Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат Жаңалықтар архиві

Жаңалықтар

Суға шомылу кезеңіне қарсы брифинг өткізілді

PDF Баспаға жіберу
21.05.2014 17:50

21 мамарыда Астана қаласы ТЖД Суда құтқару қызметі бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізді. Жаз  белсенді демалыс маусымы: балық, аң аулау, судың жанында табиғат аясында немесе жағажайда демалу. Суға кетумен байланысты қайғылы жағдайлардың басым бөлігі де жазда орын алады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл сайын Астанада 14-25 адам суға кетіп қайтыс болады, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер.

Шомылу кезеңі  1 маусымда басталатынына қарамастан жастар суға түсуге құштар. Олар көп жағдайда шомылатын жерге көңіл аудармайды. Ең бастысы арнайы жабдықталған суға түсу орындарын таңдау керек: жағажайлар, бассейіндер мен құтқарушылар патрульдік жасайтын орындар. Зардап шеккендердің жалпы санының 70-75% 30 жасқа дейінгілер, ал 20-30% балалар мен жасөспірімдер. Суда құтқару қызметінің орынбасары Бастықтың орынбасары.

Толығырақ...

 

«KADEX-2014» көрмесіне елордалық өрт сөндіру техникасы қатысуда

PDF Баспаға жіберу
21.05.2014 00:00

Мамырдың 22-і мен 25-і аралығында Астана қаласында «KADEX-2014» әскери-техникалық мүлік және құралдардың ІІІ Халықаралық көрмесі өтуде. Аталмыш көрме 2010 жылдан бастап екі жылда бір рет ұйымдастырылып келеді. Көрме тақырыбы – әскери-теңіз күштері мен құрлық әскерлерінің құралдары мен әскери техникасы, авиация және авиациялық құралдар, әуеге қарсы қорғаныс құралдары мен жүйесі, арнайы мақсаттағы мүлік пен құралдар жатады. Бұл көрмені ұйымдастыру – мемлекеттің әскери саясатының маңызды бөлігін біріңғай әскери-техникалық саясатты, қарулы күштердің әскери, арнайы техника мен мүлікпен қамтылғанын көрсетуге көмектеседі.

Толығырақ...

 

Елордалық құтқарушылар Еуразиялық экономикалық кеңестің жоғары отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындалуда

PDF Баспаға жіберу
21.05.2014 00:00

Мамырдың 28-29 аралығында Астана қаласында Еуразиялық экономикалық кеңестің Жоғарғы Отырысы өтеді. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес – бұл Ортақ экономикалық кеңістік пен Кедендік одақтың жоғары ұлттық органы болып табылады. Кеңеске мемлекет басшылары мен үкімет басшылары кіреді. Жоғары кеңес жылына бір реттен кем емес мемлекет басшылары деңгейінде жиналады.

Толығырақ...

 

Елордалық құтқарушылардың республикалық маңызды нысандағы оқу-жаттығулары

PDF Баспаға жіберу
21.05.2014 00:00

Мамырдың 20-ы күні Астана қаласы ТЖ департаментінің мамандары «Astana Solar» ЖШС-нің фотоэлектрикалық модульдер зауытында өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді. Аталмыш зауыт республикалық маңызды нысан болғандықтан, бұл оқу-жаттығулар аса маңызды. Соынмен қатар, «Astana Solar» зауыты «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушылардың бірі. Жаттығулар барысына «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің №16 МӨСБ екі техника бірлігі мен «Апаттар медицина орталығы» ММ-нің бір техника бірлігі жұмылдырылды. Көзделген басты мақсат – өрт орын алған жағдайда нысанның қызметкерлері мен өртке қарсы қызмет мамандары арасында өзара әрекеттесуді нақыштау болып табылады.

Толығырақ...

 

Астаналық өрт сөндіру техникасы көрмеге қатысты

PDF Баспаға жіберу
20.05.2014 11:34

20 мамырда Астанада «Отан қорғаушылар » алаңында Қарулы күштерінің қатарына шұғыл әскери қызметін өтеуге шақырылған азаматтарды шығарып салу салтанатты іс-шарасы  және «Астана жастары, әскер-біртұтас» атты әскери-патриоттық акциясы өтті.  Іс-шара аясында дөңгелекті әскери техника, атыс-қару жарақтары, әскери киім үлгілерінің көрмесі өтті.   Тағы да іс-шараға әскерге дейінгі және әскер жасындағы 3000 астам бозбалалар қатысты, әскерге шақырылған жастардың саны-150 адамды құрады.

Толығырақ...

 

Астаналық психологтар ТЖМ бөлімшелерінде әскери қызметін өтеуге келген жастармен сұхбаттасты

PDF Баспаға жіберу
19.05.2014 06:06

Мамырдың 11-14-і аралығында Төтенше жағдайлар министрінің Бұйырығына сәйкес, Астана қаласы ТЖД-нің психолог мамандары Астана қаласының Қорғаныс істері бойынша департаменттің жиналатын пунктінде жұмыс істеді. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне жедел қызметке шақырылған әскерилерді кәсіби-психологиялық және медициналық іріктеуді ТЖ органдарының аумақтық психологтары мен медициналық қызметкерлері жүзеге асырады.

Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушылар спортта үздік нәтижелер көрсетуде

PDF Баспаға жіберу
19.05.2014 00:00

Ақпанның 22-і мен мамырдың 17-і аралығында Астана қаласында  Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойы аталып өткен болатын. Осы ретте, Астана қаласының Әкімдігі мен Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиада шеңберінде 8 спорт түрі бойынша жарыстар өткізген болатын. Спартакиада қорытындылары бойынша, Астана қаласы ТЖД-нің құрамасы төртінші жыл қатарымен ортақ командалық есеп бойынша жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Жарыстардың жеңімпаздары Департамент бастығы генерал-майор М.Қ.Ысқақовтың қолынан жеңіс кубыгын алды. Өз сөзінде генерал-майор, ТЖ органдарында шымыр әрі спорттық дайындығы жоғары мамандар қызмет етуі қажет екендігін тілге тиек етіп, алдағы ҚР ТЖМ Спартакиадасында сәттілік тіледі.

Толығырақ...

 

Астаналық диагностикалық орталықта нысандық жаттығу өтті

PDF Баспаға жіберу
19.05.2014 00:00

Мамырдың 16-ы күні Астана қаласы ТЖД қызметкерлері «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ-да қызметкерлерді үйрету және дайындау мақсатында нысандық жаттығу жүргізді. Оған басшылық құрам мен қызметкерлер төтенше жағдайдың орын алуы мүмкін жағдайындағы әрекеттері нақышталды.

Оқу-жаттығу барысында компьютерлік томография кабинетінде шартты өрт орын алды.  Оқиға орнына кезекші қызметкерлер келіп, өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен өртті сөндіруге кіріскен. Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері кезекші мамандармен бірлесе, РДО-тың қызметкерлері мен науқастарын қауіпсіз жерге көшіруді жүзеге асырды.

Толығырақ...

 

Елорда тұрғындары өрт қауіпті кезеңнің басталғандығы жайында ескертілуде

PDF Баспаға жіберу
16.05.2014 09:23

Мамырдың 16-ы күні Астана қаласы ТЖ департаментінің мамандары саяжай үйлерін аралап, рейдтік іс-шараларды жүзеге асырды. Осындай іс-шаралардың басты мақсаты – тұрғындарды жазғы өрт қауіпті кезеңнің басталғындығы жайында құлағдар ету болып табылады. Сонымен қатар, рейдке республикалық арнаның түсірілім тобы да қатысты.

Жазғы маусымның басталуымен қатар, ауа-райының күрт жылуына байланысты құрғақ шөптердің жануы көптеп орын алады. Табиғи факторлардан бөлек, өрт себептерінің қатарында алауларды өшірмеу, саяжай үйлерінің ауласында қоқыстарды жағу сынды себептер бар. 2014 жылдың басынан Астана қаласының аумағында 345 өрт өқиғасы тіркелген. Олардың 18-і сайжай үйлерінде орын алған болатын. Бұдан бөлек, дала өрттерінің көбейуі артып жатқандығын байқауға болады. Осындай өрттердің басым бөлігі – адамдардың абайсыздығынан немесе немқұрайлықтары салдарынан орын алатыны да белгілі.

Рейд барысында мемлекеттік өрт бақылау инженерлік тобы тұрғындармен өрттің алдын-алу бойынша сұхбат жүргізіп, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратты.

Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушылар судан екі адамды құтқарды

PDF Баспаға жіберу
15.05.2014 13:03

Мамырдың 14-і күні Астана қаласы ТЖ департаментінің Суда құтқару қызметінің мамандары судан екі жігітті құтқарған. Сарыарқа ауданының Самал шағын ауданында 12-25 минутта судан шығарылып, Суда-құтқару қызметіне 1992 жылы туылған жігіт жеткізілді. Сол күні сағат 18-27 минутта Шұбарлы кентінде 1993 жылы туылған азамат судан құтқарылған. Екі жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Табиғат жаздың алғашқы белгілерін көрсете бастағынымен, судың әлі де болса салқын екендігін есте сақтау керек. Салқын суға шомылудың салдары сіңірлердің тартылып, іс-әрекеттің шектелуіне алып келуі мүмкін.

Астана қаласы ТЖ Департаменті ескертеді:

Қымбатты қала тұрғындары!

Суға түсу маусымы жаздың алғашқы күні басталады. Ең бастысы арнайы жабдықталған суға түсу орындарын таңдау: жағажайлар, бассейіндер мен құтқарушылар патрульдік жасайтын орындар. Егер де сіңірлеріңіз тартылып қалса, тез арада жағажайға шығуға тырысыңыз. Егер де қолыңыздың саусақтары тартылып қалса, оларды қатты жұмып, сілкіген сыңайлы ашу керек. Аяқтың тартылуы кезінде, аяқтың бүгілген күйінде табаннан ұстап өзіне қарай қатты тарту қажет.

Суда абай болыңыздар!

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
<< Бірінші < Алдыңғы 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus