Ақапарт 26.02.2018

Баспаға жіберу

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша күндіз 27 ақпанда кей уақытта жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, шығыстан, оңтүстік-шығыстан желдің екпіні 15-18 м/с күтілетінін хабарлайды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында, ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдарының тұрақты және авариясыз жұмысын қамтамасыз ету бойынша, қалалық қызметтер, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, Департаменттер мен басқармалардың басшылары қажетті шаралар қабылдасын. Жағдайдың қыйындауы болған кезде дереу баяндаңыздар.