Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Халық үшін Балалардың қауіпсіздігі Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі

Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі

PDF Баспаға жіберу

Жазғы демалыс басталды, балалар бос уақытының көбін далада өткізеді. Әлем қауіп-қатерге толы, бірақ бұл құрдастары өз уақытын далада көңілді өткізіп жүргенде,  басқа балаларға күні бойы үйде отырып үстел ойындары мен компьютер ойнау керек дегенді білдірмейді. Ойындар, өзенге шомылу, достарымен кездесу мұның барлығы балалардың қозғалысымен байланысты.

Ата-аналардың  өздері жазғы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін нақты меңгеріп, оларды  сақтап және балаларды сол ережелерге үйретулері қажет.

Жазда күннің белсенділігі өте жоғары, сондықтан тікелей күн сәулесінің астында ұзақ уақыт болмау керек, таңертең немесе кешке жүрген абзал. Олай болмаған жағдайда күнге қатты күйіп, күн немесе жылу соққыларын алуы мүмкін. Күннен қорғануға арналған майларды қолданыңыз. Баланың ағзасына жаздың ыстық күндері көп мөлшердегі сұйықтық қажет екенін есте сақтаңыз. Балаларды таза ауыз сумен қамтамасыз етіңіз. Тәтті газдалған сусыннан бас тартыңыз, бұл сусындар адамды одан сайын шөлдетеді.

Балалар үнемі ересектердің бақылауында болуы тиіс және де су түбі тексерілген осы үшін арнайы бөлінген орындарда, құтқарушылар мен медбикелері бар жерлерде шомылуы қажет. Егер осы талаптарды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, онда ең болмағанда су түбі тексерілген, жазық және ағысы баяу жерлерді таңдаңыз.

Орманға демалуға шыққан кезде балаларға таныс емес жидектер мен өсімдіктерді  қолданбауды ескерту керек, себебі уланып қалуы мүмкін. Жаз мезгілінде, әсіресе ыстық күндері тез бұзылатын азық-түлікті пайдалудан аулақ болыңыз. Тамаққа шикі сүт пен жұмыртқаны пайдаланбаңыз, ол улануға алып келуі мүмкін. Тамақ ішер алдында мұқият қолыңызды жуыңыз.

Балаларды демалыста таныс емес жерлерде жалғыз қалдырмауға мүлдем болмайды. Жазда балалар үйде жиі жалғыз қалады, сол себептен оларға электроқұралдарын пайдалану ережелерін, оларды бақылаусыз қалдырмау және су қолмен ұстауға  болмайтынын түсіндіріңіз. Сонымен қатар тоқ розеткасына бөгде заттар салуға және тоқта тұрған сымды жұлып алуға болмайды.

Балаларға балкон және ашық терезе алдындағы жақтауларда отыру қауіпті екенін ескертіңіз. Егер сіздің үйіңізде газ болатын болса, газды қолдану ережесін түсіндіруді ұмытпаңыз.

Астана қаласы ТЖД ТЖАБ


 
Система Orphus