Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат «БАҚ біз туралы»

«БАҚ біз туралы»

Елордалық құтқарушылар «Қауіпсіз мұз» акциясын өткізді

PDF Баспаға жіберу

Балық аулауды ұнататындар үшін тамаша уақыт басталды. Өйткені бұл кезеңде балықтар белсенді түрде қармаққа түсе бастайды. Осылайша өзендер мен көлдерде көптеген балықшылар пайда болады, өкінішке орай, барлық балықшылар қарапайым сақтық шараларын білмей жатады. 

Және бүгінгі күні, Астана қаласы ТЖ департаменті және ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушылары бұқаралық ақпарт құралының өкілдерімен бірлесіп, Қауіпсіз мұз» профилактикалық акциясын өткізді.

Аталған «Қауіпсіз мұз» профилактикалық акциясын өткізу аясында елордалық құтқарушылармен жиі балық аулайтын орындарға рейд ұйымдастырылды, мұз бетіндегі жүріс-тұрыс ережелері бойынша брошюралар мен жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушыларының мұз астына түсіп кеткенді құтқару және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша іс-қимылдарының көрсетілімі болды.

Толығырақ...

 

«Астана радиосының» тікелей эфирінде өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы

PDF Баспаға жіберу

Жылыту кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бұқаралық ақпарат құралдарына жиі шығып, халықтан өрт қауіпсіз ережелерін ұстауды ұсынады.

Осылайша, 2017 жылғы 19 қазанда «Астана радиосы» астаналық радиосының эфирінде жүргізушісінің сұрақтарына Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы азаматтық қорғау майоры Жумекешов Азамат жауап берді.

Толығырақ...

 

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

PDF Баспаға жіберу

Тәжіриебе көрсеткендей, күн суыған кезде автокөліктегі өрт жиілейді. Көлік иелері қозғалтқышты жылыту үшін ашық от, дәнекерлегіш, газ баллондарын және т.б. қолданады. Біліктілігі жоқ автокөлік электриктерінің қызметін өз автокөліктеріне автоматты отталдыру қызметін орналастыру үшін пайдаланады, сондай-ақ көліктің электрлік бөлігіне немқұрайлы қарайды.

Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері автокөлектегі өрт болудан сақтану үшін «Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі» акциясын «Хабар» телеарнасымен бірлесіп өткізді. 
 


Толығырақ...

 

Астана қ. ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары тікелей эфирде сөз сөйледі

PDF Баспаға жіберу

«Астана» телеарнасының «Қайырлы таң, Астана!» тележобасы студиясында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары подполковник Қаһарман Нұртасұлы Оразалин тікелей эфирде көрермендерге елордалық Департаментпен өткізетін жұмыстар жайында айтып берді.

Бұл тележобада төтенше жағдайлардың пайда болуының негізгі себептері, оның соңында қандай зардаптар әкелетінін және азаматтық қорғанысты ұйымдастыру сұрақтары қарастырылды. Қалалық құлақтандыру жүйелерін жаңғырту, «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің жұмысы, сондай-ақ «Баршаның назарына» сигналы бойынша  іс-қимыл тәртібі туралы жадынамалар көрсетілді.

Толығырақ...

 

Өрт сөндіруші болғым келеді!

PDF Баспаға жіберу

«Казахстанская правда» газетімен ұйымдастырылған «Арманыңа сен!» жобасы шеңберінде, елордалық құтқарушылар нағыз батыр – өрт сөндіруші болғысы келетін Никита Перейдің арманын іске асыруды шешті.

Никита – елордалық балалар үйінің тәрбиеленушісі, ол 10 жаста. Ол спортпен айналысып, өз бос уақытын тиімді пайдаланғанды жақсы көреді. Бүгінгі күннің өзінде ол шыныққан шымыр жігіт болуға тырысып бағуда. Бұл қасиеттер оған өз арманын жүзеге асыруға, яғни өрт сөндіруші болуға септігін тигізетіні анық. Өрт сөндіруші мамандығы – мықтылардың, шыныққан әрі ержүректілердің ісі.

Осылайша, ағымдағы жылдың 3 қарашасында елордалық ТЖ департаментінің қызметкерлері Никитаны Астана қаласы өрт сөндіру қызметінің жұмысымен таныстырды. Бірінші кезекте елордалық ТЖД қызметкерлері және «Казахстанская правда» және Kazpravda.kz порталының тілшілері Никитамен бірге Астана қаласы Өрт сөндіру қызметі № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды. Мұнда оларды 2-МӨСБ басшылығы және кезекші қарауылы қарсы алды. Олар Никитамен әңгімелесіп, оған өздерінің осы кәсіпті таңдау жолы жайлы, арманына қалай жеткендерімен бөлісті. Жауыргерлік құрал-жабдықтар, өрт сөндірушілердің киімі, газ-түтіннен қорғау буындарының жұмысы көрсетілді. Одан кейін, «болашақ құтқарушы» өздерін нағыз өрт сөндіруші ретінде жауынгерлік киімді киіп, сынап көрді.

Толығырақ...

 

Тұрғын алаптар мен автокөліктердегі ӨҚ!

PDF Баспаға жіберу

«Төтенше жағдайдың салдарын жоюдан, оның алдын-алу оңай» - осы ақиқатты әрбір өрт сөндіруші жақсы біледі. Сондықтан да еліміздің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында профилактикалық жұмыс басты іс болады. Өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы халықты ескерту мен ақпараттандыру мақсатында Астана қаласы ТЖД-нің «Есіл» ауданы ТЖ Басқармасының қызметкерлері қазанның 27 мен 28 күні профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып, «Есіл» ауданының аумағында орналасқан жанарай құю станциялары мен сауда-ойын-сауық орталықтарында сұхбаттар жүргізіп, өрттер санының ұлғаюына байланысты автокөліктердегі өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы жадынамалар таратты. 2017 жылдың ағымдағы кезеңінде «Есіл» ауданының аумағында 99 өрт болды, олардың ішінде көліктерде 21 өрт тіркелді. ТЖ мамандары жүргізушілерге жаңа өрт сөндіргіштерді, әсіресе көлемі 5 литрден кем емес көмірқышқыл өртсөндіргіштер, себебі олар автокөліктердегі өрттерді сөндіруге бейімделген, және қол жетпейтін жерде өрт шыққан жағдайда оны сөніре алады. Көмірқышқыл өрт сөндіргіш автокөліктің әр түрлі элементтерінде оттың шығумен күресуде оңтайлы шешім болып табылады.  Жану ошағын жою бір мезетте отты сөндіріп, тегістікті салқындататын үлкен күшті ағын көмегінің арқасында іске асады. Автокөлікке арналған көмірқышқыл өрт сөндіргішті пайдаланудан кейін автокөлік бетінде ешқандай іздер қалдырмайды, сондықтан жағымсыз салдарды жоюға уақытыңыз бен қаражатыңыз кетпейтіні жақсы.

Осыдан басқа «Есіл» ауданы ТЖБ-ның қызметкерлерімен әрбір жүргізушіге «Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!» жазуымен салпыншақтар тарату бойынша науқан жүргізілді. Осымен аралау аяқталмай, біздің ержүрек құтқарушылармыз бақша және тұрғын алаптарын аралауға шықты, атап айтқанда:  «Пригородный» ТА, «Заречный» ТА, «Газмашаппаратура» ТА.  Тұрғылықты орыны белгісіз тұлғалардың болуы мүмкін орындарда, жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерді аралап, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын түсіндіріп, жадынамалар таратылды, рейтің жалпы ауқымы 470 адамды құрады.  Аталмыш іс-шарада «Мир» телеарнасы мен «Пожарный и спасатель Казахстана» журналының тілшілері де атсалысты.

Толығырақ...

 

Астаналық ТЖ департаменті жылыту маусымына қатысты брифинг өткізді

PDF Баспаға жіберу

Қазанның 26-сы  Астана қаласы ТЖ департаменті  жылыту маусымына қатысты брифинг өтткізді. Бринг барысында Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары М.С.Қайсанов пен баспасөз қызметінің жетекшісі А.Ж.Фазылова баяндамасын оқыды.  

Астана қаласының аумағында 2017 жылдың 10 айы ішінде 564 өрт оқиғасы тіркелген. Жеке тұрғын секторында 54,4% өрт оқиғасы тіркелген.

Өрттердің салдарынан 9 адам көз жұмып (олардың 3-і балалар)  (2016ж. – 16).   Адамдардың өрттің салдарынан көз жұмуларының негізгі себептерінің қатарында алкологольдік ішімдік, ұйқыда болу, кішкентай балаларды қараусыз қалдыру оқиғалары бар.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Департаментпен Өрт қауіпсіздігі айлығы ұйымдастырылды және ол жылыту маусымының аяқталуына дейін жалғасуда. Оның барысында инженерлік-инспекторлық құраммен негізгі жұмыс – өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша үгіт-насихаттық жұмыстарға бағытталды.

Толығырақ...

 

Астана қаласы ТЖ департаментінде өрт қауіпті кезең және суға шомылу маусымы бойынша брифинг өтті

PDF Баспаға жіберу

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде елордалық ТЖ департаменті Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, жазғы суға шомылу маусымы мен өрт қауіпті кезеңінің өтуі және табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатерін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар тақырыбында брифинг өткізді.

Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушылар журналистерге пресс-тур өткізді.

PDF Баспаға жіберу

16 маусым күні Астана қаласы ТЖД  бұқаралық ақпарат құралдарына астаналық жағажайда  суға шомылу кезеңінде «Қауіпсіз демалу» пресс-турын өткізді.

1 маусым суға шомылу маусымының шартты басталуы болып саналады.  Жаздың ыстық күндерінде жағажайдағы демалушылардың саны 1000 адамға дейін жетеді. Сол себепті судағы қауіпсіз демалыс өзін-өзі ұстау тәртібі және «Суда шомылу ережесін» сақтауына байланысты болады.

Толығырақ...

 

Елордалық әкімдікте қыс мезгіліндегі қауіпсіздік бойынша брифинг өтті

PDF Баспаға жіберу

Бүгін, 16 қараша күні елордалық әкімдікте қыс мезгіліндегі қауіпсіздік бойынша брифинг.

Брифинг барысында спикерлердің бірі Астана қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.О.Дұзақбаев сөз сөйледі. Өз сөзінде азаматтық қорғау полковнигі Барат Оспанұлы қыс мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі туралы ережелерді елорда тұрғындары мен қонақтарының есіне салды. Сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардағы іс-әрекетке дайындығы туралы да айтып кетті.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus