Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат «БАҚ біз туралы» Астаналық ТЖД республикалық БАҚ өкілдерімен алдын-алу жұмыстарын жүргізуде

Астаналық ТЖД республикалық БАҚ өкілдерімен алдын-алу жұмыстарын жүргізуде

PDF Баспаға жіберу

Қаңтардың 15-і күні Астана қаласы ТЖД-нің қызметкерлері республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен жеке тұрғын секторында рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Департамент бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет подполковнигі Б.О.Дұзақбаев, қала тұрғындарымен ұйымдастырылатын осындай іс-шаралардың маңыздылығы жайында айтып, жеке тұрғын секторындағы пештерді қолдану бойынша өрт қауіпсіздік ережелерін де тілге тиек етті.

Рейд барысында қызметкерлер пештердің дұрыс қолданбауы бойынша бірнеше ережелердің сақталмау фактілерін анықтады. Бұл олқылықтардың мысалында, Департамент мамандары пештерді қолдану барысындағы жиі кездесетін қателіктер жайында айтып берді. Сонымен қатар, қала тұрғындарына жылыту маусымы барысында ұстанатын өрт қауіпсіздігінің ережелері жайында баяндап, өрт орын алған кезде «101» қызметіне жылдам хабарласу қажеттігін де ескертті. Түсіндіру жұмыстары барысында,   Департаменттің мамандары улы газбен уланудың ерекше қауіптілігі жайында ескертті. Айта кетейік, жыл басынан қала аумағында аталмыш себептің салдарынан 3 адам қаза болған.

Сондықтан пешпен жылыту кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске саламыз:

- жылыту маусымы басталар алдында пешті тексеру, жөндеу және күйеден тазалау қажет;

- пешті тұтандыру үшін бензин, керосин, дизжанармай және басқа жеңіл жанатын жанармай сұйықтықтарын пайдалануға болмайды;

- жанып жатқан пешті байқаусыз қалдыруға, ал пешті байқауды кішкентай балаларға тапсыруға болмайды;

- ағаштар мен көмірді металлдан жасалған от жағу төсемесінде сақтау аса маңызды болып табылады;

- пешті қатты қыздыруға болмайды.




Астана қаласы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus