Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Жедел ахуал Сейсмикалық белсенділік туралы ақпарат, ауа райы және гидроахуал «Қыс-2013» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар

«Қыс-2013» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар

PDF Баспаға жіберу

Қыс мезгіліне әзірлек шаралары шеңберінде 21-22 қараша күндері ҚР ТЖ министрлігімен «Қысқы кезеңде төтенше жағдайды жою кезінде құтқару және басқа да жедел жұмыстарын жүргізу және дайындау» тақырыбындағы «Қыс-2013» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде. АҚ және ТЖ қызметтердің, ұйымдар, кәсіпорындар мен қаланың тіршілікпен қамтамасыз ету объектілерінен бағытталғандарынан жедел штабының кризистік орталығы  №3 ӨСБ-де құрылды.

Бүгін 21.11.2013 жылы, тағы сағат 9-00-де Астана қаласы ТЖ Департаментінің БКДҚБ жедел кезекшісімен П-160 республикалық құлақтандыру жүйесі бойыша «Дабыл-101» дабылы қабылдынды. Аталмыш дабыл республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулардың басталғанын білдіреді. Дабыл қабылданған соң қаланың кәсіпорындары мен нысандарында орналасқан С-40 деп аталатын 40 электродабыл қалалық құлақтандыру жүйесіне қосылды. Теле-радио арналардың дабылдарын халыққа ақпаратты жеткізу мақсатында ұстап қалу іске асырылды, Астана қаласы басқарма органдары, Департамент және ТЖ жою және алдын-алу қалалық комиссиясының мүшелері құлақтандырылды.

Сағат 8-00-де қалалық Төтенше жағдайлар бойынша комиссияның отырысында қыс мезгілінде адам қазасы мен материалдық шығынды болдырмау іс-шараларын өткізу мақсатында  өнеркісіптер мен мекемелер, АҚ және ТЖ қызмет басшылықтарына мақсаттар қойылды.

Бекітілген жоспарға сәйкес, «Қыс-2013» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары барысында 22 қараша күні тікұшақтың қатыстырылуымен бірқатар практикалық іс-шаралар өткізіледі.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus