Астаналық құтқарушылар Шоқыну шомылуларында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Баспаға жіберу

16 қаңтар күні христиандық крещение Господня мерекесі қарсаңында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Суда-құтқару қызметі брифинг ұйымдастырды. Жыл санап аталмыш мереке күні суға түсу артып келетінін айтады. Сәйкесінше, биылғы жылы да бұл көрсеткіш артуы мүмкін деген жорамал бар. Суда құтқару қызметінің мамандары, журналистер қауымына судағы қауіпсіздік шаралары жайында айтып, барлық ойықтардың жанында құтқарушылар қызмет ететіндіктерін жеткізді.

Аласталған шоқынған суға түсу – экстрималды қадам десек болады. Сол себепті де Суда-құтқару қызметі қасиетті суға түсу  келесі топтарға қауіпті:

  • балаларға;
  • бұл істе тәжірибесі жоқ адамдарға;
  • егде жасты адамдарға;
  • денсаулығы төмен адамдарға;
  • ішімдік ішкен адамдарға.

Тек белгіленген, арнайы құрылғылармен қамтамасыз етілген, көмек қажет болғанда қол ұшын беретін арнайы мамандары бар жерлерде ғана суға түсіңіздер. Бұл мақсатты қала Әкімдігімен арнайы су ойықтары жасалған (қосымша ағаш немесе темір торлармен жабдықталған ойықтар, адамның су астына кетпеуін қамтамасыз етеді).




Астана қаласының ТЖ Департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы