Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат «БАҚ біз туралы»

«БАҚ біз туралы»

Астана тұрғындарына судағы қауіпсіздік жайында айтылды

PDF Баспаға жіберу

28 мамар күні Астана қаласы ТЖД Суда құтқару қызметі бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізді.

Жаз  белсенді демалыс маусымы: балық, аң аулау, судың жанында табиғат аясында немесе жағажайда демалу. Суға кетумен байланысты қайғылы жағдайлардың басым бөлігі де жазда орын алады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл сайын Астанада 14-25 адам суға кетіп қайтыс болады, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер.

Шомылу кезеңі  1 маусымда басталатынына қарамастан жастар суға түсуге құштар. Олар көп жағдайда шомылатын жерге көңіл аудармайды. Ең бастысы арнайы жабдықталған суға түсу орындарын таңдау керек: жағажайлар, бассейіндер мен құтқарушылар патрульдік жасайтын орындар. Зардап шеккендердің жалпы санының 70-75% 30 жасқа дейінгілер, ал 20-30% балалар мен жасөспірімдер.

Толығырақ...

 

ТЖД-нің қызметкері су тасқыны туралы «Астана» радиосының эфирінде сөз сөйледі

PDF Баспаға жіберу

Астана қаласы ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Эльдор Раимбеков «Астана» радиосындағы «Право знать» бағдарламасына астанадағы топан суға қарсы жасалып жатқан іс-әрекеттер тақырыбында тікелей эфирге қатысты.  Ол астанадағы су тасқыны жағдайы, күрделі шығындар мен опат болмағаны туралы айтып өтті. Су тасқыны кезеңінен бастап қаладан 273 901 м3 топан су, оның ішінде соңғы тәулікте 7 820 м3 су сорылғаны,    6 690 м3 инертті материал дайын тұр. Барлығы су тасқына қарсы осы кезеңге дейін 4 411 бірлік техника, соңғы тәулікте  166 бірлік техника жұмылдырылды. Астана қаласының тұрғындарынан және жақын маңдағы аудандардан барлығы 5182 телефон шалу тіркелді, оның ішінде соңғы тәулікте  214 рет телефон шалды.

Толығырақ...

 

Астана қаласы ТЖД бастығы БАҚ өкілдерінің қатысуымен ардагерлерді Жеңістің 70-жылдығымен құттықтады

PDF Баспаға жіберу

Сәуірдің 10-ы күні Астана қаласы ТЖ департаментінде Жеңістің 70- жылдығына орайластырылған «Ардақты ардагерім» акциясы бастау алды.

Астана қаласы ТЖД бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Б.О.Дұзақбаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.К.Бекешев пен Әйелдер кеңесінің төрағасы Г.О.Төлеубаева ҰОС және ТЖ органдарының ардагерлері ішкі қызмет майор И.А.Заиченко, Г.А.Данилов пен Қ.Қ.Қабдуалиевті құттықтады.

Заиченко Иван Афанасьевич Қызыл әскер қатарына 1942 жылдың ақпан айында қабылданған. Иван Афанасьевич «Ұлы Отан соғысы» орденімен және «Сталинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін» мерейтойлық медалдарымен марапатталған.

Қабдуалиев Қасенбай Қабдуалиұлы 1924 жылдың 24 қазанында Ақмола облысының Сталин ауданындағы Өрнек ауылында дүниеге келген. Қызыл әскер қатарына 1941 жылы шақыртылады. Соғыстан соң, Отанға оралмастан Германияда екі жыл қатарымен қызмет етеді. Ол жерде совет басқыншылық әскерлерінің тобында болады. «Жауынгерлік қызметі үшін», «Әскер мен флотқа 30 жыл», «Германияны жеңгені үшін» медалдарымен марапатталған.

Толығырақ...

 

Астаналық ТЖД өкілдері «Хабар» телеарнасының «Біздің үй» бағдарламасына қатысты

PDF Баспаға жіберу

Астаналық ТЖ департаментінің қызметкерлері республикалық телеарналардың көптеген бағдарламаларына жиі қатысады. Бұл жолы «Хабар» телеарнасындағы бағдарламаға қонақ ретінде тыл және ТЖ органдарының ардагері Нұрпейіс Ақпарұлы Ақпаров пен Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру бөлімшесінің бас маманы өртке қарсы қызмет капитаны А.А.Жұмекешев қатысты.

Сәуірдің 7-і күні «Хабар» телеарнасының «Біздің үй» ток-шоуының түсірілімі өтті. Бағдарлама Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналып, «Біздің заманның батырлары» тақырыбында өтті. «Біздің үй» бағдарламасы еліміздің отбасылары жайындағы ток-шоу.

Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушылар «Қазақстан» ұлттық арнасының «Ақсауыт» бағдарламасына қатысты

PDF Баспаға жіберу

Наурыздың 28-і күні Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің қызметкерлері «Қазақстан» телеарнасының «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарламасының түсіріліміне қатысты. Түсірілім барысы күні бойы жүрді. Тілшілер Астаналық төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру қызметінің күнделікті жұмыстарымен толықтай таныса алды. Түсірімнің алғашқы алаңына «Тұмар Мұнай Ресурс» ЖШС мұнайбасазы айналды. Бұл жерде құтқарушылар өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізіп, шартты өртті сөндірген болатын. «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі А.А.Федоров оқу-жаттығулардың барасы жайында айтып, осындай жаттығуларды қаланың сантүрлі нысандарында өткізудің маңызы жайында баяндады. «Әр оқу-жаттығудан соң оларды талдау жүргізіледі, оның барысында біз орын алған қателіктерді қарастырамыз. Оның мақсаты -  шын мәнінде ТЖ немесе өрт орын алған жағдайда бұндай қателіктерді болдырмау», - деп қосты «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары полковник С.Ж.Тұраров.

Толығырақ...

 

Астанада«Көктем-2015»Республикалықкомандалық-штабтық оқу- жаттығулары өтті

PDF Баспаға жіберу

Көктемгі сутасқынына дайындық шеңберінде наурыздың 12-і күні Астана қаласы ТЖ департаментімен республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Көктем-2015» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.

Оқу-жаттығулар Астана қаласының Железнодорожный кентінде өтті. Аталмыш оқу-жаттығулардың Орталық республикалық штабы Маңғыстау облысында орналасқан.

«Көктем - 2015» РКШОЖ дайындалу және өткізу мақсатында, Астана қаласы ТЖ департаментінде аудан әкімдерінің өкілдерімен, Астана қаласы ТЖ және АҚ қызметтерінің басшыларымен ұйымдастырушылық тапсырмалар, дайындық жоспарын талқылау бойынша кеңестер өткізілді.

Толығырақ...

 

«Астана» радиосының тікелей эфирінде Дүниежүзілік азаматтық Қорғаныс күні жайында

PDF Баспаға жіберу

Наурыздың 2-і күні Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы полковник Б.С.Садықов «Астана» радиосының «Право знать» атты бағдарламасының тікелей эфирінде сөз сөйледі. Бағдарлама Дүниежүзілік Ащаматтық қорғаныс күніне орай биылғы жылы «Тұрақты даму тұрғысында Азаматтық қорғау және зілзалалардың қауіп-қатерлерлерін азайту» тақырыбында ұйымдастырылған еді.

Толығырақ...

 

Алдын-алу маңыздырақ: автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі жайында әр жүргізуші білуі тиіс

PDF Баспаға жіберу

Астана қаласы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын-алу басқармасының қызметкерлері  республикалық БАҚ өкілдерінің қатысумен автокөліктерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын-алу іс-шаралары жүргізілді.

Жүргізілген іс-шаралар барысында техникалық бақылау пунктерінің мамандарымен нұсқаулықтар жүргізілді, көлік жүргізушілеріне алғашқы сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіш) қолданудың егжей-тегжейі көрсетілді.  Жүргізушілерге өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы жадынамалар таратылып, көліктерді пайдалану барысында қажетті қауіпсіздік шараларын қолдану туралы айтылды.

Толығырақ...

 

Төтенше жағдайсыз қыс: астаналық Департамнттің қызметкері «Таңшолпан» бағдарламасының тікелей эфирінде

PDF Баспаға жіберу

Қаңтардың 26-ы күні Астана қаласы ТЖД ӨҚ СБ және ПҚ басқармасының аға инспекторы өртке қарсы қызмет аға лейтенанты М.Мадыбеков «Қазақстан» телеарнасы «Таңшолпан» таңғы бағдарламасының тікелей эфирінде сөз сөйледі.

Сұқбат барысында Мұрат Мадыбеков телекөрерменлерге қыс мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі жайында баяндады. Маман өз сөзінде, жылыту пештерін қолдану кезінде олардың жарамдығына назар салу қажеттігі жайында, пештерді уақытылы тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыру жайында  айтты. Әңгіме барысында дауылды ескертулердің мәселесіне  ерекше назар аударылды. «Алыс жолға шығар алдында қалааралық тас жолдардың жағдайы мен ауа-райының қолайлығы жайында ақпаратқа құлақ түру қажет. Далаға шығар алдынды үсік шалуды болдырмау үшін жылы киініп шығыңыздар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, алкогольдік ішімдіктерге әуес болмаңыздар», - деп атап өтті Департамент қызметкері. Сондай-ақ, ол көктайғақ кезінде қауіпсіздік шаралары жайында айтты.

Толығырақ...

 

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы тұрғындардың сұрақтарына радионың тікелей эфирінде жауап берді

PDF Баспаға жіберу

Қаңтардың 20-ы күні «Астана» радиосының тікелей эфирінде өтетін «Мен қазақпын» бағдарламасында Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақыла бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Ж.А.Ақтаев қала тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Бұдан бөлек, Жасұлан Ақтайұлы Астана қаласының амағында орын алған өрттердің статистикалық мәліметтеріне тоқталып, әр азаматтың білуі қажет ережелерді де тілге тиек етті.

Астаналықтар көбінесе өрт қауіпсіздігі ережелері жайында, өрт орын алған жағдайда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жұмыстар төңірегінде сауалдарын жолдаған еді. Сондай-ақ, радио тыңдармандарының бірі, қаңтардың 9-ы күні көпқабатты үйлердің бірінде орын алған өрттің барысында баланы құтқарып қалған Департаменттің өрт сөндірушілеріне алғысын жолдады. Бұл тыңдарман аталмыш оқиғаның куәгері болғандығын айтып, өрт сөндірушілердің жеделдіктері мен жоғары біліктіліктерін айта кетті. Өте қызықты өткен эфир, тұрғындардың қызығушылықтары мен Департаменттің оң имиджін көрсетті.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus