«Жас Отан» жастар қанатымен жүргізілген судағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат

Баспаға жіберу

WhatsApp Image 2018-07-18 at 19.19.15(1)

Алматы» ауданы ТЖБ қызметкерлері "Жас Отан" жастар қанаты еріктілерімен бірлесіп суда адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында демалушылар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Профилактикалық жұмыс барысында демалушылар мен балаларға суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары, қаладағы суға шомылуға тыйым салынған орындар, сонымен қатар суда зардап шеккен адамға көрсетілетін алғашқы медициналық көмектер қағидалары көрсетілді.

Сонымен бірге демалушыларға өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік қағидалары туралы, сондай-ақ табиғат аясында отты пайдалану кезіндегі ықтимал қауіптер туралы мәліметтер жеткізілді.

Жалпы 350 демалушы қамтылды, 300-ден астам көрнекті материалдар таратылды, сонымен қатар жағажайлардағы  ақпарат тақталарына аталған тақырыптар бойынша ақпараттар орналастырылды.

 WhatsApp Image 2018-07-18 at 18.12.02(2) WhatsApp Image 2018-07-18 at 18.46.23  

WhatsApp Image 2018-07-18 at 18.12.01

Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ