Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Жедел ахуал Облыс бойынша ТЖ талдауы

Облыс бойынша ТЖ талдауы

Ақпараттық - аналитикалық шолу

PDF Баспаға жіберу

Астана қаласы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға талдау

2016 жылдың 6 айында Астана қаласы аумағында 31 (2015 ж. - 147) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді.


Төтенше жағдайларда 47 (2014 ж. - 303) адам зардап шекті, 32 (2015 ж. - 255) адам госпитализацияланды, ТЖ 15 (2014 ж. - 48)  адам қаза тапты.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу


Астана қаласы «ӨСжАҚЖҚ» ММ, «ОӨАЖҚЖ» ММ, «АМО» ММ  филиалымен Департаменттің жедел қызметтерімен есепті кезеңде 2476 жедел шығу жасалды (2015 ж-1957) 26,5%  артты.

2016 жылдың 6 айында құтқару және жедел жұмыстарды жүргізу барысында:


  • 218 адам құтқарылды (2015-164), 1,3 ретке артты;
  • 757 адам эвакуацияланды (2015 ж-287) 2,6 ретке артты;
  • 52 адамға дәрігерге дейін медициналық көмек көрсетілді (2015 ж-308) 5,9 ретке азайды.


Жедел қызметтердің жұмысының көрсеткіші

2015/2016 жылдардың 6 айында тіркелген төтенше жағдайларға салыстырмалы  талдау:

Тіркелген төтенше жағдайлардың жалпы саны 31 (2015 ж. -147).

Тіркелген төтенше жағдайлардың саны 4,7 есеге азайған.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 24 (2015 ж. - 134) оқиға тіркеліп, өткен  жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге азайған.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны -7 (2015 ж - 13) оқиға тіркеліп, өткен  жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге азайған.

Тіркелген төтенше жағдайлардың топтары бойынша санына салыстырмалы талдау:

ЧС тобы

2015 жылдың

6 айында

2016 жылдың

6 айында

+, -%

Барлығы

147

31

-4,7 р

Техногендік ТЖ

134

24

-5,5 р

Көліктегі оқиғалар

3

1

-2 о

Өндірістік және тұрмыстағы өрттер

79

23

-3,4%

Өмір тіршілігін қамтамасыз ету жүйесіндегі апаттар

3

-

-3 о

Өндірістегі апаттар

49

-

-49 о

Табиғи ТЖ

13

7

-6 о

Қауіпті жұқпалы аурулар

3

1

-2 о

Судағы оқиғалар

10

6

-4

Астана қаласы аумағында  ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 345  өрт оқиғалары тіркеліп, (2015ж.-438) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,2%  пайызға азайды. Өртте 9 адам қаза болды (2015 ж -15), қаза болғандар саны 40% азайған. Өрт оқиғаларынан материалдық шығын 12 млн. 50 мың теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  материалдық шығын (2015 ж. 17 млн. 675 мың теңге), 32%  азайды.

Жалпы өрт оқиғаларының шығу себебі тұрмыстық электр құрылғыларын пайдаланануда, тұрмыстық электр құрылғыларын пайдаланғанда, тұрмыстық газ қондырғаларын пайдаланғанда   өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы, қасақана өрт қоюлар болып табылады.


 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus