Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат «БАҚ біз туралы» Елордалық өрт сөндірушілер «Абу-Даби Плаза» көп функционалды кешенінде оқу-жаттығу өткізді

Елордалық өрт сөндірушілер «Абу-Даби Плаза» көп функционалды кешенінде оқу-жаттығу өткізді

PDF Баспаға жіберу

IMG_0642

Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ «Абу-Даби Плаза» көп функционалды кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

«Абу-Даби Плаза» - қабаттар саны әртүрлі бірнеше ғимараттан тұратын көп функционалды кешен. Кешеннің құрылысы 2010 жылдың қараша айында басталған. Құрылыс біткеннен кейін «Абу-Даби Плаза» Қазақстанда және Орта Азияда ең биік ғимарат болады. Ғимараттың биіктігі - 382 метр, ал қабаттар саны - 77. Аталған кешен Орта Азиядағы ең биік ғимарат, ал биіктігі жағынан әлемде 14-ші кешен болмақ. Аумақтың жалпы көлемі 500 шаршы метрді құрайды.

Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес дәнекерлеу жұмысын жүргізу барысында 33-қабаттағы құрылыс материалдарының жануы орын алып, өрт жоғары қабатқа жайылған.

Қызмет көрсету персоналы өртті байқап, өртке қарсы қызметке хабарлайды, ғимараттан адамдарды эвакуациялауға және де бір мезетте өртті өрт сөндірудің алғашқы құралдары арқылы өртті сөндіруге кіріседі.

Оқиға орнына  жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері және жедел ден қою  қызметтері (АМО, ОӨАЖҚЖ, ІІД, 103, АЭҮК) жіберілді. Оқиға орнына жедел түрде келіп жеткен Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері әскери өрістету, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын бастайды. Газ түтіннен қорғау қызметі топ құрамында барлауды, құтқару үшін зардап шегушілерді іздестіруді және адамдарды эвакуациялау жұмыстарын тоқтатпастан жалғастырды. Өрт ауыздықталды, өрттің таралу қаупі жоқ. Жану аумағы 100 шаршы метрді құрады.

Оқу-жаттығуға барлығы жеке құрамнан 30 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – адамдарды қауіпсіз жерлерге көшірудің әдіс-тәсілдерін қолдану, пысықтау және адамдар көп жиналатын ғимараттардақұтқару жұмыстарын жүргізу.

IMG_0651 IMG_0654 IMG_0669 IMG_0672  IMG_0695 IMG_0702 IMG_0699 IMG_0688


Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus