"Жас Отан" жастар қанатының еріктілерімен бірлескен профилактикалық жұмыс

Баспаға жіберу

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жоспарын іске асыру мақсатында Департамент қызметкерлері "Жас Отан" жастар қанатының еріктілерімен  бірлесіп қала мектептерінің оқушылары арасында үгіт-насихат жұмысын ұйымдастырды.

Профилактикалық жұмыс барысында балаларға суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді, қаладағы шомылуға тыйым салынған орындары туралы ақпарат берілді, сондай-ақ оқушыларға суда зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері көрсетілді. Сонымен бірге оқушыларға өрт қауіпті кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері туралы, сондай-ақ табиғатқа шыққан уақытта отты пайдалану кезіндегі ықтимал қауіптері туралы мәліметтер жеткізілді.

Жалпы 1204 оқушы қамтылды, 80 астам көрнекті материалдар таратылды, сонымен қатар мектептердің ақпарат тақталарына аталған тақырыптар бойынша ақпарат  орналастырылды.



Астана қаласы ТЖД ТЖЖБ