Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат Жаңалықтар архиві

Жаңалықтар

АНОНС

PDF Баспаға жіберу
22.05.2019 11:33

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 23 мамырда «MegaSilkWay» СОО-да адамдарды толық эвакуациялау арқылы ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізеді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – тиісті қызметтердің төтенше жағдайлар кезінде атқаратын іс-әрекеттерінің, СОО қызметкерлердің қалалық ТЖ қызметтерімен өзара әрекеттерінің дайындығын тексеру, техникалық жабдықтарды және хабарландыру жүйесін сынақтау, адамдарды ғимараттардан эвакуациялау және көмек көрсету бойынша үйлесімді жұмысты ұйымдастыру болып табылады.

Оқу-жаттығудың басталуы сағат 11.00-де, жиналу 10.50-де Қабанбай батыр даңғылы, 62 мекенжайы орналасқан «MegaSilkWay» СОО Рысқұлов көшесі жағындағы тұрақта.

Аккредитация үшін эл.почта: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

 

ТЖД  Баспасөз қызметі

Байланыс телефондары:

55-96-60

+77015140706 Аягөз Фазылова


 

АНОНС

PDF Баспаға жіберу
21.05.2019 10:31

Ағымдағы жылдың басынан бері құрғақ шөптер мен қамыстардың өртенуіне байланысты 74 рет шығу тіркелді. Жанудың жалпы аумағы 12 765 шаршы метрді құрады.

22 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының «Жасыл белдеуінде» «Орман-дала өрттерін сөндіру» тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізеді. Оқу-жаттығу барысында шартты өрт шынайы түрде сөндіріледі. Гарнизонның жеке құрамы Өрт сөндіру қызметінің жедел әрі сапалы жұмыс атқаруын көрнекі түрде  көрсететін болады. Өрт  МИ-171 тікұшағының көмегімен сөндірілетін болады.

Оқу-жаттығуларға  МИ-171 тікұшағы, 18 бірлік техника мен 63 адам жеке құрамнан  жұмылдырылады.

Өтетін мерзім: 2019 жылдың 22 мамыры

Жиналу орны: Бейбітшілік көшесі, 22. Сағ. 09.30-де

Өткізу орны: Қорғалжын Тас жолы бойымен 4 км (Ильинка кентіне қарай)

Тел. 55-96-60 баспасөз қызметі

8701-514-07-06 Аягөз


 

Назар аударыңыз, аттракцион!

PDF Баспаға жіберу
20.05.2019 14:12

IMG-20190520-WA0000

Ауа райының тұрақты жылуымен үрлемелі батуттар, аттракциондар орнатылған саябақтар мен сауда орталық алаңдары балалардың ең сүйікті демалыс және ойын-сауық орындарына айналады.

Батут аса қауіпті аттракцион болып табылады және оны орнату кезінде де, пайдалану кезеңде де оператор тарапынан тұрақты бақылауды талап етеді. Келушілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға және қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Толығырақ...

 

Қаланың су айдарында рейд өткізілді

PDF Баспаға жіберу
20.05.2019 09:46

IMG-20190518-WA0035

18 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департамент қызметкерлерімен қаланың су аударында арнайы рейдттер жүргізілді. 5 топтан құрылған құтқарушылар Нұра-Есіл каналы, Есіл өзені және «Күйген жар», «Три пескаря» және «Қоянды» демалыс орындарында тексеру жүргізілді.

Сонымен бірге балларды төтенше жағдай қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, қаланың барлық 84 мектептерде шығу сабақтары ұйымдастырылып, онда судағы ережелір сақтау, өрт қауіпсіздігі және жоғары қабаттан құлау туралы жұмыстарын жүргізуде.

Толығырақ...

 

Өрт сөндіруші және құтқарушылар мұражайының сақтаушысы

PDF Баспаға жіберу
17.05.2019 14:17

IMG_9889.JPG 1 фото

Мұражай немесе «мусеон» - грек сөзінен аударғанда «муза ғибадатханасы» дегенді білдіреді. Осы ғибадатханада ежелгі гректер бағалы деп есептейтін барлық заттарды жинайтын. Уақыт өте заттардың көбеюі соншама, ішінде адасып кетуге де болатын. Келушілерге қажетті затты тауып алуға көмектесу үшін мұражайда арнайы адам – сақтаушы пайда болды. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті мұражайының сондай сақтаушы – Камелова Құралай Тұяққызы.

Толығырақ...

 

Елордада жас құтқарушылардың қалалық жарысы өтті

PDF Баспаға жіберу
17.05.2019 14:12

1 место

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ  «Құтқарушы» спорт кешенінің аумағында мектеп оқушылары арасында жас құтқарушылардың қорытынды қалалық жарысы өтті.

Мамыр айының бірінші күнінен бастап Нұр-Сұлтан қаласында Жас құтқарушылар жасағы арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша аудандық іріктеу жарыстары басталған болатын. Балалармен өрт сөндіру-құтқару спортының кейбір түрлерін қамтитын спорттық жарыстар өткізілді. Бүгін ақтық жарысқа  12 команда қатысты.

Толығырақ...

 

Оқу-жаттығулар мен жаттығулар – азаматтық қорғау саласында білімді насихаттаудың маңызды құрылымы

PDF Баспаға жіберу
17.05.2019 14:11

«Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс тобы әскери қызметкерлерімен «Алматы» ауданы аумағында орналасқан мемлекеттік және дербес мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және шаруашылық объектілері өкілдерімен азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығулар мен жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша оқу-әдістемелік жиын өткізілді.

Толығырақ...

 

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
17.05.2019 14:07

Нұр-Сұлтан қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша танертең және күндіз 18 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа-райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын ескертеді:

Қатты жел, найзағай мен бұршақ жауғанда:

- мүмкіндігінше  ауа-райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан,   сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

-пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз; Найзағай мен қатты нөсер жолдың көруіне кедергі болып, найзағай жүргізушіге әсер етіп жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін.

- найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;

-  орын жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағай болуы мүмкін.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 

Ақпарат 17.05.2019

PDF Баспаға жіберу
17.05.2019 09:55

Нұр-Сұлтан қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша танертең және күндіз 18 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтан қ. ТЖД жедел кезекшісі

азаматтық қорғау майоры                                              Ж. Сейтжанов


 

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына бару

PDF Баспаға жіберу
16.05.2019 15:14

IMG-20190515-WA0017

Ағымдағы жылғы 15 мамырда «Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 гимназия» КММ оқушыларының елордалық Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына баруын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында оқушыларға өрт сөндірушілер мен құтқарушылар туралы баяндалды, өрт сөндірушілердің түрлі киім-кешектері мен бейнеролик көрсетілді, оқушылар №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі барып, өрт сөндіру техникаларын көруге мүмкіндік алды.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus