Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат «БАҚ біз туралы»

«БАҚ біз туралы»

«Таңшолпан» бағдарламасының тікелей эфирінде судағы қауіпсіздік туралы

PDF Баспаға жіберу

IMG_20180626_094734

Ағымдағы жылдың 26 маусымында "Қазақстан" телеарнасында "Таңшолпан" таңғы ақпарат-сазды бағдарламасының тікелей эфирінде Астана қаласы ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығыЭльдорРаимбеков, Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Думан Рахым және Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Сәуле Исабек қонақта болды.

Толығырақ...

 

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

PDF Баспаға жіберу

2

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізілген өртке қарсы үгіт-насихаттау жұмыстары өрттің алдын-алуда үлкен рөл атқарады. Ағымдағы жылдың 16 маусымда Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік-инспекторлық құрамы Астана қаласы Жергілікті полициялық қызметімен бірлесе «Хабар» Агенттігі тілшілерін қатыстыра отырып,  автокөліктегі үгіт-насихаттау жұмыстарын жүргізді. 

Толығырақ...

 

Суға шомылу маусымында судағы қауіпсіздік қағидасын сақтау

PDF Баспаға жіберу

главная

Ағымдағы жылдың 13 маусымында демалушылар арасында судағы қауіпсіздік қағидаларын насихаттау және судағы қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында елордалық Төтенше жағдайлар департаменті «Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мен «Апаттар медицинасы орталығымен» бірлесе суда шомылу қауіпсіздігі бойынша Қазақстан телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасына қатысты.

Іс-шара барысында «Орталық өңірлік жедел-құтқару жасағының» құтқарушылары мен «Апаттар медицинасы орталығының» дәрігерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілім көрсетті.

Көрсетілімнен кейін Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Бағлан Аманкелдіұлы Абдрасыл елордалық жағажайларда суға түсу маусымы басталысымен авариялық-құтқару күштері мен құралдары жауынгерлік әзірлікке келтірілетіні, құтқарушылардың тұрақты кезекшілігі ұйымдастырылатыны туралы айтты. Суға жақын орналасқан жағажайлар мен жаппай демалыс орындары үшін бөлінген орындар тиісті түрде жабдықталған.

Толығырақ...

 

Су тасқынымен күресу

PDF Баспаға жіберу

Көктемгі су тасқыны – маусымдық құбылыс, қар еруімен және жаңбыр жауымен болады. Бұл жағдайдың туындауын тоқта алмаймыз, бірақ салдарын азайтуға болады. Астаналық Департаменті су деңгейінің көтерілумен күресу бойынша белсенді жұмыс атқаруда, ал БАҚ бұл іс-әрекеттерін жариялауға көмектеседі.

Толығырақ...

 

Таңшолпан тележобасының студияда

PDF Баспаға жіберу

«Қазақстан» телеарнасы «Таңшолпан» тележобасының студиясында Астана қаласы төтенше жағдайлар Департаментінің «Есіл» ауданы төтенше жағдайлар Басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Есен Әлмұханбетұлы Байыров тікелей эфирде көрермендерге жаңажылдық мекерелер қарсаңында елордалық департаментпен жасалып жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Толығырақ...

 

Пиротехникалық өнімдерді тарату орындарына рейд

PDF Баспаға жіберу

Профилактикалық іс-шаралар   шеңберінде Астана қ. «Есіл» ауданы ТЖБ-ның қызметкерлері пиротехникалық өнімдерді тарату орындарында рейд жүргізді. Халықты кеңінен қамту үшін іс-шараға Еуразия телеарнасының тілшілері шақырылды.

Біздің мамандар БАҚ өкілдеріне осындай іс-шараларды өткізудің қажеттілігі мен жаңажылдық мерекелер кезінде халықты ескертудің маңыздылығы туралы сөз қозғады. Рейд барысында жаппай сауданың ірі және ұсақ орындары, базарлар тексерілді. «Есіл» ауданы ТЖБ-ның қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды сату және сақтау өрт қауіпсіздігінің ережелеріне сай болуын қадағалады. «Есіл» ауданының ТЖБ МӨББ-нің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Е.А. Оразбаев БАҚ өкілдеріне пиротехникалық бұйымдарды пайдалануды көрнекі түрде көрсетіп, баяндап берді.

Кез-келген пиротехникалық өнімде өрт немесе жарақат алу қаупі бар. Сондықтан оларды қолданудағы қауіпсіздік негізінен адамға байланысты болады. Осы ретте, келесілерге тыйым салынады:

- Ақауы бар пиротехникалық бұйымдарды пайдалану: жыртылған, умаждалған, суланған, сыртқы жабыгы немесе білтесінде жарықтар және басқа да бүлінулері бар;

- Отшашуларды қалтада ұстау, отта жағу, оларды бөлшектеу және механикалық әсерге ұшырату;

- Пиротехникалық бұйымдармен мас күйде ойын-сауық өткізу мен олардың қасында темекі шегу;

- Жылытқыш құралдарының қасында сақтау;

- Отшашуларды ағаш бұталарының, электр желілерінің астында және тез жанғыш бұйымдардың қасында пайдалану;

- Білтені жағу кезінде пиротехникалық бұйымға қарай еңкеюге;

- Іске қосылмаған бұйымды қайта жағуға;

- Балалардың отшашуларды ересектерсіз пайдалануы.

            Пиротехникалық өнімдерді пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтаңыздар!


УЧС района Есиль ДЧС г. Астаны

Толығырақ...

 

Профилактическая работа с населением

PDF Баспаға жіберу

Жер үйлерде өрттердің және улы газбен улануының алдын алу шараларының бірі профилактика болып табылады, оның бір бөлігі түтіндікті тазалау.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрғындар арасында түтіндіктерді тазалау бойынша агитациялық жұмыстар жүргізуде.

Профилактикалық жұмысының нәтижесінде, тұрғындар өрттің алдын алу мәселесіне жауапты қарауында, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша әр түрлі шешім мен іс-шаралар қолдануда.

Тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне жауаптылығын арттыру мақсатында тұрғын алабын кезекті аралау кезінде қызметкерлер Жалын көшесі тұрғындарымен түтіндікті тазалау жұмыстар жүргізіп жатқандарының еріксізкуәгері болып қалды.

Толығырақ...

 

Елордалық құтқарушылар «Қауіпсіз мұз» акциясын өткізді

PDF Баспаға жіберу

Балық аулауды ұнататындар үшін тамаша уақыт басталды. Өйткені бұл кезеңде балықтар белсенді түрде қармаққа түсе бастайды. Осылайша өзендер мен көлдерде көптеген балықшылар пайда болады, өкінішке орай, барлық балықшылар қарапайым сақтық шараларын білмей жатады. 

Және бүгінгі күні, Астана қаласы ТЖ департаменті және ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушылары бұқаралық ақпарт құралының өкілдерімен бірлесіп, Қауіпсіз мұз» профилактикалық акциясын өткізді.

Аталған «Қауіпсіз мұз» профилактикалық акциясын өткізу аясында елордалық құтқарушылармен жиі балық аулайтын орындарға рейд ұйымдастырылды, мұз бетіндегі жүріс-тұрыс ережелері бойынша брошюралар мен жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушыларының мұз астына түсіп кеткенді құтқару және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша іс-қимылдарының көрсетілімі болды.

Толығырақ...

 

«Астана радиосының» тікелей эфирінде өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы

PDF Баспаға жіберу

Жылыту кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бұқаралық ақпарат құралдарына жиі шығып, халықтан өрт қауіпсіз ережелерін ұстауды ұсынады.

Осылайша, 2017 жылғы 19 қазанда «Астана радиосы» астаналық радиосының эфирінде жүргізушісінің сұрақтарына Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы азаматтық қорғау майоры Жумекешов Азамат жауап берді.

Толығырақ...

 

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

PDF Баспаға жіберу

Тәжіриебе көрсеткендей, күн суыған кезде автокөліктегі өрт жиілейді. Көлік иелері қозғалтқышты жылыту үшін ашық от, дәнекерлегіш, газ баллондарын және т.б. қолданады. Біліктілігі жоқ автокөлік электриктерінің қызметін өз автокөліктеріне автоматты отталдыру қызметін орналастыру үшін пайдаланады, сондай-ақ көліктің электрлік бөлігіне немқұрайлы қарайды.

Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері автокөлектегі өрт болудан сақтану үшін «Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі» акциясын «Хабар» телеарнасымен бірлесіп өткізді. 
 


Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus