойымен жүрудің өзі, қауіпті учаскелерден аулақ болу мен мұз бетінде өзін-өзі ұстау. Алайда жылдан-жылға қайғылы оқиғалар әлі де болса орын алып тұрады және кейбірі адам қазасымен аяқталып жатады. Мұздағы қауіпсіздік ережесі жалпы адамға бірдей, балықшылар немесе жай серуенге шыққандар үшін де айырмашылығы жоқ. Мұз үстіндегі қауіпсіздік – ол  мұз астына құлауға қарсы әрекеттер ғана емес. Мұз астына құлаудан басқа, қысқы балық аулау кезінде одан да басқа қауіпті факторлар бар.

Толығырақ...

 

Қатты аяздағы қауіпсіздік шаралары.

PDF Баспаға жіберу

Астана қаласы ТЖД қатты аяз кезіндегі негізгі қауіпсіздік шараларын еске салады.

Егер Сізге далаға шығу қажет болып жатса жылырақ киініңіз, көпқабатты киім жылуды көбірек сақтайтыны есіңізде болсын – бір ауыр киімнен қарағанда бірнеше қабат жеңіл киім киген әлдеқайда артық. Киім тар болмауы керек. Аязды күндері нағыз маталардан жасалған киімдерді киіп жүруге тырысыңыз, жібек және синтетикалық маталардан жасалған киімдерді кимеуге тырысыңыз.

Толығырақ...

 

ПЛАСТМАССА ҚАЛДЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА

PDF Баспаға жіберу

Пластик өндірісінен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады және бүгінде жануарлардың шамамен 800-дей түрінің пластикті жеп қоюына байланысты және пластикпен улану салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр.

Толығырақ...

 

Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.

PDF Баспаға жіберу


лист 2 00125082018110353


 

Қысқы кезеңдегі халықтың қауіпсіздігі.

PDF Баспаға жіберу

Жыл сайын қыс кезеңінде халық тек төменгі температураның әсерінен ғана емес, сондай – ақ қар көшкіні, боран, көктайғақ сияқты табиғи құбылыс әсерінен де жапа шегеді.

Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының құрбаны болмас үшін  қандай да бір климаттық факторлардың туындауы кезіңдегі бірқатар іс әрекеттер ережесін білу қажет.

Дауылдың - алдын алуы – мүмкін болатын қар көшкінінің - алдын алуы жарияланған кезде қозғалысты шектеу қажет.

Қар көшкіні ережеге сәйкес нақты және уақытылы болжанады. Дауылдың ескертілуі уақытылы хабарланбағанға қарамастан әркім көлік жолдарында қар бұрқасынына тап болуы мүмкін. Өз өзіне сену, салғырттық, кауіпсіздік шараларын және қыс жағдайында өзін өзі құтқару шараларын білмеу адам апатына (ажалына) алып келуі мүмкін.

Қыс кезіңде жолға шығар алдында барлығын бүге шігесіне дейін ойлаңыз және жоспарлаңыз. Апаттық жағдайларда әр ұсақ-түйек қажет!

Метеорологиялық бағыттарды тыңдай отырып ауа – райының өзгеруін бақылауға тырысыңыз. Жолға шығар алдында ауа – райы мен оның болжамдарын аңықтап алыңыз. Жақсы ауа – райы жолдағы қауіпсіздіктің кепілі болмайды.

Қыста төтенше жағдайлардан сақтану үшін біріншіден үнемі ауа – райының өзгерісін бақылау, метеорологиялық бағыттарды, Төтенше жағдайлар департаменттің бұқаралық ақпарат құралдарына халықтың қатты аязда, боранда іс әрекеті туралы ақпараты хабарламаларын тыңдау қажет. Егер қажеттілік болмаса елді мекен аумағынан шығуды талап ететін алыс сапарлардан бас таратқан , ал елді мекен тұрғындарына қозғалысты шектеген жөн

Төтенше жағдай болған жағдайда 112 телефонына хабарласыңыз!

ТЖААБ

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL